«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет22/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
Көз күтімі. Көзден аққан іріңді алу үшін науқастың көздерін резеңке баллоннан немесе дәке тампонымен бор қышқылының 3%ерітіндісімен және риванол ерітіндісімен немесе риванолдың әлсіз ерітіндісімен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуады. Аққан сұйықтықты жинау үшін шағын леген қолданылады, оны науқас иегінің астына ұстап тұрады. Көздердің қабыну ауруларында дәрі тамызылады немесе көз майлары жағылады. Сол қолмен төменгі қабақты жайлап тартып тұрып, науқасқа жоғары қарауын өтінеді де пипеткамен алдымен бір тамшы содан кейін екінші тамшыны көздің танауға жақын түбіне құяды.Қабақтары жабысқанда аққан тамшылардың артығын домаланған мақтамен сорғызып алады. Пипетканы шаяды да көз тамызғышқа салып қояды. Көз майын қабақтың ішіне шыны таяқшамен жағады. Таяқшаның ұшымен майды алады да астыңғы қабақты төмен тартып тұрып, оны төменгі өтпелі сызыққа тигізеді. Таяқшаны абайлап шекеге қарай көлденең ұстап алып шығады.
Құлақ күтімі. Құлық қатып қалмас үшін науқастың құлақтарын аптасына 2-3 рет тазалайды. Құлық кесек немесе ұнтақ түрінде болады. Олар есту жолында жиналып, оны бітеп қалуы мүмкін, сөйтіп естуді нашарлатуы ықтимал. Мұндай кезде есту жолдарын жуады. Сыйымдылығы 100-200 мл Жане шприціне 36-37С температурадағы суды толтырады. Науқасты жарық құлаққа түсетіндей етіп, өзінің алдына қырымен отырғызады. Науқастың қолына шағын астаушаны құлақ жарғағының астына келтіре мойнына тіреп ұстатқызады. Сол қолмен құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартып тұрып, шприцтің ұшын сыртқы есту жолына кіргізеді. Сұйықтықты есту жолының жоғарғы артқы қабырғасымен соққылап айдайды. Жуып болғаннан кейін есту жолын мақтамен құрғатады. Егер құлық алынбаса, оны сода-глицеринді тамшылармен жібітеді. Жылытылған 7-8 тамшыдан 2-3күн бойы күніне 2-3 рет құяды. Тамшыларды құйғаннан кейін біраз уақыт естудің нашарлауы мүмкін екендігі туралы науқасты ескертеді. Құлаққа тамшыларды пипеткамен тамызады. Науқастың басын сау жағына қарай қисайтады. Құлақтың сырғалығын сол қолмен тартып тұрып, оң қолдағы пипеткамен есту жолына тамшыларды құяды. Сұйықтық құлақтан ағып кетпес үшін науқас осы қалпында 15-20 минут отырады. Содан кейін құлақты стерильді домалақтанған мақтамен сүртеді.
Мұрын күтімі. Егер науқас өздігінен мұрын жолдарын тазалай алмаса, мейірбике қатқан қабықты алып тастауға тиіс. Бұл үшін науқастың басын шалқайтып, металл зондқа вазелин майына батырылған мақтаны орайды да оны мұрын қуысына кіргізеді, содан кейін айналдыра сүртіп, қатқан қабықтарды алып тастайды. Қабыршақтарды құрғақ мақтамен алуға болмайды, өйткені қанатып алуы мүмкін.
Шаш күтімі. Шаш күтімі кезінде науқастардың шаштарында қайызғақ болмауын қадағалаған жөн.Бұл үшін аптасына бір рет шампуньмен және иіс сабынмен басты жуу керек. Ауыр науқастардың басын төсекте жатқан жерінде жуады. Бұл үшін табақты төсектің бас жағына қойып, науқастың басын оның үстіне шалқайтады.Сабындаған кезде (сабынды көбікпен) бастың терісін жақсылап үйкелеген жөн,содан кейін шашты шаяды, құрғатып сүртеді және тарайды. Басты жуғаннан кейін салқын тимес үшін орамалмен немесе байлауышпен байлайды. Шашты күнделікті тарап отыру керек.
Бұл үшін жеке-дара кішкентай жиі тісті тарақ қолданылады. Сірке суы ерітіндісіне салынған кішкентай жиі тарақ қайызғақ пен кірді жақсы алады. Кішкентай жиі тарақты таза ұстап, спиртпен сүртіп отырған жөн.Тарақтар мен кішкентай жиі тарақтар дербес болуы қажет. Науқастарды жуындырғаннан кейін кіші медқызметкер олардың аяқ-қолдарының тырнақтарын алады немесе алуға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет