«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Бүйрек пен несеп шығару жолдарын рентгендік және ультродыбыстық тексеруге науқасты дайындау



бет86/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Бүйрек пен несеп шығару жолдарын рентгендік және ультродыбыстық тексеруге науқасты дайындау
Буйректі ультродыбыстық зерттеу арнайы дайындықты қажет етпейді. Бірақ қуық асты безін эхографиялық қарау тек толған қуық кезінде жүргізіледі, бұл үшін науқас зерттеудің алдында 1-2 сағат бұрын 400-500 мл су немесе шай ішеді.
Буйректі рентгендік тексергенде көбінесе буйрек пен несеп жолдарының шолу рентгенографиясы және экскреторлы урография қолданылады. Экскреторлы урографияда көк тамырға енгізілген контрасты зат бүйрекпен шығарылады.Дайындық: зерттеудің алдында үш күн бойы талшыққа бай тағамдарды қолданбай диета сақтау. Зерттеудің қарсаңында кешке және зерттейтін күні таңертен тазалау клизмаларын жасау. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.
Экскреторлы урографияға дайындау реті:

  1. Мейірбике науқасты тағайындалған тексеру жайында екі күн бұрын ескертеді.

  2. Тағайындалған диетаны сақтауын қадағалайды.

  3. Зеттеудің қарсаңында кешке тазалау клизмасын таза шайынды суға дейін жүргізеді

  4. Таңертең зерттеудің алдында 2 сағат бұрын тағыда тазалау клизмасын жасайды.

  5. Зерттеу қатаң түрде аш қарынға рентген бөлмесінде жүргізіледі, рентген контрасты зат науқасқа жатқан күйінде көк тамырға енгізіледі.



Ішкі секреция жүйелерінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту


Эндокринология (грек тілінде Endon-ішкі, kerino-бөлу, logos-ілім) – ішкі секреция бездерінің дамуын, құрылымын және қызметін, сондай-ақ ағзадағы гормондардың биосинтезін, әсер етуін және алмасуын, осы гормондардың қалыпты жағдайдағы, ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылғандағы бөлінуін, сонымен қатар осы кездерде пайда болатын эндокриндік ауруларды оқытатын ғылым.
Сыртқы секреция бездерінен айырмашылығы ішкі секреция бездерінің шығаратын өзекшелері болмайды, сол себептен гормондар бірден қанға түседі. Ішкі секреция бездері: қалқанша және қалқанша жанындағы бездер, гипофиз, жыныс бездері. Аралас секрециялы- сыртқы және ішкі ұлтабар безі.
Гормондардың жоғары биологиялық белсенділігі олар қанда өте аз мөлшерде болса да күшті әсер етеді, жүйке, жүрек қан тамыр, асқорыту және басқа жүйелердің қызметін реттеуге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет