«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет8/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Залалсыздандыру.Мақсатыбарлық микроорганизмдерді жою және аластау. Ол физикалық немесе химиялық әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бумен стерильдеу – ең қалаулы әдіс. Бу қысым әсерінен барлық микроорганизмдерді жояды. Ол үшін 1,05 кгс/см/2 бу қысымымен 15-45 минут ішінде әсер етсе жеткілікті болады. Егер автоклав вакуумды қондырғымен бірге болса стерильденген заттардың кебуін жеделдетеді және стерильдеу ұзақтығын 3 минутқа дейін қысқартады. Құрғақ ыстық ауалы шкафтарда өңдеу тәсілін шыныдан жасалған заттарды стерильдеу үшін қолдануға болады. Ол үшін 6 сағат бойы 120С – де ұстау керек. Жұқа сезімтал құрал-саймандарға этилен асқын тотығымен газды стерильдеу әдісі қолданылады. Дұрыс стерильдеу үшін 3 – 6 сағат бойы газда экспозициялануы керек. Автоклавта стерильдеудің сапасын,яғни бу қысымының жеткіліктігін бақылау үшін аморфты амидопирин ұнтағын қолданады. Ол
106 С– де кристалданады. Қысымды автоматты түрде монометрдің көмегімен 1,5 атмосферада ұстап тұруға болады.
Палаталар, егу бөлмелері, іс-шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап-кварцтық және сынап-күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.
Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, натрий, литий гипохлориді және т.б) қолданады. Хлордың микробқа қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:

  1. Хлор әгінің ерітіндісін дайындау: 10л суға 1 кг хлор әгін араластырып еріту ( 1 шелек хлорлы су , хлор әгін ағаш саппен еріту керек).

  2. Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.

  3. Дайын болған сұйықтықты қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек (осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке дейін сақтауға болады).

  4. Хлор әгінің жұмысшы ерітіндісін дайындау:

0,1 % - 100мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға араластыру керек;
0,2% - 2000мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8 л суға араластыру керек;
0,5% - 500мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5 л суға араластыру керек;
1% - 1л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9 л суға араластыру керек;
2% - 2 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8 л суға араластыру керек;
Дезинфекциялаушы заттармен жұмыс атқару кезінде: дайындау, араластыру, қолдану кездерінде сақтанудың барлық шараларын пайдалану керек: барлық жұмыстарды халат, резеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.
Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид,
Гигасепт және т.б сияқты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.
Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға арналған құрал-саймандар – еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек ( мыс. палатаға арналған, тамақ тарататын бөлмеге арналған, дәретханаға арналған, дәрі егу бөлмесіне арналған, т.б.) . Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалау күнде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді, қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0,5 %
хлорлы әк ерітіндісін немесе 1% хлорамин қолданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, клеенкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.
Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігіне 3-4 реттен кем болмау керек., ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.
Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б. арнайы бөлмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварці- леу өткізіледі.
Тері және шырыш жабындыларымен және т.б. - мен, науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасқан барлық медициналық құралдар стерильденеді.
Белок, май және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет