«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет25/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Емдік тамақтану

Ішкі ағза ауруларының негізгі кешендік емі болып табылады. Онда тамақтану тәртібін сақтау да кіреді, сау адам күніне 4 рет тамақтанады.


Мейірбикенің міндеті науқастарға жалпы күтім жасап, емдік тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.
Емдік тамақтануды немесе диетотерапияны емдік және алдын-алу мақсатында жедел және созылмалы ауруларда арнайы тағамдық рацион құру үшін қолданады. Емдік тамақтанудың негізгі қағидаларының бірі: тағамдық рационның тепе-теңдігі. Емдәм тағайындағанда аурудың сипаты, ағза мүшелеріндегі бұзылулар дәрежесі ескеріледі. Соған байланысты тағамдық рационға сәйкес өзгерістер енгізіледі, белгілі бір өнімдер шектеледі, алып тасталынады, тамақ дайындау тәсілі өзгертіледі. Кейде, қысқа уақытқа
физиологиялық толық емес емдәм немесе ашығу тағайындалады. Кейбір ауруларды емдеуде тамақтану тәртібінде өзгерістер болады (тағам қабылдау жиілігі және ұзақтығы) және тағамдарды кулинарлық өңдеу сипаты да өзгереді (бөлшектеу, жылы өңдеулер, буда және суда қайнату және т.б.).
Тағам құрамының сапалық өзгерістері – қиын қорытылатын,дөрекі тамақтарды бермеу, тағамның жалпы мөлшерін азайту және арнайы кулинарлық өңдеу (майдалау, үккілеу) - асқорыту жолын механикалық аялауды қамтамасыз етеді.Химиялық аялау – бұл ащы ет, балық, көкөніс сорпалары, қуырылған ет тағамдары, қою тұздықтар, дәмдеуіштер сияқты ас қорыту сөлдерінің бөлінуін күшейтетін тағамдық заттарды бермеу. Сонымен қатар тағам өте ыстық болмауы керек, асқазанның жылуына сәйкес 36-37С болуы қажет. Ауруханалық мекемелерде төрт реттік, ал кейбір аурулар тобына 5-6 және 8 реттік тамақтану ұйымдастырылады. Күндізгі уақыттағы тағам қабылдаудың арасындағы үзіліс 4 сағаттан көп болмау керек.
Емдәмдік мәзірдің арнайы 30 дан аса қатары бар. Соның 15 неғұрлым жиі қолданылады. Номерлік жүйедегі емдәмдер Ресейдің, ТМД және Қазақстанның ауруханаларында тамақтануды ұйымдастыруда қолайлы. Қазіргі кездегі диетологияда бұл жүйе ескірген болып саналады, өйткені ол негізінде науқастың жеке ерекшеліктеріне емес бір аурудың жалпы сипатына бағытталған, бір науқаста бір емес бірнеше аурулар болуы мүмкіндігі ескерілмеген. Кебір мемлекеттерде, мысалы Германияның ауруханаларында, арнайы емдәм жоқ, тек бір базалық емдәм қолданылады, оны емдеуші дәрігер мен диетолог әрбір науқасқа арнайы өзгертіп отырады.
Барлық емдәмдер физиологиялық толық құрамды, үйлестірілген, яғни ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар мен дәрумендер жеткілікті мөлшерде болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет