Қыжылдау – төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу.
Кекіру – асқазанның тегіс салалы бұлшық еттерінің периодты жиырылуына және аяқ астынан ауыз қуысына ауа немесе кейде асқазанның қышқыл заттарының аз мөлшерде түсуіне негізделген. Асқазанның эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшейуі нәтижесінде асқазанда газдың түзілуі жоғарлауынан кекірі пайдп болады.
Тәбеттің бұзылуы, тіпті кейде оның жоқ болып кетуі (анорексия) мүмкін.
Іш қату- нәжістің кідіріп қалуы.
Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.
Құсу – асқазандағы заттардың өңеш, жұтқаншақ, ауыз(кейде мұрын жолдары арқылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы(күрделі рефлекторлы акт). Құсу көптеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жоғарылауы (“орталық” құсу), уланғанда, ішкі органдардың көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың құсуы кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты- науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б дамытады. Құсу кезінде науқасқа уақытында көмек көрсету маңызды, себебі құсық массалары, әсіресе науқастың ес- түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инсператорлы ентігуге, содан соң асперациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін. Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс – әрекеттің тәртібі мынандай:
Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
Аяғының арасына леген немесе шелек қою;
Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды қойвп басын ұстау;
Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;
Дәрігер келгенше құсықты шелек ішіне қалдыру;
Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, құрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықты жауып жолдамасын толтырып зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:
Науқасты бір бүйіріне жатқызу(егер науқастың қалпы өзгерту мүмкін емес болса, құсық аспирациясын – тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін басын бір жаққа бұрады)
Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;
Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;
Әр бір құсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрии гидрокарбонат ертіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан құсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).
Мейірбике әрдайым науқастың жанында болып, оның жағдайын, қадағала, құсық аспирациясын болдырмау керек. Егер құсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асқазаннан қан кету) болса, келесі қимыл әрекетті орындау керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай:
Науқасты жатқызып, төсегін аяқ жағын көтеру
Дәрігер шақыру
Төс етегі аймағына мұзды қабық қою
Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Содан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |