Мектебінде



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата27.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#10396
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-жүргізуші: - Әзіл өлең – сәніміз,
                          Әндетейік бәріміз. «Әзіл өлең» байқауы.
2-жүргізуші:  -  Бұл  байқауда  екі  топ  кезекпен  өздері 
дайындап келген әзіл өлеңдерін айтады.
Частушки:
- Мы приветствуем частушкой
   Хорошо ли, плохо ли
   Мы – ребята веселушки
   Вместе все мы учимся.
-  Ән, жырменен қарсы аламыз
   Жақсы ма әлде жаман ба?
   Өлең айтып, ән салған
   Біз көңілді балалар.
- Во всем мире Казахстан
   Добротою славится.
   Этот древний, новый праздник
   Людям очень нравится.
-  Күллі әлемге Қазақстан
   Атақ, даңқы жайылған.
   Көне, жаңа Наурыз
   Халықтарға ұнаған.

69
- Бай, бәйбіше, дауыстай
   Всех на праздник приглашай.
   Проходи, давай, не стой,
   Ждет тебя веселый той.
-  Бай, бәйбіше, дауыстай
   Тойға шақыр халықты.
   Босқа қарап тұрмаңыз,
   Наурыз тойын тойлаңыз.
- В дастархане баурсаки
   Бери быстрее, налетай.
   Кушай до сыта не стой
   И запомни этот той.
-  Дастарқанда бауырсақ
   Тойғаныңша алып қой.
   Көңілді бұл мереке –
   Есте қалсын Наурыз той!
Енді әділқазылар алқасына сөз берейік. (Әділқазылар 
алқасы әр топ қанша теңге жинағанын айтады. Әр топқа 
ұтып алған теңгесі беріледі).
1-жүргізуші: - Ойынды да ойнайық
Ұтпай одан қоймайық. «Жаяу жарыс» ойыны.
2-жүргізуші:  -  Бұл  байқауға  әр  топтан  бір  оқушы 
шығады.  Оларға  1-ден  5-ке  дейін  сандар  жазылған 
жетондар  беріледі.  Сонан  соң  5  сөзден  жазылған  қағаз 
көрсетіледі.  Ойыншылар  осы  сөздердің  ішінде  қай  сөз 
артық екенін тауып, соның реттік санын жылдам көтере 
қояды.  Дұрыс  тапқан  оқушы  бір  адым  алға  жылжиды. 
Ойын осылай жалғаса береді. Алға озып шыққан оқушы 
жеңеді.
1. Сәукеле.             1. Тары.                1. Етік.
2. Тақия.                 2. Ет.                    2. Кебіс.

70
3. Бөрік.                  3. Жент.                3. Мәсі.
4. Кимешек.           4. Тұз.                   4. Тымақ.
5. Жейде.               5. Бидай.               5. Саптама.
1. Кебіс.                 1. Қатық.               1. Қуырдақ.
2. Көйлек.              2. Ішік.                 2. Қазы.
3. Жейде.               3. Шұбат.               3. Қарта.
4. Ішік.                  4. Кілегей.              4. Шұжық.
5. Шапан.              5. Айран.               5. Ірімшік. 
2-жүргізуші: - Енді, әділқазылар алқасына сөз берейік. 
(Әділқазылар  алқасы  әр  топ  қанша  теңге  жинағанын 
айтады. Әр топқа ұтып алған теңгесі беріледі).
Сайысымызды жалғастырайық.
1-жүргізуші: - Сөзжұмбақ шешіп көрейік,
                          Дұрыс жауап берейік.
2-жүргізуші: - Әр топ өз қарсыластарына сөзжұмбақ 
дайындап  келіпті.  Соны  бір-біріне  береді.  Бірінші  және 
дұрыс шешкен топ жеңеді. Ал қазір бізде сөзжұмбақтар 
шешілгенше музыкалық үзіліс.
(Күй орындалады).
(Толтырылған сөзжұмбақтарды әділқазылар алқасына 
апарып береді. Олар тексеріп, қорытындысын айтады).
1-жүргізуші: - Жетінші байқау – «Жаңылтпаш».
2-жүргізуші: - Екі топтан 1 баладан шығып, жаңылт-
пашты мүдірмей қатесіз оқып шығуы керек. (Оқушылар 
шығып, оқиды).
Жаңылтпаш.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар.
Қар үстінде жем көрсе
Екі шоқып, бір қарар.

71
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым, 
Жорта қойдым.
Көрермендермен  жаңылтпаш  оқу.  Жақсы  оқыған  
қонаққа сыйлық беріледі.
Кеше, шеше, 
Неше кесе Сынды кеше.
2-жүргізуші: - Көктем келіп, алма ағашы гүлдеді,
                          Келер күннен ешкім күдер үзбеді.
1-жүргізуші: - Жан қалмасын жай тұрған,
                          Мәз болсын жас-кәріміз.
                          Көріңдер енді ән айтып,
                          Қол соғайық бәріміз. «Ән байқауы».
2-жүргізуші:  -  «Армандастар»  әнінің  2  шумағын  екі 
топ кезекпен айтады. Ал, тыңдайық.
«Армандастар».  Өлеңін  жазған:  Н.Әлімқұлов.  Әнін 
жазған: Ә. Бейсеуов.
1-жүргізуші: - Кел, халайық, келіңдер.
                         Тамашаны көріңдер.
                         Бізде қызық ойын бар,
                         Ойынға әбден тойыңдар. 
«Теңге алу» ойыны.
2-жүргізуші:  -  Бұл  ойынға  екі  топтан  2  баладан 
шығады.  Бірі  екіншісін  ат  қылып  мініп  алады.  Белгі 
бойынша жердегі түйіншектерді жинай бастау керек. Көп 
түйіншек жинаған топ жеңеді.
(Жиналған  түйіншектер  саналып,  қорытынды 
жасалады).

72
Жәмила АМАНЖОЛОВА,
Қызылорда облысының
Шиелі ауданындағы
№127 Ш.Уәлиханов атындағы 
орта мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
НАУРЫЗДА – ЕТІСТІКТІң 
РАЙЛАРЫ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Наурыз  мерекесінің 
шығу  тарихы  туралы  мағлұмат  беру,  етістіктің  райларын 
қайталау;  тәрбиелік  –  Қазақстан  мерекелеріне,  тіліне, 
тарихына  деген  сүйіспеншілікті  арттыру,  салт-дәстүрге, 
өнерге  құрмет  көрсетуге  тәрбиелеу;  дамытушылық  – 
диалогтік, монологтік тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту, 
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  әңгімелеу, 
мәнерлеп  оқу,  іздендіру.  Пәнаралық  байланыс:  орыс 
тілі.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  слайд,  үлестірмелі 
материалдар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабаққа оқушы зейінін аудару.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Балалар, сендер бір-біріңмен қалай амандасасыңдар?
- Сабақты әдептілік әліппесімен ашайық.
- Сен бүгін өте тартымдысың!
- Ал, сен, бүгін әдемісің!
- Захар, бүгін сенің жақсы баға алуыңа тілектеспін.
-  Балалар,  мен  сендерге  жұмбақ  жасырайын,  ал  сендер 
шешуін табыңдар.

73
Бәйшешектей қар астынан табылған,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Ағарғаны шөл суындай молайып,
Қарық болған халқы мынау бұл қай кез?
Даңқы жетіп болашаққа зорайып,
Берекелі құт әкелген бұл қай кез?
Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
- Наурыз! Наурыз!
- Дұрыс, балалар, бұл Наурыз айында болады. Наурыз – 
көктемнің бірінші айы.
-  Ендеше,  балалар,  бүгінгі  тақырыбымыз:  «Наурыз 
мейрамы».
Бүгін  біз  алдарыңдағы  жұмыс  картасымен  жұмыс 
жасаймыз.
Жұмыс картасы
 
Әңгіме 
төбесі 
Сөз сыры – 
сыр сандық 
Кітап 
дүкені 
Сөйлесу 
пункті 
Сөйлем 
көлі 
Граммати
-ка тауы 
Сөздік 
алқабы 
Мәнерлеп 
оқу 

74
1.  Сөздік  алқабы.  Жаңа  сөздермен  сөздік  жұмысын 
жүргізу.
Мереке – праздник;
Құттықтау – поздравление;
Тойлайды – празднует;
Ұлы – великий;
Ерекше – особый;
Береке – благо.
2. Әңгіме төбесі: сұрақ-жауап.
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем айларын ата.
- Бүгін ауа райы қандай?
- Көктем мерекелерін атайық.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
22 наурыз – Наурыз мейрамы.
1 мамыр – Ынтымақ күні.
9 мамыр – Жеңіс күні.
3. «Сөз сыры – сыр сандық».
-  Балалар,  әр  айдың  өзінің  шығу  тарихы  бар.  Көктем 
айлары нені білдіреді?
1) Наурыз – парсының «нау» - жаңа, «руз» - күн, яғни, 
жаңа  күн  деген  сөзі.  Оны  жыл  басы,  мереке  басы,  көктем 
басы деп санайды.
2)  Көкек  (сәуір)  екінші  ай.  Бұл  ай  көкектің    алғаш 
шақыра бастаған айы болғандықтан осылай аталған. «Сәуір 
болмай,  тәуір  болмас»  деген  сөз  бұл  айдың  жақсы  мезгіл 
екенін мегзейді. Қазақстанның оңтүстігінде егіс жұмыстары 
басталады. 
3) Мамыр – үшінші ай. Көктемнің ең сұлу шағы. Барлық 
малдың  балаларын  төл  деп  атайтыны  сияқты  барлық 
құстардың  балапанын  мамыр  деп  атайды.  Ай  аты  осы 
сөзден шыққан дейді халық. Мұны тілші ғалым профессор 
С.Аманжолов  та  қостайды.  Мамыр  –  тоқшылық,  семіру 

75
деген ұғымды білдіреді. 
4. Кітап дүкені. Мәтінмен жұмыс. 
Наурыз туралы әр оқушыға мәтін беріледі.
5. Сөйлесу пункті. Диалог құру.
Мәтін  бойынша  түсінгендерін  диалог  түрінде  беру. 
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
6. Сөйлем көлі.
1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
2. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықта.
1) Наурыз мерекесін қыста тойлайды. (бұрыс)
2) Наурыз айын адамдар көңілді қарсы алады. (дұрыс)
3) Қыста табиғат оянады.
4) Наурыз көже – мерекелік тағам.
5) Наурыз тойында шырша орнатады.
6) Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.
7.  Грамматика  тауы.  Етістіктің  райларын  қайталау. 
Электронды оқулықты ашып, жаттығу жұмысын орындау.
8.  Мәнерлеп  оқу.  Оқушылар  Наурыз  туралы  жаттап 
келген өлеңдерін айтады.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
«Блиц-турнир» ойыны.
1. Наурыз қандай мейрам?
2. Наурыз мерекесін қашан тойлайды?
3. Наурыз көжеге неше түрлі дәм қосады?
4. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
5. Мерекеде адамдар бір-біріне қандай тілектер айтады?
6. Наурыз бата дегеніміз не?
7. Етістік дегеніміз не?
8. Етістіктің шақтарын ата.
IV. Оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма. 3-тапсырма. Наурыз мерекесі туралы 
әңгімелеу.

76
Зәуреш ӘБЕНҚЫЗЫ,  
Павлодар облысының 
Ертіс ауданындағы
№1 ЖОББ мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі. 
КҮЛІМДЕ, НАУРЫЗ, КҮЛІМДЕ
1-жүргізуші: 
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
  Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
  Естімеген естіңіздер
  Тыңдамаған тыңдаңыздар!
  Наурыз тойы басталды
  Бір орында тұрмаңыздар.
2-жүргізуші:-Добрый день, дорогие гости!
Добрый день, дорогие учителя, ученики, все  кто пришел 
к нам на праздник.
Вот и пришел долгожданный праздник- праздник Весны- 
Наурыз.
Давайте встретим его бурными апплодисментами.
Шашу шашылады и исполняется песня «Қазақтың салт-
дәстүрлері»
1-жүргізуші: - Күн мен Айға әлемнің
                          Берем ыстық сәлемін
                          Қарттарыма сүйініп,
                          Сәлем берем иіліп.
                          Орындалды ойларың
                          Құтты болсын тойларың!
2-жүргізуші:  -  Дорогие  ребята,  уважаемые  гости,  мы 
поздравляем  вас  с  праздником  великодушия,  щедрости, 
доброты и воли!

77
«Наурыз» биі.
1-жүргізуші:  -  Наурыз  парсы  тілінде  жаңа  күн  деп 
аталады.  Бұл  күнде  күн  мен  түн  теңеледі.  Жыл  басы  – 
Наурызды  халқымыз  «Ұлыстың  ұлы  күні»  деп  атайды. 
Бұл күні жұрт  бұрынғы реніш-өкпені ұмытып, бір-бірінен 
кешірім сұрап,татуласып, жақсы тілектер айтады.   
2-жүргізуші:  -  Слово  «Наурыз»  с  персидского  означает 
новый день. Это время равноденствия, начало нового года по 
Восточному календарю или же праздник Наурыз. В этот день 
все  кто  когда-нибудь  кого-нибудь,  если  обидел,  то  должен 
просить прощение, мириться и поздравлять с праздником.
1-жүргізуші:  -  Халықтың  айтуы  бойынша,  наурыздың  
21-нен – 22-сіне қараған түні Қызыр баба барлық  босағаны 
аттап, төрге шығып, бақыт, мереке, қуаныш әкеледі. Дәстүр 
бойынша  Қызыр  бабаны  ауылдың  жеті  жігіті  қолдарына 
шырақ жағып қарсы алады.
2-жүргізуші: - По народным преданиям в ночь с 21 на 22 
марта порог каждого дома переступает Қызыр баба, который 
приносит с собой счастье, удачу, радость. Его по традиции 
встречают 7 жигитов с зажженными лучинками в руках. 
1-жүргізуші:  -  Қош  келдіңіз,  құрметті    Қызыр  баба, 
төрлетіңіз,  қадірлі  қонағымыз  болыңыз,  балаларға  
батаңызды беріңіз.
2-жүргізуші: - Добро пожаловать, уважаемый Қызыр ата, 
проходите на почетное место и дайте нам  свое благословение.
- Ұлыс бақты болсын!
  Әр күніміз жақсы болсын!
  Достығымыз берік болсын!
  Білім- өнер серік болсын!
  Бестік баға мол болсын!
  Ұлыс оң болсын!
  Әумин.

78
1. Наурыз келді жаңартып жаңа күнді,
    Наурыз келді сағынып бала бізді.
    Құтты болсын, ағайын, жаңа жылың,
    Құтты болсын, жаңа жыл – Наурыз тойың!
«Наурыз» әні орындалады.
2-жүргізуші: - Праздник всегда продолжался свадебным 
тоем. Отсюда в народе сохранилось пожелание.
1-жүргізуші: - «Той тойға ұлассын!»
Пусть продолжением праздника будет праздник.
2-жүргізуші:  -  Именно  этой  мудрости  мы  хотели  бы 
последовать сегодня, стремясь показать вам ритуал  встречи 
невесты и жениха.
1-жүргізуші: - Невесту и жениха по традиции встречают 
издавна свадебной песней «Жар-жар».
2-жүргізуші: - А теперь будьте готовы встречать молодых.
Вход  жениха  и  невесты  в  сопровождении  песней  и 
шашу.
«Жар-жар».
1-жүргізуші:  -  В  нашей  республике  в  мире  и  дружбе 
проживают  более  130  национальностей  и  Наурыз  стал 
всеобщим любимым праздником.
2-жүргізуші: 
Со всех сторон с небесной высоты
   Несется радость, веселье и смех
   Наурыз к нам пришел
   Это праздник для всех.
   Танец с домброй.
2. Мы здесь сегодня собрались
   Чтоб встретить Наурыз
   Улыбки, шутки, звонкий смех
   Пусть радуют сегодня всех.
3. Возьмемся за руки, друзья,
    Ведь мы – единая семья:

79
   Татарин, русский и казах
   Литовец, немец и поляк
   За нашим праздничным столом
   Мы вместе песни запоем.
Орыс тілінде бір ән.
4. Открыта дверь для всех гостей
   Для пожилых и для детей
   Весна на встречу  нам идет
   Весна на праздник всех зовет
   Народы самых разных стран
   Шлют поздравления в Казахстан.
   Украинский танец «Гопак».
5. Согласие и мир царят среди людей
   Неведома нам межнациональная вражда
   Живем бок о бок
   И знаем, что единство навсегда
   Тебя, родной мой Казахстан
   Тебя воспеть хочу
   Чтоб знали люди разных стран 
   Как я тебя люблю.
  Қазақ тілінде бір ән орындалады.
6. Играй, баян, звени, домбыра,
   Желаю счастья и добра,
   Здоровья и терпения,
   Отличного настроения
   Чтоб мечты у всех сбылись
   Здравствуй, праздник Наурыз!
   Оркестр.
7. Здравствуй, праздник Наурыз,
   На любимой земле!
   Заходи в каждый дом-
   Ты для всех долгожданный!
   И сердца у людей начинают теплеть,

80
   И становятся люди друг к другу добрей.
8. Сколько радости сегодня,
   Сколько света, новизны,
   Здравствуй, праздник новогодний
   С появлением весны.
Өзбек биі.
1-жүргізуші:  -  Сегодня  на  наш  праздник  приехали 
представители разных национальностей.
2-жүргізуші:  -  Давайте  их  встретим  бурными 
апплодисментами.
Входят представители разных национальностей.
- Ұлыс оң болсын!
   Пусть год будет удачным.
- Ұлыс бақытты болсын!
   Пусть год будет счастливым.
- Ұлыс береке берсін!
   Пусть год будет – обильным.
- Төрт түлік ақты болсын!
   Пусть тучным будет скот.
- Пәле-жала жерге енсін!
   Пусть сгинут все напасти.
1-жүргізуші:  
Қадірлі қонақтар мен кешке қатысушылар!
  Құтты болсын Ұлыстың ұлы Күні,
  Ылғи толсын құшаққа шаттық гүлі!
  Жаңа жыл алып келсін мол жақсылық,
  Тек естілсін елімнің бақытты үні.
2-жүргізуші: - Дорогие друзья,
                           Пусть этот день запомнится навсегда.
                      Пусть этот день останется в ваших сердцах.
                      Еще раз с праздником Весны,
                      С праздником Наурыз!
1-жүргізуші: - Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

81
Айгүл ҚҰМАРОВА,
Шығыс Қазақстан облысының
Риддер қаласындағы
№3 орта мектептің мұғалімі.
«Ең АҚЫЛДЫ» ЗИяТКЕРЛІК 
ОЙЫНЫ
Ойынның  мақсаты:  оқушыларды    қазақ  халқының 
тарихы,  салт-дәстүрі,  өнері,  тіл,  білімі,  әдебиеті  бойынша 
алған  білімдерін  жүйелеп,  сұрыптауға  үйрету,  таным 
белсенділігін  арттыру;  дамытушылық  –  оқушылардың  
қисынды ойлау ,  ізденімпаздық, байқағыштық қабілеттерін, 
байланыстырып  сөйлеуін    дамыту;  тәрбиелік  –  қазақ 
халқының  салт-дәстүрін,  әдебиетін,  мәдениетін,  өнерін 
құрметтеуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:  суреттер  «Наурыз»  тақырыбына  салынған, 
жазылған  сөздер,  мерекелік  безендіру  құралдары, 
көрсетпе  белгілер,  І,  ІІ  тур,  көрермендерге  арналған  ойын 
тапсырмалары, құмсағат. Тапсырмалар интерактивті тақтада 
шығып,  көрсетіліп  тұрады  (қазақы  әуен  ойналады).  Бұл 
ойын  –  ҰБТсұрақтарын  да  қамтиды,  сондықтан  оқушылар 
үшін үлкен дайындық, көмек болары сөзсіз.
Ойынның жүру барысы:
Жүргізуші:  -  Армысыздар,  құрметті  мұғалімдер, 
оқушылар!  Біздің  Наурыз  мерекесіне  арналған  «Ең 
ақылды»  атты  интеллектуалды-танымдық  ойынымызға 
қош келдіңіздер!
- Ата-бабам тойлаған
  Наурызым, армысың!
  Қызығыңа тоймаған
  Дарқан дала, қарлы шың.
  Қауыша алмай қанша жыл
  Қалдық сенен адасып

82
  Сағынды қыз, аңсады ұл,
  Төрле,  есіктің бәрі ашық!
  Мерекені байырғы
  Алды халқым қабылдап.
  Ақ дастарқан жайылды
  Ошақта от жалындап!
- Құрметті оқушылар, мұғалімдер, сіздерді ойыншылар-
мен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Ортаға 10 «А» сыныбы-
ның оқушыларын шақырамыз.
- Енді 10 «Б» сыныбының оқушылары ортаға келсін.
-  Сонымен,  ойынымызды  бастайық!  Ойынымыздың 
мақсаты:  қазақ  тілін,  әдебиетін,  тарихын,  өнерін,  салт- 
дәстүрін қалай білеміз, қазақша дұрыс айта, дұрыс сөйлей 
білеміз бе, соны көрсету.
Ойын 3 кезеңнен тұрады. Экранда бес тақырып.
Бұл: тарих, салт-дәстүр, өнер, әдебиет, қазақ тілі. Бірінші 
және екінші кезеңдер 12 сұрақтан тұрады. Ең аз ұпай алған 
ойыншы  ойыннан  шығып  отырады;  құрметті  төралқа 
мүшелері  бұл  туралы  құлағдар  етіп,  хабарлап  отырады. 
Әр  ойыншының  қолында  қызыл  белгіше,  ойыншылар 
белгілерін  көтере  қойып,  жауапты  нақты  толық  айтуы 
тиіс.  Келесі  кезеңге  ең  күшті  деген  3  ойыншы  ғана  өтеді. 
Әр  ойыншы  тақырыпты  таңдайды  және  1  минут  ішінде 
оқылатын сұрақтарға неғұрлым тезірек жауап беруге тиісті. 
Ойын  басталды.  Экранда  5  тақырып:  тарих,  салт-дәстүр, 
өнер, әдебиет, тіл білімі.
Мұның  ішінде  «тарих»  және  «салт-дәстүр»  тақырыбы 
барлық  оқушы  үшін  міндетті,  қалған  3  тақырыпты  3 
ойыншы  жеребе  бойынша  таңдайды.  Экранға  қарайық:                                            
І тур «Тарих» тақырыбы: І тур сұрақтары: (Бірінен соң бірі 
шығып отырады)
•  Қазақстанның астанасы қай қала?
•  Астана қаласы нешінші жылы астана болды?

83
•  ҚР-ның Ата Заңы қашан қабылданды?
•  Республика күні қашан?
•  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Туының 
авторы кім?
•  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңба-
сының авторлары кім?
•  Қазақстан  Республикасының  Әнұранының  авторлары 
кім?
•  Қазақ елінің XVII ғасырдағы атақты батырлары кім?
•  Қазақтың «Үш бәйтерегі» кімдер?
•  Қазақтың «Бес арысы» кімдер?
•  Қазақ жерінде сақталып қалған ежелгі қалалар?
•  Тәуелсіздік күні қашан?
Жүргізуші: - Төралқа мүшелеріне сөз беріледі. Төралқа 
ең  аз  ұпай  алған  ойыншыларды  айтады  (ойыннан  үш 
ойыншы шығып қалды).
Жүргізуші: - Ал, енді, екінші турды бастайық. Ойыны-
мыз жалғасады, ойыншылар,  экранға қараңыздар! Экранда 
ІІ турдың тақырыбы: «Салт-дәстүр», мұқият болыңыздар!
Экранда: «Салт-дәстүр», ІІ тур. Турдың сұрақтары:
•  22 наурызда өткізілетін мейрам қалай аталады?
•  «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
•  Наурызда күн мен түн не болады?
•  «Наурыз» қай халықтардың мерекесі?
•  Қазақтардың ұлттық баспанасы қалай аталады?
•  Ең таңдаулы киіз үй қалай аталады?
•  Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той қалай 
аталады?
•  Сәби қаз тұра бастағанда қандай той жасалады?
•  Бала мектепке барғанда жасалатын той?
•  Қазақтың қандай ұлттық тағамдары бар?
•  Наурызға арналып пісірілетін қандай ұлттық тағам бар?
•  Астың соңында ақсақал қандай тілек айтады?

84
Жүргізуші:  -  Міне,  құрметті  ойыншылар  және 
көрермендер,  ІІ  турымыз  да  аяқталды.  Қазір  төралқа 
мүшелері,  ең  күшті  ойыншыны  анықтап  жатыр.  Ал,  біз 
оларға уақыт беріп, ойынды көрермендермен жалғастырсақ 
және  «Ең  ақылды»  көрермендерді  анықтасақ!  Құрметті 
көрермендер, енді экранда бірінен соң бірі бес сұрақ шығады, 
кезек сіздердікі, кім «Ең ақылды» көрермен екен, көрейік!
Экранда: Көрермендермен ойын, «Ең ақылды көрермен» 
деген жазулар шығады.
Сұрақтары:
•  «Наурыз» мейрамы қашан болады?
•  Наурызға арналып қандай ұлттық тағам пісіріледі?
•  Қазақтың «бас ақыны» кім?
•  Қазақтың атақты үш биі кімдер?
•  «Киіз үй» еңбегінің авторы кім?
Жүргізуші:  -  Міне,  «Ең  ақылды  көрерменімізді»  де  
таптық.  Бұл  10  «Б»  сыныбының  оқушысы:    Жеңімпаз 
көрерменімізге  азғантай  сыйлығымызды  берейік!  (сыйлық 
береді)
Енді, сөз кезегі төралқа мүшелерінде.
Төралқа  мүшесі  ұпай  саны  бойынша  алға  шыққан  үш 
ойыншыны атады.
Жүргізуші: - Құрметті ойыншылар, сіздер өз тақырып-
тарыңызды таңдауларыңыз қажет. Экранда үш түрлі түспен 
берілген  тақырыптар,  бірақ  сіздер,  тақырыпты  емес  тек 
қызыл, жасыл, көк түсті төртбұрыштарды көріп тұрсыздар. 
Тақырыптар жасырылған.
Бірінші ойыншы – жасыл түсті, екінші ойыншы – қызыл 
түсті,  үшінші ойыншы – көк түсті таңдады. Ең көп ұпайы  
бар    ойыншы  тақырыпты  бірінші  таңдайды.  Сонымен 
жасыл түс – әдебиет, қызыл түс – тіл білімі, көк түс – өнер 
тақырыбы.
Құрметті ойыншылар, сіздер бір минуттың ішінде қанша 

85
сұраққа  тез  және  дәл  жауап  бере  аласыздар  екен.  Мен  тез 
оқып отырамын, арнайы екі адам уақытты белгілеп, айтып 
отырады,  төралқа  мүшелері  жауаптарды  есептеп,  жазып 
отырады.
Бірінші ойыншының сұрақтары – «Әдебиет» тақырыбы 
бойынша:
•  «Қызғыш құс»өлеңінің авторы?
•  «Кел,  балалар,  оқылық!» өлеңін кім жазды?
•  «Ескендір» поэмасының авторы?
•  Мұхтар Әуезовтің Абай туралы роман – эпопеясы қалай 
аталады?
•  «Атымтай Жомарт» әңгімесін кім жазды?
•  «Киіз үй» еңбегінің авторы?
•  Абайдың ақын ұлдары?
•  Ілияс, Сәкен, Бейімбетті әдебиетте қалай  атайды?
•  Абайдың анасы кім?
•  Шоқанның әжесі кім?
•  Зар заман ақындары кімдер?
•  «Дағыстан» поэмасын кім жазды?
Екінші  ойыншының  сұрақтары  –  «Қазақ  тілі»,  «Тіл 
білімі» тақырыбы бойынша:
•  Қазақ тіл білімінің негізін салушы кім?
•  «Тез» сөзінің синонимі?
•  Бір  сұраққа  жауап  беріп,  бір  сөз  табына  жататын,  бір 
сөйлем мүшесі болатын қандай мүшелер?
•  Заттың атауын білдіретін сөз табы?
•  Заттың қимылын білдіретін сөз табы?
•  Заттың санын білдіретін сөз табы?
•  Есім сөздердің орынына қолданылатын сөз табы?
•  «Тез» сөзінің антонимі?
•  «Темірқазық»  сөзінің  тура  аудармасы,  орысша 
баламасы?
•  «Жеті  қарақшы»  сөзінің  тура  аудармасы,  орысша 

86
баламасы?
•  «Кемпірқосақ»  сөзінің  тура  аудармасы,  орысша 
баламасы?
Үшінші  ойыншының  сұрақтары  –  «Өнер»  тақырыбы 
бойынша:
•  «Татьянаның әнін» жазған сазгер?
•  «Музыканың ұлы кітабын» жазған ғалым?
•  Парижде «Ағаш аяқ» әнін орындаған әнші?
•  «Ах, Самара, қалашық!» әнін орындаған кім?
•  «Бұлбұл» әнін орындаушы кім?
•  «Көзімнің қарасы» әнінің авторы?
•  Киіз үйдің бөліктері?
•  Өнер туралы мақал?
•  Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі кім?
•  «Бұл әнім басқа әннен өзгерек» әнінің авторы?
•  «Балбырауын» күйінің авторы?
•  Роза Рымбаева «Наурыз» туралы қандай ән айтты?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет