«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет23/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Науқасты тамақтандыру
Дені сау адамның тамақтану тәртібі
Емдеу алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру
Емдәмдік мәзір туралы түсінік

Тамақтану ағзаның физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Адам ағзасына қажетті заттарды тағам арқылы алады, олар ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер және сулар. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді.Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан 4 ккал, 1 гр майдан-9 ккал, 1гр көмірсудан – 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек 100-120 г, өсімдік-40 гр, жануар майы -85-90 гр, өсімдік -10-15 гр, көмірсулар-400-500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тағам салмағы 3 кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Орта есеппен алғанда ересек адамдарда энергияның физиологиялық қажеттілігі Ресейде 2500 ккал (1996, 1998),


Европаның көптеген мемлекеттерінде және АҚШ-та -2200-2500 ккал деп анықталған Төсек тартып жатқан науқастарда энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Белоктар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін
«құрлыстық» заттар болып табылады.
Ақуыздар-тірі клеткалардың негізі, олар ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны микробтар мен вирустар қорғайды. Ақуыздар жануар тағамдарының (сүт, ет, балық) және өсімдіктердің (нан, жарма, бұршақ) құрамында кездеседі. Ресейде физикалық жұмыспен және спортпен шұғылданбайтын 18-29 жастағы дені сау адамның 1 кг дене салмағына тәулігіне орта есеппен 1,0 г ақуыз қажет. Европада және АҚШ-та ақуызға қажеттілік төмендеу, 1 кг дене салмағына-0,75-0,85 г ақуыз, жануар ақуызы жалпы ақуыз мөлшерінің 50 пайызын құрайды (Ресейде-55 пайыз).
Майлар-ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Клеткалық мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы.майлар арқылы ағзаға А,Д,Е дәрумендері, ауыстырылмайтын май қышқылдары, лецитин сияқты тіршілігіне қажетті заттар түсіп отырады.Майлар кейбір минералды заттар мен майда еритін дәрумендердің ішек арқылы сіңірілуін қамтамасыз етеді.Майлы тіндер-энергиялық заттардың белсенді қоры. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдерде тамақтануға жануар майлары көп мөлшерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет