«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет11/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97
5 кезең. Дистилденген суы бар ыдыста шприцтер мен инелерді құбырдан аққан судың құрамындағы тұзды қоспалардан (стерилизация кезінде олар цилиндлер мен итергіштердің қабырғасына, инелердің өзегіне отырып қалады да шприцтермен инелердің өткізгіштігін бұзады) тазалау үшін 1 минуттай жуады.
6 кезең. Дезинфекциялы қайнатқыштың торына (стерилизатор) цилиндлер мен итергіштерді, ал инелерді кіші қойғышқа орналастырып 75-85С ыстық ауамен дымқылдығы толық жоғалғанға дейін кептіреді. Осыдан кейін шприцтер мен инелерді пергамент қабықшаға немесе ылғал өткізбейтін қапшық қағазға (крафт-пакет) орайды.
Қапшықтың ішіне шприцтің цилиндрі мен итер- гішін (қапшықтың ашылатын жағына цилиндрдің үл- кен саңылауы жағын және итергіштің қолмен ұстайтын жағын қаратып) және екі инені (біреу дәріні алу үшін, екіншісі инъекция жасау үшін) орналастырады. Инелерді қапшыққа салмас бұрын әл осындай крафт қағазға түйреп ұнтақ тәріздендіріп орайды. Ораманың бос жағын екі рет бұрап желімдейді. Қапшықтың сыртына шприцтің сиымды лы ғын және стерилизацияланған күнді белгілеп қояды. Ашық ыдыста дайындау әдісі ыңғайсыздау. Ол үшін шприцтердің цилиндлерді мен итергіштерін эмалданған табақшаға, ал инелерді қақпағы жоқ кіші қондырғыға орналастырады. Булы стерилизаторда стерильдеу үшін жұмсақ, екі қабатталған шүберекке орауға болады.
Науқастың қанымен жанасумен өткізілетін барлық медициналық іс-шаралар (көк тамырдан анализге қан алу, көк тамырға инъекция жасау, инфузиялар), және науқастың қанымен жанасқан құралдармен, шприцтер, инелермен жұмыс істегенде, инвазиялық емес зерттеулер жүргізгенде мейірбике қолына міндетті түрде резеңке қолғап киюі керек. Бұл ережелерді орындау қан арқылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирусты гепатиттер және т.б.) алдын-алуға арналған негізгі шаралар болып табылады.
Қазіргі кезде барлық жерде бір реттік қолдануға арналған құралдар (шпирцер, инелер, көк тамырға дәрі тамшылатып енгізуге арналған жүйелер және т.б.) кеңінен қоданылады.
Бір реттік қолдануға арналған құралдарды қолданғаннан кейін оларды жарамсыз етіп тастаудан бұрын міндетті түрде зарарсыздандыру керек екенін ұмытпау керек (жуу, сосын 30-60 минутқа зарарсыздандырғыш суға салып қою). Бір реттік құралдар зарарсыздандырылғаннан кейін түрлеріне қарай бөлініп, орталықтанған жоятын жерге жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет