Қуықты катетерлеу Ер адамдарда несеп шығару жолдарының және қуық асты безінің жағдайына байланысты қуысының диаметрі әр түрлі, ұзындығы 25 см-ге дейін резеңке, пластмасс немесе металл катетерлер қолданылады. Металл және резеңке катетерлер сабынды жылы сумен жуылғаннан кейін 30-40 минут қайнатылады, ал кіргізер алдында залалсыз вазелин майы немесе глицерин жағылады. Катетерлеу урутер аймағын қарағаннан кейін және сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуғаннан соң жүргізіледі. Қандайда бір өзгерістер болса, катетерлеуді дәрігер жүргізеді.
Әйел адамдарды катетерлеу: катетерді ұшынан 4-5 см алшақ жерінен қысқышпен қысады да несеп шығару жолына 4-5 см тереңдікке енгізеді, содан кейін қысқышты алады немесе тағыда 4-5 см жерге ауыстырады. Қалған ағын несеп шығару жолын шайып өту үшін катетерді барлық зәр шықпай тұрып алады.
Ер адамдарды катетерлеу: катетерді кіргізілетін ұшынан 8-10 см жерден пинцетпен ұстап, аса қатты баспай жайлап енгізеді, басқа ұшын несеп жинайтын ыдысқа салады. Болуы мүмкін асқынулар: зәр шығару жолы қабырғасының жыртылуы, аталық ұрық безі қосымшаларының қабынуы және т.б. Болуы мүмкін асқынулардың қатерлігін ескере отырып, ер адамның қуығын катетерлеуді дәрігер жүргізген жөн. Жұқпалы асқынулардың алдын алу үшін қуықты катетерлегенен кейін, әсіресе қайталанған , қуықты 0,05% риванол ерітіндісімен немесе 0,02% фурацилин ерітіндісімен жуу керек.
Қуықты катетерлеуді жүргізудің реті: Науқасты шымылдықпен басқалардан бөлу.