Мәжнүн: Өз жөніңді айта бер, бетпақдалада жүрген неткен жансың ?



бет3/4
Дата18.04.2023
өлшемі61,31 Kb.
#83995
1   2   3   4
(Арнау өлеңі оқылады).

Әселхан Қалыбекова өзін жазба ақын ретінде әлдеқашан мойындатқан. «Қызылқұм қызғалдақтары», «Отырар аспаны», «Басыңды тікпей бақ қайда», «Алладан пәрмен сұраған», «Сырттап кеткен тамырлар», «Жыр шапағат», «Әселхан әлемі» атты жыр жинақтары қазақ поэзиясында алар орны ерекше. Келесі кезекте сіздердің назарларыңызға ақынның өлеңдерін оқу үшін мектеп оқушыларын шақырсақ.Оның ішінде ақын апамыздың туған немересі Ақерке Баянбектің апасына деген сағынышы ретінде өлеңдерін оқып берсе.



(Ақын өлеңдері оқылады).


Жүргізуші: Ел арасында «Отырар ұлылар мекені» деген қанатты сөз бар.Әлем мойындаған ғұлама Әл-Фарабиді бесігінде тербеткен Отырар өңірі әуелден-ақ арқалы адуын ақындарға, суырып-салма жампоз айтыскерлерге, шежірешіл жыршы-шайырларға кенде болмаған. Белгілі мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтің, ешкімге ұқсамайтын, жарқын дара тұлға М.Шахановтың, «Ән әлемінің падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың осы киелі Отырар жерінде туылып өсуі біздер үшін зор мақтаныш.Осы керуеннің жалғасы, жазба ақын ретінде жақсы қырынан танылған, халқына жырдың асылын ағытқан Әселхан апамыз туралы ыстық лебіздерін, естеліктерін осы кеште
(Ақынның шығармашылығы туралы айтылады).


Жүргізуші: Әселхан Қалыбекова – тума талантымен дараланып тұратын кең тынысты, халықтық сарындағы ақын. Сондықтан болар, арамызда орын алып жүрген кемшіліктерімізді ашына жырлаған. Оны түзетуге, қайта болдырмауға барлығымызды үндеп, нәтижесін берер күреске шақырды.
Иә, әр ақын өз заманының дертін айтады. Айтқанда да сол дерттен кейінгі ұрпағым сақтанса екен деп айтады.
Жүргізуші:
Болғанымен ішегіңнің бәрі майлы,
Тоймаған уызына жарымайды.
Өз тілін өгейсінген ұл менен қыз,
Тауын да, төбесінде танымайды.
Ақ кемең жүзер мекен қайырламай
Атамды қанатынан қайырсаңда
Ботамды анасынан айырмаған.
-деп «Алмас қылыш» атты өлеңінде Әселхан Қалыбекова қазақтың жанына батып жүрген мәселесін терең толғаныспен жазған. Әселхан апамыздың жырлары бізді өткеніміз,бүгініміз жайлы терең ой-толғаныстарға жетелейді. Өйткені, ақынның міндеті – оқырмандарға ой салу, көңілін ояту.
Келесі кезекте орындауында «Жақсы адамдарым» атты әнді қабыл алыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет