«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет75/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Су балансын бақылау
Мақсаты: тәулік бойы бөлінген зәр мен қабылданған сұйықтық көлемін салыстыру, диуретикалық емнің сәйкестігін бағалау.
Жабдығы: 2-3 литрлік таза құрғақ банка, өлшеуге арналған екі ыдыс.

  1. Мейірбике науқасқа зәрін жинау тәртібін алдын-ала ескертеді.

  2. Науқасты таңертең сағат алтыда оятады, науқас қуығын босатады (өзі немесе катетер арқылы), бұл алғашқысы есепке алынбайды.

  3. Одан кейінгі барлық мөлшері келесі күнгі сағат алтыға дейін банкаға жиналады.

  4. Мейірбике немесе науқас тәулік бойы шығарылған зәрдің, ішілген немесе енгізілген сұйықтықтың есебін жүргізеді (бірінші тағамда-75 )

  5. Өлшеуге арналған ыдыстын көмегімен тәулік бойғы зәрді анықтайды.

  6. Өлшеу нәтижелерін температуралық параққа жазады.

Артериялық қысымның көтерілуі кезіндегі алғашқы медециналық көмек

Науқасты жатқызу:
Таза ауамен қамтамасыз ету
Қысып турған киімдерді шешу
Дәрігерді шақыру
Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу, седативті заттарды беру- пустырник тұнбасы 20-30 тамшы, корвалол 15-30 тамшы валерин экстракты 1драже.


Асқорыту жүйесінің ауруларында науқастарға жасалатын күтім және бақылау
Қазіргі кезде әр түрлі асқазан-ішек жолдары ауруларымен, яғни асқазанның ойық жарасы, созылмалы гастрит, холецистит, панкреатит, энтерит, колит және т.б ауруларымен ауыратын науқастар ауруханалардың сонымен қатар емханалардың терапевтік және хирургиялық бөлімшелерінде емделушілердің көп бөлігін құрайды. Ас қорыту жүйесінің ауруларының себебін ағымын диагностикасын және емін зерттейтін ішкі аурулардың бір саласы ол – гастроэнтерология. Асқорыту жүйесінің ауруларын анықтау үшін науқасты арнайы дайындауды талап ететін түрлі әдістер (ренгендік,эндоскопиялық, ультра дыбыстық) қолданылады.
Іштегі ауырсыну сезімі – асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Оның пайда болу механизмі әр түрлі. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртүрлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске асқорыту мүшелерінің қаптайтын ішастар жапырақшасы ұшырағанда, мысалы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп перитонеальды ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезім интенсивтігі, сипаты, орны, таралуының бар жоқтығы, ұзақтығы, периодтылығы бойвнша бағаланылады. Іштің ауруы тек ас қорыту ауруларында ғана емес, сондай ақ жүрек (миокарт инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмания), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді. Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш бнруге құқы жоқ, себебі бұл ауру асқынуларға алып келуі мүмкін, Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзыоуы, пуызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет