«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ



бет111/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143
Диастазаға зәрді жинау
Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, алған күнін көрсетіңіз).
Іс әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз.
Таңертең жаңа бөлінген зәрдіңмөлшерін контейнерге жинаңыз.
Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбеюі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.


Қантты анықтауға зәрді жинау


Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді, сыйымдылығы 3л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.
3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).
Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
Қолғапты киіңіз.
3 литрлік банкідегі бір тәуліктікдиурезді(зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.
3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).
Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Қолғапты шешіп,контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет