«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет55/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97
Пункция жасау тәсілі


Пункция – бұл қуысты, мүшені немесе тінді қуыс инемен немесе троакармен тесу тәсілі.
Абдоминальді пункция (парацентез) – іш қуысындағы сұйықтықты алу үшін оны тесу тәсілі.
Мақсаты: асцит кезінде іш қуысында жиналған артық сұйықтықты алу, оны зертзханалық зерттеу (бұл іс-шараны дәрігер жүргізеді, мейірбике көмектеседі).
Жабдығы: залалсыз троакар, залалсыз скальпель, қолғаптар, шприц, залалсыз хирургиялық ине мен тігетін жіптер, йодтың 5% спирт ерітіндісі, 70% спирт ерітіндісі, залалсыз пробиркалар, залалсыз орағыштар, асциттік сұйықтықты жинайтын ыдыс.
Іс-әрекеттің жүргізілу реті:

  • Науқасқа орындықтың арқасына толық сүйеніп отырады

  • Науқастың аяғын клеенкамен жабады

  • Оның алдына асциттік сұйықтықты жинайтын ыдысты қояды

  • Мейірбике қолдарын өңдеп, залалсыздандырылған маска, халат, қолғап киеді.

  • Жергілікті жансыздандыру үшін дәрігерге 0,25% новокаин ерітіндісі бар шприцті береді, іштің алдынғы қабырғасын тесу үшін троакар мен скальпельді дәрігерге ұсынады.

  • Науқастың ішінің төменгі жағына залалсызданған матаны байлап, коллапсты болдырмау үшін сұйықтықты шығарған сайын оның шеттерін мейірбике науқастың артында тұрып өзіне қарай тартады.

  • Асциттік сұйықтықты анализге алу үшін залалсыздандырылған пробиркаларды дәрігерге ұсынады.

  • Хирургиялық ине мен жіптерді дәрігерге береді.

  • Асептикалық таңу жасайды.

  • Науқастың тамыр соғуын және артериялық қысымын анықтап, бақылайды.

Плевральді пункция (торакоцентез) – бұл плевра қуысын ішіндегі сұйықтықты шығару үшін тесу тәсілі.
Мақсаты: диагнозды айқындау мақсатында плевра қуысында жиналып қалған сұйықтықты шығару, оның сипатын анықтау (қабынулық немесе қабынулық емес), сондай-ақ плевра қуысына дәрі енгізу (дәрігер орындайды).
Жабдығы: сыйымдылығы 20мл шприц, Дюфо инесі, канюлясы бар резеңке түтік, Мор қысқышы, залалсыз лоток, элекроотсос, йодтың 5% ерітіндісі, спирттің 70% ерітіндісі, залалсыз таңу, залалсыз пробирка, новокаиннің 0,25 % ерітіндісі, жастық, клеенка, орындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет