Мектебінде



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата27.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#10396
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-жүргізуші: 
- Қуан анам!
  Ұзағынан сүйініп.
  Сәтің де көп
  Кеткен кейде түңіліп.
2-жүргізуші: 
- Ақ сүтіңнен
  Бойға біткен тіліңді 
  Пір тұтамын,
  Мен алдыңда иіліп.
Мұғалім: 
- Ана тілің арың бұл,
  Ұятың боп тұр бетте.
  Өзге тілдің бәрін біл,
  Өз тіліңді құрметте!
-  Тіл  үйренуші  шәкірттер!  Г.Гегельдің  мына  сөзін  есте 
сақтай  жүріңдер:  «Білімділіктің  ең  басты  факторы  ана 
тілінде  сөйлеу  мен  оны  сыйлаудан  басталады».  «Астана» 
әнімен кешімізді аяқтайық.       

134
Алма АБЗАЛБЕКҚЫЗЫ,
Шығыс Қазақстан облысының 
Риддер қаласындағы
«Экономикалық мектеп-лицей» 
коммуналдық  мемлекеттік 
мекемесінің мұғалімі.
БӨБЕКТЕРІМІЗ БҮГІНГІ – 
ШЕШЕНДЕРІМІЗ ЕРТЕңГІ
(2-сыныптар арасындағы өткізілген шара)
Мақсаты:  жіктік,  тәуелдік  жалғауларын  сауатты 
қолдануға  машықтандыру;  оқушылардың  белсенділік 
сөздік  қорын  байыту;  сөйлемдерді  сауатты  құру,  ауызекі  
сөйлеу  дағдыларын  дамыту;  қазақ  халқының  айтыс 
дәстүріне  қызығушылығын  арттырып,  шешендік  өнерге 
баулу;  Отанымызды    мақтаныш  тұтып,  туған  жерімізге 
сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Жабдығы:    тіл туралы, сөз өнерін  дәріптейтін қанатты 
сөздер, қазақ халқының мақал-мәтелдері; Сүйінбай Аронұлы, 
Жамбыл, Сара, Абай, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, Шал 
ақын  және  т.б.  портреттері;  компьютерлік  презентация. 
Сабақ жүргізілетін уақыты: 2 сағат, қосарлы сабақ түрінде 
беріледі.
Шараның барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші:  -  Құрметті  достар!  Шешендер  сайысы 
басталды деп жариялаймыз! (домбыраның сазы)
- Ау,  халайық!  Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл, Сара, Абай, 
Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, Шал ақын  сияқты ардақты, 
майталман,  сөзге  шешен  ата-бабаларымызды  естерімізге 

135
алып,  баталарын    сұрап,  оларға  еліктеп,  өзіміздің  сөйлеу 
қабілеттерімізді біздің құрметті қазылар алқасының алдына 
салайық. Олардың әділ билігіне сенейік!
-  Дорогие  дети!  Учителя!  Начинаем!  Начинаем 
«состязание  острословов»!  С  благословения  наших  знаме-
нитых  предков,  мастеров  слова,  ораторов,  айтысистов 
Сүйінбай Аронұлы, Жамбыла, Сары, Абая, Қазыбек би, Төле 
би,  Әйтеке  би,  Шал  ақына  покажем  нашему  уважаемому 
жюри свои способности к языку.
Уважаемые  судьи!    Наши  игроки  конечно    не  владеют  
таким ораторским мастерством слова, как наши знаменитые 
предки, но азам казахского языка они все-таки научились. И 
сейчас они сойдутся в  состязании на знании слов, умении 
правильно  применять  окончания,  составлять  предложения 
на заданную тему.  Положимся на ваш справедливый суд!
Жүргізуші (Ақсақал киіміндегі  11-сынып оқушысынан 
бата сұрайды): - Ардақты Сүйінбай ата! Бізге өз батаңызды 
беріңізші. 
Бата беріледі.
Жүргізуші:  -  Рақмет,  Сүйінбай  ата,  төрге  отырып, 
біздің  құрметті  қазылар  қатарына    қосылып,  әділ  билік 
көрсетуде көмек беріңіз. Сөйтіп, балалар, қазылар алқасын 
қошеметтейік!
(Қазылар алқасын жариялау) 
Жүргізуші:  -  Бүгін  біздің  киіз  үйімізге    алыстан,  сөзге 
жүйрік,  тілге  шебер,    Данил  шешен,  Захар  шешен,  Диана 
шешен, Егор шешен, Алина шешен, Ануар шешен, Жұлдыз 
шешен  деген  балалар  келіпті!  Олар  қазақ  тілін  үйренуде 
бірталай жетістіктерге жеткен , 2 «А» сыныбының  шешендер 
тобын құрып, сайысқа келіпті!

136
(2 «А» сыныбының  шешендер тобының ойыншыларын 
атап беру)
Жүргізуші:  -  2  «Б»  сыныбының    шешендер  тобын 
да  қарсы  алайық!  Олар  да  қазақ  тілін  үйренуде  бірнеше 
белестерді арттарында қалдырды. Қош келдіңіздер: Валерия 
шешен, Ксения шешен, Юра шешен, Мария шешен, Кирилл 
шешен, Артем шешен, Назар шешен.
(2 «Б» сыныбының  шешендер тобының ойыншыларын 
атап беру)
Өздерін  жариялау.
Жүргізуші: - Сайысты бастамай тұрып, алғашқы сөзді 2 
«А» сыныбының  шешендер тобына берейік. Олар өз  тобын 
жариялап береді. (Топтың ұранын, атауын айтып беру)
Біз –  «Сөз – найза» командасымыз!
Біз: (бір-бірден) Ақылды! Тәртіпті! Көңілді! Тату!  Жақсы!
Болашақтағы  шешен ұрпақпыз!
Түн аспандағы жұлдыздай
Жарық  төгіп жанамыз!
Жүргізуші:  -  Тобын  жариялау  үшін    сөзді  2  «А» 
сыныбының  шешендеріне берейік.
Қыран құстай көктегі,
Қалықтау – арманымыз!
Қазақ тілі  шешендері - 
«Қыран сөз» командасымыз!
 Бабаларымыз  сияқты
Қазақ тілін білеміз! 
І  айналым.  (домбыра  сазы)  Экранда  сайыстың    І 
айналымның атауы. «Мені, мені  танып ал!»
Ойыншылар  өздері туралы шағын әңгімелеп береді.
Шарты:  Әңгімелеу  толық  болып,  жіктік,  тәуелдік 
жалғаулары сауатты қолданылсын. 

137
Мысалы: Мен Шивцов Данилмын. Мен екінші сыныпта 
оқимын. Тоғыз жастамын.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі ...... . Менің ермегім - .... Әкем  
... жұмыста істейді. Шешем - ..... .
ІІ айналым. Блиц-турнир.
Әр топқа   қолма-қол аудару үшін сөздер айтылады. (Олар 
экранға да жазылып шығады).
Ойыншылар сөздердің аудармасын кезекпен айтып беруге 
тиісті. 1 дұрыс аударма –  2 ұпай. 
Қатемен  аударылған  сөз  –  1  ұпай.  (Турнирдің  соңында 
топпен жалпы жиналған ұпайлардың саны есептеледі).
І топқа берілетін сөздер: сағат, қабырға, барамын, жыл, 
азық-түлік, жемістер, дүкенге, алдым, қызанақ, шие, дәмді, 
жедім, сатып алдың, жұмсақ, келді, көшеде, ішінде, көйлек, 
күз, қаңтар.
ІІ  топқа  берілетін  сөздер:  уақыт,  көкөністер,  тәулік, 
тұрасың,  ай,  киім,  отбасыңыз,  бердім,  орамжапырақ,  анар, 
тәтті, оқимын, барды, қатты, отыр, пәтер, үстінде, шалбар, 
көктемде, наурыз.
Шарты: сөздердің аудармасын айтқан кезінде  жалғаудың 
мәнін түсіне біліп, сауатты аудару.
ІІІ айналым. Сөз сөйлемге жетер!
Берілген сөздерден сөйлемдерді құрастыру.
Топтың  әр  ойыншысына  бір  сөз  беріледі.  Ол  онымен  2 
минуттың  ішінде сөйлем құрастыруы тиіс.  
Берілетін  сөздер:  «Мектеп,  дүкен,  сынып,  күн,  бөлме, 
ауыл, қала». 
Шарты: дұрыс құрастырылған сөйлемдердің жалпы саны 
есептеледі. 
Ойыншылар  сөйлемдерді  құрастырғанша    бейнеклип 
көрсетіледі. 

138
Қыздар тобы «Қара жорға» биін билейді.
ІV айналым. Білімдіден білімді озар.
Қарсылас топтардың арасындағы ауызекі айтысы.
2  «А»  тобының  шешені  қарсылас  топтан  онымен 
айтысатын шешенді таңдайды да, айтысқа шақырады.
Мысалы:
- Валерия шешен, мен сені айтысқа шақырамын!
- Рақмет! 
- Күз, жыл мезгілі туралы әңгімелейсің бе?
- Иә, әңгімелеймін!
- Күздің айлары қандай?
- Күзде күндер қандай болады?
Шарты:  Диалогтың  ұзындығы,  сұрақтардың  сауатты-
лығы. 
Қарсылас  топтың  жауаптарының  беруінде  біліктілігі  
бағаланады.
Екінші кезек 2 «Б» шешендер тобына беріледі. Енді олар 
сұрақ қояды, қарсылас топ жауап береді. 
(Диалогтардың  тақырыбын  жеребе  бойынша  тартып 
алады.«Күз», «Дүкенде»)
V айналым. Өлең – сөздің патшасы.
Тақпақ,  жаңылтпаштар,  санамақтар,  жұмбақ    білгіш-
терінің сайысы. 
Қарсылас  топтар  оларды    кезекпен,  қайталамай    айтып 
береді. 
Шарты: Мәнерлеп айтып беруі, айтылған тақпақтардың, 
жұмбақтардың, санамақтардың жалпы саны.
Қорытындылау. Әділ қазыларға сөз беру. 
Жеңімпаз топты, өткір тілді шешенді анықтау. Мадақтау.

139
Нағима ӘЛЖАНОВА,
Шығыс Қазақстан облысының 
Боровлянка толық емес 
мектебінің қазақ тілі 
пәнінің мұғалімі.
ТУҒАН ТІЛІМ – ТІРЛІГІМНІң 
АЙҒАҒЫ
Мақсаты:  оқушыларды  ана  тілін  сүюге,  ардақтауға, 
қадірлеуге, тілдің өмірдегі маңызын түсінуге шақыру.
Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер, шарлар, плакаттар.
1-жүргізуші:  -  Құрметті  ұстаздар,  оқушылар!  Сіздерді            
22  қыркүйек  –  тілдер  мерекесімен  құттықтаймыз!  Бұл  ме-
реке  еліміздің  түпкір-түпкірінде  аталып  өтуде.  Соның 
бірі  бүгін  біздің  сыныпта  өткелі  отырған  «Туған  тілім  – 
тірлігімнің айғағы» атты пікірталасқа хош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
- Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
  Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
  Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
  Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,– деп ақын жырлаған-                                                                                                                                        
дай,  ана  тілі  қастерлі,  құдіретті.  Тіл  –  әр  елдің  байлығы, 
мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалатын баға 
жетпес мұра.
1-жүргізуші: 
- Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады.
1. Әдеби монтаж.
2. Пікірталас.

140
2-жүргізуші: 
- Ендеше, сөз кезегін 6-сынып оқушыларына берейік.
Андрей:
- Ана тілі – дана тілі әркімнің,
  Тілім қажет, қажеті жоқ алтынның!
  Өлеңімді өз тілімде жазамын
  Туған ұлы болғандықтан халқымның.
Денис:
- Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
  Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
  Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
  Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Людмила:
- Менің тілім – Махамбеттің, Абайдың
  Ұлы тілі – талайым деп санаймын!
  Өткір, өжет, нәзік, сұлу, бай тілмен
  Таңдайына бал тамызам талайдың.
Миша: 
-  «Қазақ  тілі  –түркі  тілдерінің  ішіндегі  ең  тамашасы»,- 
деп Шоқан Уалиханов аса жоғары баға берген.
Ән: «Ананың тілі». Орындайтын хор.
Рома:
- Қызыл шоқтай қарыған,
  Қазаққа тіл дарыған.
  Бір сөзге ол семіріп, 
  Бір сөзге ол арыған.
Олеся:
- Ана тілің – арың бұл
  Ұятың боп тұр бетте.
  Өзге тілдің  бәрін біл –
  Өз тіліңді құрметте!

141
1-жүргізуші'>Барлығы:
- Сәлем, Ана тіліміз,
  Сенсің асыл үніміз.
  Ана тілін сүйеміз,
  Ардақтап бас иеміз.
Ән: «Үш бақытым». Орындайтын – вокал тобы.
1-жүргізуші:
- Пікірталас сұрақтары:
1.  Тіл  –  халқымыздың  асыл  мұрасы  дегенді  қалай 
түсінесің? 
2. Ана тілінің құдіреті неде? 
3. Ана тілінсіз өзіңді бақыттымын деп ойлайсың ба?
2-жүргізуші
- Сіздерді  пікірталас ережелерімен таныстырып өтейін.
1.  Пікірталас  үстінде    қалжың    айтуға,  өзара  сөйлесіп 
отыруға  болмайды.
2.  Пікір  айтуға  кіріспес  бұрын,  сұрақ  не  туралы  екенін 
жақсылап ойлан.
3. Өз ойыңды жинақы, түсінікті етіп сөйле, сөз соңында 
қорытынды жасап, ойыңды тұжырымда.
4. Жолдасыңның ойы мен сөзін бұрмалама,  оның пікірін 
сыйла, мұқият тыңда.
5. Айтатын пікірің адал, шын болсын.
1-жүргізуші: 
- Бәрі түсінікті болса, бірінші сұрақ: 
Тіл – халқымыздың асыл мұрасы дегенді қалай түсінесің? 
Ендеше, осы сұрақ төңірегінде ой бөлісейік.
2-жүргізуші
- Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. 
Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлидің

142
«Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас» деген өлең жолдары ойға еріксіз 
оралады.
«Тіл  тазалығы  деген  не?»  Осы  сұрақ  төңірегінде  ой 
бөлісейік.
1-жүргізуші
- Көрініс. «Екі құрбы».
2-жүргізуші: 
-  Ата-бабадан  қалған  нақыл  сөздер  қаншама.  Соны           
еске түсіріп көрейікші.
«Асыл  сөз гауһардан қымбат».
«Жылы сөз – жүрек кілті».
«Тәтті сөз тас балқытады».
«Халық тілі – қайнар бұлақ».
«Сөз – дүниенің сәні».
«Аталар сөзі – ақыл көзі».
«Аталы  сөз  –  баталы  сөз».  Ана  тілінің  құдіреті,  міне, 
осындай баталы сөзде ғой деп ойлаймын.
1-жүргізуші: 
Бүгін біздің қонағымыз – Жасұлан. Жасұлан, сен өнер 
адамысың, «Тілсіз өзіңді бақыттымын деп ойлайсың ба?»
Ән: «Сегіз аяқ». Орындайтын – Жасұлан.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: 
-  Қымбатты  оқушылар,  ұстаздар!  Бүгінгі  тәрбие 
сағатымызда  ана  тіліміздің  құдіреті  мен  өміршеңдігіне 
біршама  көз  жеткізгендей  болдық.  Оның  тереңіне  бойлап, 
түбіндегі  інжу-маржанын  ерінбей,  жалықпай  тере  біліп, 
өзімізден кейінгі ұрпаққа  жеткізу – біздің парызымыз.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, 
Ата  Заңмен  қорғалатын  еркіндігінің  үні.  Оны  сендер 
құрметтеп, қорғай біліңдер!

143
Бір өлең – бір әлем
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Шучинск қаласындағы
№1 мектеп- гимназияның  
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы.
АНА  ТІЛІ
Ана  тілі – өмірімнің   тұтқасы,
Ана  тілі – тірлігімнің   айнасы.
Болған барлық шаттығымның құт басы,
Жүрмейді оған ешбір қудың айласы.
Түрі қазақ,  тілі  шала,  бауырым,
Туғаныңда  қай тілде  сен жыладың?
Осы тілде соққан боран дауылым,
Қысымына жете ме бұл шыдамың?
Өйткені ол – ар-намысым, ұятым,
Сыйынатын дұғам да сол тар жерде!
Көңіл қалса насыбайдан бір атым,
Жарасатын қылық та осы арлы елге!
Ана тілі – ән мен жырдың  ұясы,
Сәбиімен асқақтатқан анасы!
Тарықса да қашанда кең құлашы,
Рухыңды сақта,   қазақ   баласы!

144
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе”  –
ай сайын шығатын республикалық 
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: 
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  
Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           
дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 05.03.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 
Таралымы – 1660. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 
бөлімдер.........................268-32-48.
Факс................................243-15-53.   
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – “Према” ЖШС. 
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
 №3, 2013 ж., 144 бет, Алматы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет