Дезинфекциялаутәртібі міндеті жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жатқан су астында жуылу керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта ( 1% хлорамин ерітіндісі , 3% асқын су тотығының ерітіндісі «Дезоксан -1») ұстап, сосын сумен шайып құрғақ жерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты қарағаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен немесе «Дезоксон -1» ерітіндісімен 2 минут бойы өңделеді.
Дәрі егу бөлмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтер мен жүйелерді жинап стерилиза- цияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса оларды жоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялыф сұйық -тықты (0,5% хлорамин ерітіндісі, 0,5% хлорлы әк ерітіндісіне 30-60 минутқа дейін немесе, 2,5% Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатқа, 2,5% Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар басқа ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітінділерге жалпы нұсқауларға сай салынады. Жууға арналған дезинфекциялық сұйықтықтар ластануға байланысты немесе қолдану туралы нұсқауға байланысты ауысты- рылады. Дезэффект және Лизоформин сияқты ерітінді- лерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ тым ластанып кеткен жағдайда ауыстыру керек. Және осы жаңа сұйықтықтарды қолдану арнайы жуғыш дезин- фекциялы заттарды дайындауды керек етпейді.
Көп реттік қолдануға арналған құралдармен жұмыс істегенде келесі ережелерді білу керек. Вирусты гепатитпен ауырған науқастар үшін дәрі егу бөлмесінде бөлек шприцтер мен инелер қолданылады, ол құралдарға стерилизацияға дейінгі өңдеуді басқа науқастарға қолданған құралдардан бөлек өткізіледі.
Бұрындары тіпті қазіргі кезде де көк тамырға дәрі енгізуге арналған құралдарды бөлек ыдыста стерилизацияға дейінгі өңдеуден өткізеді. Кез келген стерилизациялау әдістеріне дейін стерилизация алдындағы тазалау өткізіледі. Ол кезде осы қолданған құралдар белокты, майлы кірлерден, дәрілік заттардан тазаланады.