Жүргізуші: - Міне, ойынымыз да аяқталып қалған екен,
қай ойыншымыз «Ең ақылды»?
Төралқа мүшелерін тыңдайық! Ұпай саны бойынша «Ең
ақылды» ойыншы анықталды.
Үш ойыншы да тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ең
ақылды Ойыншы марапаттау қағазымен марапатталады.
Жүргізуші: - Біз ең ақылды ойыншымызды шын
жүректен құттықтаймыз! Жаңа табыстар, көп қуанышты
сәттер тілейміз!
- Ал құрметті қонақтар, Наурыз мерекесі қарсаңында,
Сіздерге қазақтың дәстүрі бойынша сый-сыяпатымызды
ұсынуға рұқсат етіңіздер. Бұл қазақтарда «шашу» деп
аталады. Шашу – келе жатқан мерекеміздің тәтті бастамасы
болсын. Өмірлеріңіз осы шашудай тәтті болсын! Сау
болыңыздар, келгендеріңізге рақмет! Көріскенше, күн жақсы
болсын! Экранда: «Наурыз құтты болсын! Назарларыңызға
рақмет!»- деген сөздер шығып тұрады.
87
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Сәния ӘУБӘКІРОВА,
Алматы қаласындағы
№32 жалпы білім
беретін мектептің мұғалімі.
ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАҒАН ҰТАДЫ
Сабақтың мақсаты: білімділік – 2-модуль бойынша қайталай
отырып, оқушылардың білімін тексеру. Ұжымдық технология
бойынша оқушыларды тақырыппен жұмыс дағдысына баулу.
Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың екінші модуль
бойынша алған білімін еске түсіруге жағдай жасау; дамытушылық
– оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық,
логикалық, шығармашылық белсенділігін, ұқсастық пен
айырмашылықты бөліп көрсете алу қабілетін дамыту. Ауызекі
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік – пәнге деген
қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,
проблемалық сұрақтар, ойлауды дамыту технологиясы, іздену.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаз, магнитофон.
Қолданылатын стратегиялар: ассоциация-топтастыру, топпен
жұмыс, проблемалық жағдайдан өту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1. Сәлемдесу. 1.2. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін біз 2-модуль бойынша
өткен тақырыптарды қайталаймыз. Сабаққа жұмыла, белсенді
қатысуларыңды сұраймын.Менің алдыма қойған мақсатым:
тапсырмалар арқылы сендердің 2-модуль бойынша алған
білімдеріңді тексеру. Тапсырмалар мына гүлдің жапырақтарына
жасырылған.
Гүлдің сыртында 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандары жазулы тұр. Осы
сандарды кезекпен ашып отырамыз. Бұл гүлдің жапырақтары
оңай ашылмайды, түрлі қиындықтарға кез боламыз. Қиындықтар
88
дегеніміз – 2-модуль бойынша өткен тақырыптарға түрлі
тапсырмалар. Сол бізге берілген тапсырмаларды қателеспей
орындауымыз керек. Сонда ғана гүлдің жапырақтары кезекпен
ашылып отырады. (Тақтада төмендегідей гүл ілулі тұрады).
Бұл гүлдің жапырақтарын реттік санмен ашамыз. 1-санын
ашып көрейікші. (Бір оқушы барып гүлдің арғы бетін ауыстырады)
Не жазылған екен?
Менің досым деп жазылған екен. Бұл тақырып бойынша,
балалар менің мынадай тапсырмам бар екі оқушы диалог
құрастырады.
- Ал, балалар, рахмет. Өте жақсы. Келесі гүлдің 2-жапырағын
ашуымыз керек. Оны ашу үшін мына сиқырлы тақтаның көмегі
керек. (Балалардың көңілін интербелсенді тақтаға аудару)
- Сендер, өздерің келесі тақырыпты табуларың керек. Бізге
мына сиқырлы тақта көмектеседі.
(Интербелсенді тақтадан күзге байланысты суреттер және
жаңбырдың тамшылаған дыбысы, желмен ұшқан жапырақтың
сылдырын естірту, орманның ағаштарының дыбысын естірту)
- Бұл қай мезгіл?
- Бұл – күз мезгілі.
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Күзде ауа райы салқын болады.
- Күзде не жауады?
- Күзде жаңбыр жауады.
- Балалар, естеріңде болса, біз КҮЗ. КҮЗДЕ деген тақырыптар
өткенбіз. Қазір ойын түрінде өткен сөздерімізді еске алайық. (Бір
оқушы шығып, жаттаған сөздерді адымдап айтады. Яғни, бір адым
жасап бір сөз айтады. Мысалы: күз-осень, күзде-осенью, дождь
4
6
1
2
3
5
89
идет-жаңбыр жауып тұр, т.б. Тоқтамай айтып шыққан оқушы өте
жақсы баға алады.
- Рахмет, балалар. Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
Келесі үшінші гүлдің жапырағын ашайық. (3-гүлдің артында
қазақ тіліне тән дыбыстар жасырылған екен.)
- Балалар, мынадай сұраққа жауап беріңдерші.Жапырақтың
түсі қандай болады?
- Жасыл. Қызыл. Қоңыр. Сары. Ондай болса, балалар,
маңайымызға қарап, жапырақтарды іздеп көрейікші. (Алдын-ала
терезеге, шкафқа, тақтаның бір шетіне әр түрлі түсті жапырақтар
жапсырулы тұрады). Бұл жапырақтарда тапсырмалар жасырылған,
тапсырманы орындау үшін біз топқа бөлінуіміз керек. Ол үшін
1, 2, 3 санына санап, 3 топқа бөлініп, жапырақтарды алып,
тапсырмаларды орындайық. (Тапсырмалар: Қазақ тіліне тән
дыбыстарды орынына қой. Мысалы: жапыра..тар, жа..быр, к..зде,
т.б). Тақтаға жазып, барлық оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
- Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Келесі кезек
4-гүлге келіп жетті. (Бір оқушы тақтадағы гүлді ашады, ол жерде
«Киімдер» деген тақырып тұр.) –Балалар, келесі тақырып, киімдер
екен. (Алдын-ала шкафқа, терезеге, сөрелерге киімдердің суретін
іліп қою керек).
- Балалар, сендерге бір ертегі оқып берейін. Баяғыда бір үлкен
отбасы болыпты. Отбасында атасы, әжесі, әкесі, анасы, ағасы,
әпкесі,інісі және Жалқаугүл болыпты. (Автор кейіпкерлердің атын
атағанда біртіндеп тақтаға шығып отырады.) Бір күні Жалқаугүл
ұйықтап жатады. Оған анасы келіп: - Қызым, тұр, мектепке
барасың,- дейді.Жалқаугүл бірден тұрмайды, ол: Атаааааа- деп
атасын шақырады. Ата, маған көйлегімді әкеліп берші. Атасы
сыныптың ішінде ілініп тұрған киімдердің ішінен көйлекті іздеп
тауып, Жалқаугүлге әкеліп береді. Келесі кезекте Әжееееее –деп
әжесін шақырады. Маған етігімді тауып берші,- дейді. Әжесі
сыныпта ілулі тұрған киімдердің суреттерінің ішінен етікті тауып,
Жалқаугүлге әкеліп береді. Келесі әкеееее-деп әкесін шақырады.
– Әке, маған жейдемді әкеліп берші,-дейді. Әкесі сыныптың
ішін аралап жүріп Жалқаугүлге жейдесін тауып әкеліп береді.
Ендігі кезекте ағасын шақырады. «Ағааааа, маған қолғабымды
90
әкеліп берші». Ағасы сыныптың ішінен қолғабын тауып әкеліп
береді. Келесі кезекте әпкесін шақырады Әпкееее,- дейді - Маған
сөмкемді әкеліп берші. Әпкесі сыныптың ішінен сөмкесін тауып
әкеліп береді. Осылайша бүкіл отбасы Жалқаугүлді киіндіреді.
