Мәжнүн: Өз жөніңді айта бер, бетпақдалада жүрген неткен жансың ?



бет4/4
Дата18.04.2023
өлшемі61,31 Kb.
#83995
1   2   3   4
( Ән айтылады).


Жүргізуші: Әселхан апамыз айтыс көкжиегінде жұлдыздай жанып, халқының сүйікті ақын қызына айналды. Саналы ғұмырын киелі айтыс өнеріне арнап жұртымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Соңында өшпес мұра қалдырды. Ақын апа Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық , халықаралық, республикалық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын. Осы орайда ақын апамызға арналған «Әселхан әлемі» атты кітап көрмесіне шолуды Аягөз Дәулетбекқызы таныстырады.

( Кітап көрмесі таныстырылады).


Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, көпшілік қауым, халқымыздың мақтанышы, жыр дүлділі Әселхан Қалыбекова апамыздың өзі туып өскен жері, ғұмыр кешкен өлкесі Отырарға, отырарлықтарға арналған еңбектері бір төбе. Ендеше ақынды қалай құрметтесек де артық болмас. Бүгінгі еске алу кешін аяқтай келе, «Анамыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын» дейміз. Әселхан Қалыбекова апамыздың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.


«Дін - халықтың рухани байлығы»
атты түсіндірме сағатының жүргізілу сценарийі
Мақсаты: Көпшілік қауымға қазіргі қоғамда адам санасын улап,уақыт өткен сайын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар және олардан сақтану мен діннің өміршеңдігін насихаттау болмақ .
Жүргізуші:
Ислам діні - Алла тағаланың Мұаммед Пайғамбарымыз арқылы жіберген ақиқат жолы . Ислам діні – ол адам өмірін сақтаушы денсаулықтың қорғаны тазалық пен адамгершіліктің бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-тастауа,ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады.
Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік рақымдылық , әділдік сияқты жоғары құндылықтарға негізделген . Солардың ішінде ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні. Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болсада қылмыс деңгейімен ажырасу саны аз кездеседі. Қаншама дамыған елдердентөмен тұрса да, дінін ұстаған кейбір мемлекттерде жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған , (Ислам діні) денсаулық деңгейіде жоғары.
Ислам дінінің қасиеттілігі осында екенін көре аламыз.
Ислам – қайырымдылық пен зұлымдылықтың ие екенін нақты түсіндіре алады.
Қалай дұрыс өмір сүру , қалай дұрыс тамақтану , қалай бала тәрбиелеу , әйелді қалай қастерлеу , қалай жүріп-тұру , киіну, ата-ананы қалай құрметтеу , қоғамдық өмірдегі қарым-қатынас сияқты т.б маңызды сұрақтарға жауап береді.
Әрбір мұсылманмын дейтін қазақ-ислам дініне – Аллаға құрметпен қарауға міндетті.Әрбір қазақ өзінің бойымдағы Ислам дініне – сұйіспеншілігін сақтауы тиіс. Тағы бір айта кететініміз Ислам дінінің негізгі дәстүрі бойынша , дінді зорлықпен қабылдату жоқ , себебі , әркім иманға өз қалауымен , ықыласпен келуі керек.

Енді біздің мақсатымызда болашақ ұрпағымызды жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру.Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесіңізді айта отырсаңыз деп сөз кезегін ауылымыздың тұрғыны , дін өкілі Асанов Ердаулет ағамызға береміз.


Жүргізуші: Ислам атын жамылып, ел арасында іріткі салып, тыныштық пен береке, бірлігімізге нұқсан келтіріп жүрген еліміздегі жастарымыздың санасына кері әсерін тигізетін теріс ағымдардың бар екенін айтқан жөн. Олар кәзір ислам дініне бағытталған ең басты қәтерлі күштің бірі-осы ағымдар екенін сіздер саналарыңыздан еш уақытта шығармауыларыңыз керек.
Бұл ағымдар елдің тұрақтылығымен бірлігін, тұтастығын бұзуді және елімізде көптеген әлеуметтік және экономикалық келіспеушілікпен тұрақсыздыққа әсер еткісі келеді.
Ендеше қатысушыларымыздың сізге қояр сұрақтары бар екен, кезекті осы кісілерге берсек.
/Сұрақтар қойылады/
Жүргізуші:Қазақхалқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде:«Адам баласын заман өсіреді,кімде-кім жаман болса,оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты.Бұл жағдаят адам, қоғам,мемлекет дамуының маңызы қырларын ашып көрсетеді.Сондықтан, мемлекеттің жастарын тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасы қалыптастыру ұшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет