«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет26/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Емдәмдік мәзірлер

1а, №1б, №1 емдәмдер. Асқазан жара ауруларының әртүрлі сатыларында, гастриттің асқынуында тағайындауға болады. Тағайындау мақсаты- асқазан жолдарын химиялық, механикалық, термиялық тітіркендіргіштерден сақтау. Тамақтану тәртібі : әрбір 2-3 сағат сайын аз мөлшерде тамақтану.


2 емдәм. Шайнау аппаратының қызметі бұзылғанда, созылмалы гастритте, созылмалы энтероколиттің асқынбаған кезінде тағайындауға болады. Операциядан және жедел жұқпалы аурулардан кейін тағайындалады. Тағайындау мақсаты – асқазан мен ішектердің қызметін қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет.
3 емдәм. Іш қату кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: ішектің қалыпты босатылып отыруын және перистальтикасын күшейту. Тағам өсімдік талшықтарына бай болуы қажет, сұйықтықты көбірек ішу керек. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет, ал түнде жатарда бір стақан айран, қара өрік, қызылша жеу керек.
4 емдәм. Ішекке операция жасағаннан кейін, жедел және созылмалы энтероколитте және гастроэнтероколитте тағайындалады.Тағайындау мақсаты: ішектерді химиялық және механикалық аялау; ішектің перистальтикасын және ондағы ашу үрдістерін күшейтетін тағамдарды бермеу. Өсімдік талшықтарын және сүтті шектеу. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет, шектеулі мөлшерде. Сұйық ішу тәулігіне 1,5 л.
5 емдәм. Бауыр және өт шығару жолдарының созылмалы ауруларының өршімеген кезеңінде (холецистит, гепатит, бауыр циррозы) және асқазан ішек жолының аурулары болмаған жағдайда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: бауыр қызметінің бұзылысын қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: 2-2,5 сағат сайын тағам қабылдау және күніне жылы күйінде 2,5 л дейін сұйықтық ішу.
6 емдәм. Подаграда және зәрқышқылды диатезде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: пуриндік алмасуды қалпына келтірку және зәр қышқылының түзілуін азацту. Пуриндік негізге бай тағамдарды шектеу, сілтілі радикалды сақтайтын (көкөністі, жемісті, сүтті) тағамдарды тағайындау. Тамақтану тәртібі: күніне 5 рет, күніне 2,5л сілтілі сұйықтықты көп мөлшерде ішу.
7а, №7б, №7 емдәм. Бүйрек ауруларында, жедел нефритте, бүйрек қызметі сақталған жедел гломерулонефритте және бүйрек жеткіліксіздігінде, гипертониялық ауруларда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: бүйректі аялауға мейлінше жағдай жасау. Тұзды шектеу арқылы көтерілген қан қысымына және ісіктерге әсер ету. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет.
8 емдәм. Семіздік кезінде, арнайы тамақтануды қажет ететін қосымша асқорыту мүшелерінің, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары болмағанда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: майдың көп мөлшерде жиналуын болдырмау және жою мақсатында зат алмасуға әсер ету. Көмірсулар мен майлардың есебінен тағамның құндылығын шектеу. Тамақтану тәртібі: жиі-жиі аз құнарлы тағам қабылдау. Аптасына 1-2 рет ашығу күндері тағайындалады.
9 емдәм. Қант диабетінде, қосымша аурулары болмаған жағдайда. Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуының жақсаруына жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет.
10, №10а емдәм. Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, қан айналым жеткіліксіздігі болуына (№10) және болмауына (№10а) байланысты тағайындалады. Тағайындау мақсаты: емдәмге калийге бай тағамдарды енгізу, ас тұзын шектеу арқылы қан айналым жүйесін жақсартуға, ісіктерді азайтуға жағдай жасау. Тамқатану тәртібі: аз мөлшерде күніне 6 рет тағам қабылдау.
11 емдәм. Өкпе туберкулезі, арықтау кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: тағамның құнарлығын арттыру арқылы ағзаның қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылату, витаминдік тепе-теңдікті қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет тағам қабылдау.
12 емдәм. Жүйке жүйесінің аурулары кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: жүйке жүйесін қоздырмау, ащы тағамдарды және дәмдеушілерді (приправа), кофені, шайды шектеу қажет.
13 емдәм. Жұқпалы ауруларда және баспаның жедел сатысында және т.б. тағайындалады. Тағайындау мақсаты: қызба кезеңінде ағзаның қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылатуға жағдай жасау. Аз мөлшерде күніне 6 рет тағам қабылдау.
14 емдәм. Зәрдің құрамында фосфор көбейіп оның реакциясы сілтілі болса фосфорлы – калий тұзының тұнбалары болған жағдайда пайдаланады. Мақсаты: зәрдің қышқылды реакциясын қалпына келтіру. Тұнбалардың пайда болуына жол бермеу. Тамақтану тәртібі: тәулігіне 4 – 5 рет тағайындалады.
15 емдәм. Барлық ауруларда, асқорыту жүйесінің қалыпты жағдайында. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет тағам қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет