«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Ауыр хәлдегі науқас әйелдің жынысын жуып шаю



бет16/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Ауыр хәлдегі науқас әйелдің жынысын жуып шаю

Жуып шаюға қажетті ыдысты (28-30С жылы су құйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты), домалақтанған мақталарды, дәріт ыдысын, клеенка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау.


Іс-әрекет реті:

  1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

  2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.

  3. Шымылдық құрыңыз.

  4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.

  5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз.

  6. Науқасқа аяқтарын тізесінен бүгіп, арасын ашуын өтініңіз.

  7. Шап үстін, сан аймағын, шап қыртысын мақтаны ауыстыра отырып жуыңыз.

  8. Үлкен жыныс еріндерін ашып, тері қыртысын мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.

  9. Кіші жыныс еріндерін ашып, мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңіз.

  10. Жылы сумен шап аралығын жоғарыдан төмен қарай шайыңыз.

  11. Сүлгімен мұқият құрғатыңыз.

  12. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз.

  13. Оны құрғатыңыз.

  14. Дәрет ыдысын алып тастаңыз.

  15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғаш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.

  17. Науқастың төсегін реттеңіз.

  18. Қолданылған заттарды өңдеңіз.

  19. Қолдарыңызды өңдеңіз.



Ауыр хәлдегі науқастың ер адамның жыныс
мүшесін жуу

Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-30С жылы су құйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты), домалақтанған мақталарды, дәрет ыдысын, клеенка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау.


Іс-әрекет реті:
1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.
2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.
3. Шымылдық құрыңыз.
4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.
5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз.
6. Жыныс мүшелерін жалаңаштаңыз.
7. Жыныс мүшесінің басын ашыңыз.
8. Жыныс мүшесінің басын ұш жағын абайлап тарта отырып жуыңыз.
9. Жыныс мүшесінің басын уретра тесігінен сыртқа қарай бағыттап айналдыра отырып дымқыл мақтамен жуыңыз.
10. Жыныс мүшесінің ұшын қалпына келтіріңіз.
11.Ұманы жуу үшін науқасқа аяғының арасын ашуын өтініңіз.
12. Ұманы, оның үстіндегі тері қыртысын дымқыл мақтамен жайлап жуыңыз, құрғатыңыз.
13. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз, құрғатыңыз.
14. Шап аралығын тұтас жуып, құрғатыңыз. Дәрет ыдысын алып тастаңыз.
15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.
17. Науқастың төсегін реттеңіз.
18. Қолданылған заттарды өңдеңіз.
19. Қолдарыңызды өңдеңіз.
Төсек тартып жатқан науқастар физиологиялық шығарымдарын төсекте орындауға мәжбүр. Сондықтан дәріт ыдысы мен зәр қабылдағышты мейірбике береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет