«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет10/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

1 кезең. Инъекциядан кейін дереу 1 минут бойы шприц пен ине суық сумен шайылады (құбырдан ағып жатқан сумен). Майлы ерітінділерді инъекциялағаннан кейін шприцті сабынмен және тікенекті жуғышпен тазалайды. Сосын ине кигізетін жерді саусақпен жауып тұрып шприцке су құяды, цилиндрге итергішті енгізіп, итергішпен қысым беріп инені жуады. Әрі қарай 5 г «Биолот» ұнтағын 995мл суға ерітіп жуғыш сұйықтық дайындалады. Ол 40-45С-дейі жылытылады. Егер «Биолит» ұнтағы болмаса 20мл 33% сутегінің асқын тотығы (пергидроль) + 5г жуғыш ұнтақ («Прогресс», «Айна», «Астра», «Лотос») + 975мл судан тұратын сұйықтық дайындалады. Бұл сұйықтықты 50-55С температураға дейін қыздыру керек.
2 кезең. Шприцтер мен инелерді бөлшектенген түрінде жылы жуғыш ерітіндіге 15 минутқа дейін салып қояды. «Биолот» ұнтағынан дайындалған ерітінді қызғыш түске еніп кеткен болса, оны қолдануға болмайды себебі оның тазалағыш әсері төмен болады. Сутегі асқын тотығынан және синтетикалық жуғыш заттардан тұратын ерітінділердің түсі өзгермеген болса бір тәулік бойына пайдалануға болады. Бұл сұйықтықтарды 6 ретке дейін жылытуға болады (ол кезде сутегі асқын тотығының концентрациясы көп өзгермейді).
3 кезең. 15 минуттан кейін шприцтер мен итергіштерді осы суда тікенекті жұғышпен жуады, ал инелерді жуғыш мандренмен тазалайды.
4 кезең. Шприцтермен инелерді жуғыш ерітіндіде механикалық өңдегеннен кейін құбырдан ағып жатқан салқын судың астында жуады. Бұл этаптың ұзақтығы қолданған жуғыш ерітіндінің құрамына байланысты. Жуғыш ерітіндіде «Биолит» ұнтағы болса – 6 минут, «Прогресс» ұнтағы болса – 5-6 минут, «Астра», «Лотос» және т.б. – 10 минут. Көп реттік қолдануға арналған құралдарды стерильдеуге дейінгі тазалау кезінде көзге көрінбейтін қан қалдықтарын тексеру үшін бензидин, амидопирин немесе азопирам сынамалары (орталық стерильдеу бөлімінде күнделікті, дәрі егу бөлмесінде аптасына 1 рет) өткізіледі. Бұл сынамалар көзге көрінбейтін қан қалдықтарын анықтайды, яғни шприцтер мен инелерді стерильдеу алдындағы тазалау сапасын көрсетеді. Бензидин сынағын өткізу үшін алдын-ала, 2 сағат бұрын реактив дайындайды: стерильді мензуркаға бірнеше бензидин кристалдарын салады, 50% 2мл сірке қышқылын және 3% 2мл сутегі асқын тотығын құяды. Амидопирин немесе азопирам сынамасы үшін реактивті аурухананың дәріханасы дайындайды. Сынама өткізу. тамшылатқышпен шпріицтің итергіші мен цилиндрге реактивті тамызады және оны инеден өткізеді. Егер шприцте немесе инеде стерильдеуге дейінгі тазалаудан кейін қан сақталып қалса, реактив дереу ашық-қызғыш түске енеді (сынақ оң). 1 минуттан кейін реактив түсінің өзгеруі оң сынақ болып есептелмейді. Оң амидопирин немесе ортотолуидин сынамаларында реактив көкшіл-жасыл түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 2,3 және 4ші кезеңдерін қайталау керек. Сынақ теріс болған кезде 5 кезеңге көшеді. Фенолфталеин сынағының көмегімен шприцтер жуғыш ерітінділерден қалай тазаланғандығын анықтауға болады: жуылған шприцтің бөліктерін 1% фенолфталеин ерітіндісіне малынған мақтамен сүртеді. Жуғыш заттың қалдықтары бар болса 30 секунд ішінде ол көк-күлгін түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалудың 4 кезеңін қайталау керек. Жуғыш зат ретінде «Биолит» немесе «Прогресс» ұнтағы қолданылған болса фенолфталеин сынағы өткізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет