Көмірсулар-тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50-60пайызын қамтамасыз етеді.Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасуы үшін қажет.Көмірсулар негізі өсімдік тағамдарында болады.Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мөлшерде бөледі. Бұрын «бласты заттар» деп аталған осы полисахаридтер тағамдық талшықтардың негізгі құрамы болып табылады және көптеген ауруларда маңызды болып табылады. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 18-30 жастағы ерлер мен әйелдерде 360және300г, немесе 1 кг қалыпты дене салмағына 5г. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80 пайызына жуығы крахмалдың (дәнді тағамдар, бұршақ, картоп) 15 пайызы – жеңіл қорытылатын жай көмірсулардың, оның ішінде қант және құрамында қанты бар тағамдардың, 5 пайызы – тағамдық талшықтардың (жеміс-жидектер,дәндер) үлесіне жатады.
Су – тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу үрдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттарының шығарылуын, жылу реттеуді және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2\3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10 пайызынан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Суға қажеттілік тамақтану сипатына және еңбегіне, климатқа, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 литр. Адам 1-1,5 л суды сұйықтық (сорпа, шай,компот) арқылы, 1-1,5 л – тағам өнімдерінен алады, 0,3-0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.
Минералдызаттар- (натрий, калий, кальций, фосфор, темір, магний) – ағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Кальций мен фосфор сүйек, жүйке және бұлшық ет тіндерінің маңызды құраушылары болып табылады. Натрий әртүрлі мүшелерге қозудың жүйке арқылы өткізілуінде елеулі роль атқарады, ағзада суды іркілтеді, қан тамыр қабырғасының жеткілікті тонусын қамтамасыз етеді. Калий бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің қозу, жиырылу және босаңсу үрдісіне қатысады.
Дәрумендер-тағамдық мәзірдің міндетті түрде болуы қажет және алмастырылмайтын құраушы бөлігі болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гипо-немесе авитаминозға әкелуі ықтимал.