Киімдерді еске түсіреді.
- Балалар, мына тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар.
Келесі бізді 5-ші гүлдің жапырағы күтіп тұр. Балалар, 5-гүлдің
жапырағын ашпас бұрын сергіту сәтін жасап жіберейік.
- Енді, бір оқушы келіп бесінші гүлдің жапырағын ашсын. Ол
жапырақ не жасырып тұр екен?
- Не жазылып тұр? Қане бәріміз оқиық. ҚОЛЫҢДЫ КӨТЕР
деп жазылып тұр.
- Балалар, бұл тапсырманы орындау үшін «Қара жорға» биін
билеуіміз керек. («Қара жорға» биін билеп тұрып, оң қол, сол қол,
оң аяқ, сол аяқтарын көрсетіп, оң, сол жақты айыруға
болады).
- Балалар, тамаша. Гүліміздің барлық жапырағын ашуға таяп
қалдық. Келесі соңғы гүлдің жапырағын ашамыз. Бір оқушы
барып, гүлдің жапырағын ашады. Бұл гүліміз бізге не жасырып
тұр екен? Қане, бәріміз бірге дауыстап оқиықшы. Балалар, мен
сендерге дене мүшелерін айтамын, сендер сол дене мүшелеріңді
қолдарыңмен көрсетуге тырысыңдар. Мысалы: БАС, ҚОЛ,
КӨЗ, АЯҚ, БЕТ, МҰРЫН, АУЫЗ. (Балалар мұғалім айтқан дене
мүшелерін қолдарымен көрсетеді.) Келесі тапсырма мынадай
болмақ. Мұқият тыңдаймыз. Тақтада дене мүшелері бөлек-бөлек
жатады. Бір оқушы дене мүшелерін ретімен атап тұрады, 2-оқушы
айтқан мүшелерді дұрыс тауып, орынына қою керек. Осылайша
қуыршақтың дене мүшелерін жинап аламыз. Ол қуыршақтың есімі
–
Әлия. Біздің Әлияға арнап щығарған тақпағымыз бар.
А у нашей Алии,
Две руки, две ноги,
Бет-лицо, бас-голова.
Повторяем раз и два.
Қол-аяқ, қол-аяқ.
Вот такая Алия.
- Балалар, бұл тапсырманы да керемет орындап шықтыңдар.
91
Сабақты бекіту: - Түрлі тапсырмаларды орындап,
Қағазға түсірдік.
Сонымен сабақта
Нені оқып, үйрендік?
1. 2-модуль бойынша қандай тапсырмаларды орындадық?
2. Қандай мезгілді өттік?
3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдар?
Рефлексия кезеңі:
- Бүгін сабақ саған ұнады ма?
- Қандай тапсырмалар ұнады?
- Алдымыздағы сабақтарда қандай тапсырмаларды орындағың
келеді?
- Өз ойларыңды білдіріңдер.
Бағалау.
Үйге тапсырма: қайталау.
Гүлгина ЖҮНІСОВА,
«Нұрсұлтан Назарбаевтың
білім беру қоры»
Қоғамдық қорының филиалы
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ЕСІМДІКТЕРДІң ЖАСАЛУ
ЖОЛДАРЫ
(9-сынып)
Интерактивті тақтамен жұмыс мақсаты: өткен тақырыпта
алған мәліметтерді тереңдету, білімді жетілдірудегі негізгі
заңдылықтарды есте берік қалдыру, тілге деген сүйіспеншілік
92
сезімін тудыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
және сөйлеу қабілеттерін, таным белсенділігін дамыту.
Тапсырмалар: Есімдіктерді тауып, мағынасына қарай ажырат.
1. Біздің үйде бір ғана 3. Талай алған жүлдені,
Түрлі-түрлі маман бар. Біреуі
–
ақын әйгілі.
Мен айтайын даралап, Бәрін қосып санаңдар,
Сен де, қане, санаңдар. Үйде қанша маман бар?
(Е.Өтетілеуов).
2. Екеуі
–
ғалым-биолог,
Үшеуі
–
инженер-геолог.
Білер жас та, кәрі де,
Төртеуі
–
абзал дәрігер.
Көп нүктенің орынына тиісті есімдіктерді қой:
............ 9-сынып оқушысымын.
............ мектепке келді.
Бұны ........... қалап еді.
Менің айтарым – ..........
Мен, Олар, сол, өзі
Есімдіктерді тауып, түрін анықта.
Менің ұлым сенікі,
Сенің ұлың менікі,
Ер туған ұл сенікі,
Бақытты біздің жердікі. (Жамбыл)
Сөздерге есімдікті тіркестіріп, сөз тіркестерін құраңдар:
оқушы, қалам, мектеп, сарбаз, күзет, азамат.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі:
Мен далаға шықтым.
Біздің ойлағанымыз – сенсің.
Ешкімге ауыр тапсырма берілмейді.
Біздің дегеніміз болады.
Олар әлдеқашан кетіп қалған.
Мақал- мәтелдердегі көп нүктенің орынына тиісті
есімдікті қой.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа ......... келер.
Адам болар жігіттің
93
Жары ......... лайық.
Керуен бастар жігіттің
Нары ......... лайық.
Мәтіндегі есімдіктерді тауып, мағынасына қарай қай түрі
екенін айт.
Құнанбай өткен жаздан бері бұл атыраптағы ең бірінші
мешітті осы Қарқаралы қаласына өз әмір- құдіретімен салғызып
жатқан.
Сол мешіт біткен еді? (М.Әуезов)
Қызықты сұрақтар:
Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?
Шаңырақ қай рәмізде?
Мемлекеттік тудың түсі?
Таудағы қыран қандай құс?
Рәміздегі құс?
Елтаңбада жоғарыда не бар?
Ою- өрнек қайда бейнеленген?
Шақпаққа мыналарды жаз:
1. Жіктеу есімдігі .
2. Сілтеу есімдігі.
3. Сұрау есімдігі.
4. Өздік есімдігі.
5. Белгісіздік есімдік.
6. Болымсыздық есімдік.
7. Жалпылау есімдігі.
Мына сөздерді аудар:
Қол еңбегі иголка
Мата настоящий
Құрақ не могу держать
Мазақтады ручной труд
Нағыз ткань
Ине лоскут
Ұстай білмеймін насмехались
Қадау заплатка
Жамау пришить
е
с
і
м
д
і
к
94
Назым ҚАНТАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облысының
Сайрам ауданындағы
Есекей Юсупов атындағы
№15 жалпы орта
мектебінің мұғалімі.
КЕЗЕКТЕС САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС
СӨЙЛЕМДІ ПЫСЫҚТАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
(9-сынып)
Сабақ мақсаты: оқушыларға отбасындағы ұлттық
тәрбиенің маңызын ұғындыру, кезектес салалас жайлы
алған білімдерін бекіту; оқушылардың тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттерін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, ойлауға
үйрету; оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін
арттыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, өз
заманының озық ойлы, кең өрісті шығармашыл, мәдениетті
азаматын тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Типі: жеке жұмыс. Әдісі: сұрақ-
жауап, тест, ұлттық ойын элементтері, сөздікпен жұмыс,
insert стратегиясы, сын тұрғысынан ойлау әдісі, әңгімелесу,
шығармашылықты ояту, талдау, мәтінмен жұмыс.
Көрнекілігі: компьютердегі слайдтар, тест парақшалары,
түйе мен киіз үй пішінді ойыншық, алтын теңгелер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, тарих,
этнопедагогика, өзін-өзі тану, әдеп, психология.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Сабаққа психологиялық дайындық (Бір-біріне жақсы
95
тілек айту).
3. Сабақтың барысындағы бағалау жүйесін түсіндіру.
(Оқушыларды бағалау қазақ халқының «Теңге ілу»
ұлттық ойынының шарты бойынша жүргізіледі.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Менің досым» тақырыбындағы шағын әңгімені оқыту.
2. Әңгіменің ішінде кездескен кезектес салалас құрмалас
сөйлем жайлы еске түсіру. ( Құрмалас салаластың түрлері
жайлы 1-слайд)
3. Тест. ( 5 сұрақтан құралған жабық тест. 2-слайд)
Өзара тексеру ( жауабы 3-слайд).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Релаксация. ( Әркім өз отбасындағы ең қуанышты
сәттерді еске түсіреді. Музыка ойнап тұрады.)
2. Кіріспе. ( Отбасы туралы бейнеролик көрсетіледі
4-слайд. Сол отбасындағы жағдай бойынша пікірталас
жүргізіледі.)
3. Негізгі бөлім. ( Жаңа тақырыпты түсіндіру)
«Тәрбие басы – тал бесік»
(Мақал) (5-слайд)
4. «Отбасы» сөзін топтастыру:
О – ол
Т – туысқандық байланыста
Б – бақытты өмір сүретін
А – ата салтын ұстанатын
С - сыйлауды үйрететін
Ы – ынтымақты бірлескен адамдар ортасы. (6-слайд)
5. Сөздікпен жұмыс. ( Оқулықтан оқиды. 7-слайд)
6. Мәтінмен жұмыс. (Оқулықтағы мәтінді оқыту,
түсінік айтқызу, мәтінге ат қою. 8-слайд)
7 . Ойқозғау. ( Оқушылар мәтін жайлы өз ойларын
төмендегіше жеткізеді.)
96
Меніңше, ...
Менің пікірімше, ...
Менің мәтіннен ұққаным, ...
Менің ойымша, ... (9-слайд)
8. Ойтолғаныс. Оқулықтағы тапсырманы өз бетінше
орындау. Сұрақтарға жауап жазу. Музыка ойнап тұрады.
3-тапсырма:
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Сенің отбасыңда сыйластық бар ма?
- Сенің ойыңша, ең алдымен кімді тыңдау керек?
- Қиын істі шешу үшін кіммен ақылдасасың?
- Әр баланың парызы неде деп білесің? 10-слайд
9. Ғажайып грамматика.
1-тапсырма. Жай сөйлемдерден кезектес салалас
құрмалас сөйлем құрастыру. Сөйлем мүшесіне талдау.
1. Сіңлім кітап оқиды. Жаттығу жұмысын орындайды.
2. Әкем дауысын көтере қатты сөйлейді. Жай сөйлейді.
3. Інім сабаққа өз бетінше дайындалады. Менің
көмегіме сүйенеді.
4. Балалар біріне-бірі кезек бермей сөйлейді. Тегіс
ұйықтап қалғандай тынышталады.
5. Анам тамақ пісіреді. Теледидар көреді. (11-слайд)
2-тапсырма. Лексикалық талдау. «Отбасы».
3-тапсырма. Фонетикалық талдау. «Тәрбие».
4-тапсырма. Морфологиялық талдау. «Үлкенді сыйлау».
Сабақты бекіту:
1. Тест. 5 сұрақтан құралған балама тест. 12-слайд.
Өзара тексеру, жауап. 13-слайд.
2. Іnsert стратегиясы. Оқушылар өздерінің сабақ
барысындағы түсінген-түсінбегендерін белгілер арқылы
көрсетеді.
«+» - түсіндім.
«-» - түсінбедім.
97
«v» - мен үшін жаңалық.
«?» - білгім келеді. 14-слайд
Үйге тапсырма: оқулықтан 45-бет.
4-тапсырма (Берілген сөйлемдердің дұрыс формасын
таңдап жазыңдар.).
5-тапсырма: сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Бағалау. Оқушылар ілген теңгелерін санайды. Кімде
теңге көп болса, сол жеңімпаз саналады.
Қорытынды. Мұғалімнің өз сөзі.
Өрік АСРЕПОВА,
№26 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы,
Молодежный кенті.
ЖАЙ СЕПТЕУ МЕН ТӘУЕЛДІ
СЕПТЕУДІ ҚАЙТАЛАУ ЖАЙЫ
(10-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың оқу
дағдысын қалыптастыру және мәтінмен, жаңа сөздермен
таныстыру, жай септеу мен тәуелді септеуді қайталау;
дамытушылық – оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін, тіл
ұстартуын жетілдіру, оларды интерактивті тақтада жұмыс
істеуге, сауатты жазуға төселдіру; тәрбиелік – табиғатқа
деген сүйіспеншіліктерін арттыру және оны қорғай білу,
98
экологиялық тұрғыдан тәрбие беру.
Типі: жаңа сабақты меңгеру. Жұмыс түрлері: жекелей,
ұжымдық, топтық жұмыс. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,
ізденіс. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, тірек-
сызбалар, қарындаш, кәртішке, оқулық. Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу; ә) кезекшімен тілдесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Кластерді толтырыңдар (ауызша)
2) Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Экология неден басталады?
- Су бар жерде не бар?
- Су мол болса не мол болады?
- Барлық тіршіліктің көзі не?
- Бұрын Қазақстанда неше сынақ полигоны болған?
- Қазір Қазақстан қандай мемлекет?
- Ең үлкен қай сынақ полигоны болған?
- Семей полигоны қай жылы жабылды?
- Бұл қозғалысты ұйымдастырушы әрі жетекшісі кім
болған?
Мұғалім: - Балалар, біз табиғаттан не аламыз? (пайда
аламыз)
- Табиғат – тірі дүние. Оның бар байлығын пайдаланып
жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып
Септеудің
түрлері
Септіктер
99
кетеміз. Ендеше, балалар, табиғатты қорғауды ұмытпайық!
Сонымен, бүгін біздің өтетін жаңа тақырыбымыз –
«Табиғатты қорғау».
Эпиграф:
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
- Сабағымыздың мақсаты: Табиғатты қорғау жолда-
рымен танысып, жай септеу мен тәуелді септеуді қайталау.
Бейнефильм көру.
ІІІ. Жаңа сөздермен жұмыс.
Мәселе – проблема.
Көлем – объем, размер.
Көркейту – преобразить.
Сезім – чувство.
Аялау – лелеять.
Арнайы – специальный.
Жер алқаптары – долина, полоса земельного участка.
Су айдыны – водный простор.
Қалпына келтіру – восстановить.
ІV. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
ІІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс (мәнерлеп оқу, аудару)
ІІ деңгей. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:
- Еліміз егемендік алған күннен бастап Республикамызда
қандай мәселеге көп көңіл бөлінеді?
- Табиғат байлықтарын аялау сезімін тәрбиелеуде
мектептің алатын орыны қандай?
- Елімізде ерекше қорғалатын аймақтар туралы Заң қашан
қабылданды?
Мұғалім: - Табиғат – тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа
адамзат өз тарапынан қамқор болуға тиісті. Ендеше, осы
табиғатты қорғаудың жолдарымен танысайық!
1) Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;
2) Табиғатты аялап ұстау, бүлдірмеу. Табиғатты қорғау
100
жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
3) Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды
көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу.
Грамматика.
Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдер құраңдар.
1. Республикамызда табиғат қорғау...
2. Ерекше қорғалатын аумақтардың ...
3. Халық арасында көркейту жұмыстары...
4. Табиғат байлықтарын аялау сезімін тәрбиелеуде ...
5. Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң ...
6. Жер алқаптары, су айдындары ...
а) ережеге сай қатаң тәртіппен қорғалады.
ә) 1997 жылы 6 тамызда қабылданған.
б) мектептің алатын орны ерекше.
в) жан-жақты жүргізіліп келеді.
г) жер көлемін кеңейту, табиғат байлықтарын қорғау.
ғ) мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
2-тапсырма.
- «Табиғат» сөзін жай септеу.
- «Мектеп» сөзін тәуелді септеу.
3-тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |