Жергілікті жансыздандыру үшін дәрігерге 0,25% новокаин ерітіндісі бар шприцті береді, іштің алдынғы қабырғасын тесу үшін троакар мен скальпельді дәрігерге ұсынады.
Науқастың ішінің төменгі жағына залалсызданған матаны байлап, коллапсты болдырмау үшін сұйықтықты шығарған сайын оның шеттерін мейірбике науқастың артында тұрып өзіне қарай тартады.
Асциттік сұйықтықты анализге алу үшін залалсыздандырылған пробиркаларды дәрігерге ұсынады.
Хирургиялық ине мен жіптерді дәрігерге береді.
Асептикалық таңу жасайды.
Науқастың тамыр соғуын және артериялық қысымын анықтап, бақылайды.
Плевральді пункция (торакоцентез) –бұл плевра қуысын ішіндегі сұйықтықты шығару үшін тесу тәсілі.
Мақсаты: диагнозды айқындау мақсатында плевра қуысында жиналып қалған сұйықтықты шығару, оның сипатын анықтау (қабынулық немесе қабынулық емес), сондай-ақ плевра қуысына дәрі енгізу (дәрігер орындайды).
Жабдығы: сыйымдылығы 20мл шприц, Дюфо инесі, канюлясы бар резеңке түтік, Мор қысқышы, залалсыз лоток, элекроотсос, йодтың 5% ерітіндісі, спирттің 70% ерітіндісі, залалсыз таңу, залалсыз пробирка, новокаиннің 0,25 % ерітіндісі, жастық, клеенка, орындық.