Мәжнүн: Өз жөніңді айта бер, бетпақдалада жүрген неткен жансың ?


Мәжнүн: -Менің жапан даланы кезіп,басымнан өтпеген хисабым жоқ.Сенің мына сөздеріңжанымды сұлуландырып,рухыма күш берді.Бірде бір жан маған бұлай рахымшылық жасаған жоқ.Адам жаныАлладан бұйрық келмейі



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі61,31 Kb.
#83995
1   2   3   4

Мәжнүн: -Менің жапан даланы кезіп,басымнан өтпеген хисабым жоқ.Сенің мына сөздеріңжанымды сұлуландырып,рухыма күш берді.Бірде бір жан маған бұлай рахымшылық жасаған жоқ.Адам жаныАлладан бұйрық келмейінше,шықпайды екен.


Ләйлi: — Ақиқат,Шүбәм жоқ сенің Мәжнүн екеніңе.Сенде менің жаныма нұр шаштың.Жерді басып жүргеніңнің өзі жан деген көзімнің шуағына нұр сыйлады,менің өлі тәнімді тірілттің.



Мәжнүн: -Мәжнүн деп мені біледі барлық ғалам,
Лайық жаман ісім көрмен саған.
Мен жынды,сенің пәктік есімің бар
Аз өмір,осыменен болсын тамам.


Қазақстан Республикасының Халық ақыны, Жамбыл атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері айтыскер ақын жерлесіміз Әселхан Қалыбекованың туылған күніне орай «Бұл өнер өмірімнің өлшеміндей» еске алу кешінің өткізілу сценарийі.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және жыр сүйер оқырмандар! Отырардың отты ақыны, айтыстың дүлдүлі, Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны, Парасат орденінің иегері, жерлесіміз Ә.Қалыбекова апамыздың туылған күніне орай арнайы ұйымдастырылған «Бұл өнер өмірімнің өлшеміндей» атты еске алу кешіне қош келдіңіздер!

Төгілген жүрегінің жыр қайнары,


Елімнің жұлдызысың маңдайдағы.
Құтты болсын бүгінгі жетпіс екің,
Ақын апа айтыстың майталманы - деп ақындар жырлағандай, биыл ақын апамыз тірі болғанда жетпіс екі жасқа толған мерей тойын тойлар едік. Ендеше ақын апамыздың өмірбаянынан кішкене мағұлмат бере кетсек.
Әселхан Әлшерқызы 1950 жылы 22 сәуірде Шәуілдірдің Көксарай ауылында дүниеге келген. Сол жердегі М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген.
1970-1971 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында, 1971-1991 жылдары аудандық ауа райы болжау мекемесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.
Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері. 2001 - жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы ақындар мектебіне жетекшілік етті.
Енді құрметті көпшілік қауым! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған кешімізге ақынның көзі тірісінде сыйласып бірге жүрген, іргесі құтты көрші болған,талай уақытты сырласып,мұңдасып бірге өткізген ауылымыздың мақтанышы, талай шәкірттердің ұстазы атанған ардақты ана Аманкүл апаны бүгінгі еске алу кешіне арнайы шақырып отырмыз. Ендеше қонағымызды ортаға шақырып сөз кезегін берсек:
-Апа, қош келдіңіз! Бүгінгі кешіміз ақынды еске алуға арналған соң бірге өткізген күндердегі қызықты, есте ерекше қалған сәттерден әңгімелеп берсеңіз.
Ендігі сөз кезегі өзіңізде.

(Аманкүл апа өз естеліктерін әңгімелейді)




Жүргізуші: Бүкіл қазақты жырмен сусындатқан, айтыс өнерінің айдынында қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнатқан, елінің ең сүйікті айтыскер алып ару қызына айналған Әселхан апамызға арналған арнау өлеңіне кезек берсек: Ендеше осы мектептің 11-сынып оқушысы Г.Түзелбекті ортаға шақырайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет