Мектебінде


Түрі:  аралас  сабақ.  Әдіс-тәсілдері



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата27.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#10396
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Түрі:  аралас  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  мұғалімнің  сөзі, 
кітаппен  жұмыс,  әңгімелесу,  сұрақ-жауап,  өзіндік  жұмыс. 
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кесте, карта. Пәнаралық 
байланыс: жағрафия, математика.
Сабақтың барысы.
І.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен  амандасу,  әнұран 
айтқызу,  оқушыларды  түгелдеу,  кабинет  дайындығын 
тексеру.

117
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Бүгінгі  сабағымыз  ерекше  болмақ.  Бүгін  біз  сан  есім 
тақырыбын қорытындылаймыз және оларды түрлендіреміз. 
Сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын. Менің 
алдыма  қойған  мақсатым:  тапсырмалар  арқылы  сендердің 
сан есім туралы алған білімдеріңді тексеру.
Сабағымыздың ұранын хормен айтайық.
Бәріміз бір топпыз,
Жалқаулыққа жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мұратымызға жетеміз.
Бір-бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз.
І тур. Проблеманы шешу.
- Балалар, мен сан есімге кластер құрып едім, шатастым, 
сендерге өтініш: сан есімнің ережесін құрап беріңдерші.
?
?             Сан есім                 ?
?
1. Қанша? Неше? Нешінші?
2. Тұйық, ашық, бітеу.
3. Қандай деген сұраққа жауап береді.
4.  Реттік,  топтау,  есептік,  жинақтық,  бөлшектік, 
болжалдық.
5. Түрді, түсті білдіреді.
6. Мысалы: төрт, алты, он екі.
7. Дара, күрделі болып бөлінеді.
ІІ тур. Ойлан, тап.
- Балалар, енді біз реттік сан есімді қайталайық. Реттік 
сан есімнің жасалуы туралы кім айтады?
ІІІ тур.
-  Балалар,  сендерге  есептер  беріледі.  Сол  есептерді 
шешіп, жауабын табуларың керек.

118
+    қосу               *     көбейту        =   тең болады.
-     алу                 /      бөлу
12+14= ?         21-1=?              36/6=?        14*2=?
Сергіту сәті 
Бір, екі, үш
Қарлығаштай ұш.
Төрт, бес, алты
Қарлығаштай қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он,
Өз орыныңа қон!
ІV  тур.  Мақал-мәтел  –  халық  даналығы,  сөз            
маржаны.
Тақтада  мақалдар  берілген,  осы  мақалдардың  сандары 
бар. Солардың сандарын дұрыс табуларың керек.
..... теңгең болғанша, ..... досың болсын.
.....рет өлшеп, ..... рет кес.
Білекті ..... жығар, білімді ..... жығар.
......саусақ бірдей емес.
V тур. Ал, санайық.
Жұмбақ.
1. Табақта – жеті алма,
    Қолымда – жеті алма.
    Қосқанда барлығын
    Болады неше алма?
2. Исада бар екі гүл,
    Настяда бар екі гүл,
    Саматта бар екі гүл,
    Женяда бар екі гүл,
    Қоссақ барлық гүлдерді
    Нешеу болды шешуі?
Ішінде саны бар сөздер 
Слова с числительными 

119
Тү + 1       К+2+л         К+3-ік      Жел+90       9+құмалақ
1 – білім ал,
2 – ерлік көрсет,
3 – үлгі тұт,
4 – тәртіп керек,
5 – бестік баға ал,
6 – алғыр бол,
7 – жеңіс біздікі,
8 – сенім керек,
9 – тоқу керек,
10 – оқу керек.
-  Жарайсыңдар,  балалар!  Енді  келесі  турымызды 
бастайық. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
- Септік, тәуелдік, көптік, жіктік.
- Бес деген сан есімді түрлендірейік.
ІІІ. Мұғалімнің сөзі. 
- Бүгін, балалар, «Саудагер мен тотықұс» деген  әңгімені  
өтеміз, алдымен сөздердің этимологиясымен танысайық.
Саудагер – сауда жасайтын адам.
Тотықұс – жылы жақтарда өмір сүретін құс.
Интербелсенді  тақтадан  Үнді  елі  туралы  және  тотықұс 
туралы бейнекөрініс көрсетіледі.
1. Мәтінді рөлге бөліп оқу;
2. Мәтінді орыс тіліне аудару;
ІV. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, талдау жасау.
Бір – қанша? есептік сан есім.
Бірінде  –  қашан?  і  –  тәуелдік    жалғау    ІІІ  жақ+жатыс 
септігі.
Үшеуіңе – нешеуіңе? жинақтық сан есім ІІІ жақ+барыс 
септік.
Үшеуімізге – нешеуімізге? жинақтық сан есім.
Бір-бірден – каншадан? топтау сан есім.

120
   
   
 
Төртеуінің – нешеуінің? жинақтық сан есім.
Он екі-он үш – қанша? болжалдық сан есім.
Біреуіне – нешеуіне?жинақтық сан есім.
Біреуі – нешеуі? жинақтық сан есім.
Екі-үш – неше?болжалдық сан есім.
Кітаптан жұмыс. 3-тапсырма.
1. Д;   2. Д;  3. Д;  4. Д;  5. В;  6. Д;  7. В.
4 тапсырма. Тест тапсырмалары:
1. В;     2. С;    3. В;      4. С;     5. А. 
V.  Мұғалімнің  қорытынды  сөзі.  Осы  әңгіме  бойынша 
оқушылардың ойларын тыңдау.
VI. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау.
Шолпан СЕЙСЕНБАЕВА,
    Тараз қаласындағы
№23 орта мектептің   
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ МЕН        
ҚОНАҚ КҮТУ РӘСІМІ
Мақсаты:  білімділік  –  «Отбасы»    тақырыбы  бойынша 
алған  білімдерін  жинақтап,  қорытындылау,  жаттықтыру, 
өз  ойларын  жеткізе  білу;  сөйлеу  ортасын  қалыптастыру; 
тілдік  материалдарды  меңгеру;  дамытушылық  –  сөздік 
қорын  молайту,  танымдық,  ойлау,  есте  сақтау  қабілетін 
дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; тәрбиелік – жас 
ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор  қазақ халқының  салт-
дәстүрлерінің бірі – қонақ күтумен таныстыру, насихаттау.
Типі:  тақырыпты меңгерту. Түрі:  дәстүрлі емес. Әдісі: 
сұрақ-жауап, түсіндіру,  сөйлестіру, ойландыру. Көрнекілігі

121
суреттер,  буклет,  кітап  көрмесі,  киіз  үй  макеті,  «Қазақ 
отбасы», «Қонақ күту» көрінісі.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.
3. Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
5. «Қазақ отбасы» көрінісі.
6. Грамматикалық тапсырмалар.
7. Бекіту.
8. Үйге тапсырма.
9. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Алыстан  «алаш» десе, аттанамын,               
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!  (С.Торайғыров).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Қонақтарды қарсы алу;
Б) Сәлемдесу.
2. Сабақтың тақырыбы:
-  «Отбасы»  тақырыбы  бойынша  білімімізді  қорытын-
дылап, жаңа тақырып бастаймыз.
Жаңа тақырыбымыз «Сөйлеу мәдениеті мен қонақ күту 
рәсімі» деп аталады.
3. Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Қазақ отбасында ата-ана, әке-шеше, жалпы үлкендер 
ұрпағына,  жастарға,  балаларға  нені  үйретеді,  үлгі-өнеге 
етеді?
-  Ата-ана  ата-тегін,  жеті  атасын,  ел-жерінің  тарихын 
үйретуі қажет.
-  Ата-ана  баласын  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  қамқорлық 
жасауға баулиды.
-  Алыстан  қонақ  келсе  ауыл  ақсақалдарын,  көршілерді 

122
шақырады.
- Олжасын жолдастарына, көршілеріне ұсынады.
- Қыз баланы төрге отырғызады.
- Қазақ халқының  басқа да көптеген салт-дәстүрлерімен 
таныстыру, 
маңызын 
түсіндіру, 
ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғастыру.
- Халқымыздың қонақжайлылығын мақтан ету.
Б) «Отбасы» тақырыбына мақал-мәтелдер:
1. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
2. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
3. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
4. Отбасы толған жансың, бір-біріңе мейман жансың.
5. Үлкенді сыйласаң – қадірлі боласың, кішіні сыйласаң 
– құрметті боласың.
В) «Отбасы» өлеңін жатқа айту.
Жаңа тақырыпты енгізу.
4.  Жаңа  сабақ:  «Сөйлеу  мәдениеті  мен  қонақ  күту 
рәсімі»
«Қонақ келсе үйіне,
Жалғыз қойын соятын,
Барын алға қоятын
Біздің  халық  –  ер  халық»,-  деп  ақын  жырлағандай, 
қонақжайлылық  –  қазақ  халқының  ұлттық  салт-дәстүрінің 
бірі,  сонымен  қатар  адамдар  арасында  сыйластықты, 
қамқорлықты,  адамгершілікті,  имандылықты  айқындайтын 
қасиет.
Қонақжайлылық: қонақ, қонақасы, қонақкәде.
А) Қонақ күту:
Қазақ  халқы  –  ежелден  қонақ  десе  ішкен  асын  жерге 
қоятын  халық,  қонақты  жылы  шыраймен  қарсы  алып, 
шығарып салуға ерекше мән берген.
«Қонақпен бірге құт, ырыс келді» деп түсінген. Қонақты  
«арнайы  қонақ», «құдайы  қонақ»   (жолаушылап, түнеп 

123
шығатын), «қыдырма  қонақ»  (алыстан ағайын, туыстарын 
іздеп  келіп,  бір  немесе  бірнеше  күн  болып,  олардың  сый-
құрметін көріп қайтатын қонақ).
Келген  қонаққа,  дастарқанға  бар  дәмдісін  қойып, 
жақсылап күтіп, риза етеді. Мал сойып, малды сояр алдында 
қонақтың  батасын  алады.  Шай,  қымыз  бергенде,  қыз  бала 
немесе  келін  ыдысты  салдырлатпай,  әдеппен  беруі  керек. 
Сыйлы қонаққа малдың басын тарту – ел дәстүрі. Ол – адам 
әлемді баспен билейді деген ұғымды білдіреді.
Қонақ  тамақ  ішіп  болған  соң,  ауыл  адамдары  (әсіресе, 
жастар)  ауылдың  алты  ауызын  айтып,  қонақтың  көңілін 
көтереді.  Кезекті  қонаққа  береді.  Бұл  рәсім  «Қонақкәде» 
деп аталады. Қонақты аттандырар кезде, одан «бұйымтай» 
сұрайды.  Дәстүр  бойынша,  үй  иесінің  аты,  мылтығы  мен 
итінен басқа кез келген затты сұрауына болады.
Қонақ  күту  –  халқымыздың  ең  жауапты  ісі,  өскелең 
ұрпақты жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді құрметтеп, 
кішіге  қамқоршы  болуды  үйретуге  өте  зор  ықпалын 
тигізген.  Дастарқаны  мол,  пейілі  кең  қазақ  халқының 
қонақжайлылығын  бұрын  ғалымдар,  саяхатшылар  жоғары 
бағалаған. 
Б) мына дәстүрлерге тағы да көңіл аударайық:
1. Сүйінші.   
 
6. Бұйымтай.
2. Сәлем беру. 
 
7. Ат мінгізіп, шапан жабу.
3. Қонақжайлылық.  
8. Сәлемдеме.
4. Қонақасы. 
 
9. Бата.
5. Қонақкәде.
5.  «Қазақ  отбасы»  -  көрініс.  Киіз  үй  ішінде  отырған 
қазақ отбасы.
(Жоғарыда аталып кеткен әдеп-ғұрыптарды көрсетеді).  
6. Грамматикалық тапсырмалар. Оқулықпен жұмыс.
А)  берілген сөйлемдерді оқып шығу. 49-50-б.
Б)  Қонақ күтуге байланысты деректерді айтып беру.

124
   
   
 
7. Бекіту.          
А)  берілген сөйлемдерді оқып, еркін орысшаға аудару.
Б)  «Қонақ» сөзіне түбірлес сөздерді теріп жазу.                                                       
8.  Үйге  тапсырма:  1)  «Қонақ  күту»  рәсімі  –  сенің 
отбасыңда;  2)  «Қонақ  сыбағасы»  мәтінін  оқып,  мазмұнын 
айту. 
9. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Рита АМАНЖОЛҚЫЗЫ,
Орал қаласындағы
№7 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ  тілі  мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ЖАМБЫЛДЫң АЙТЫСКЕРЛІГІ 
МЕН ОЙЛАУ ШЕБЕРЛІГІ
Сабақтың  мақсаты:  а)  Жамбыл  Жабаев  өмірі  және 
шығармашылығымен  оқушылардың  білімдерін  толықтыру; 
Құлмамбет пен Жамбыл айтысынан мағлұмат беру; ә) ойлау 
шеберлігін,  сөйлеу  мәдениетін  тірек-кестелер  арқылы  өз 
бетімен  жұмыс  істеуге  ынталандыру,  қызығушылықтарын 
арттыру;  б)  Отанын,  елін,  жерін  сүюге,  адамгершілікке, 
поэзия, сөз өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
Әдісі: баяндау, салыстырмалы, сұрақ-жауап. Көрнекілігі
электрондық  оқулық,  кестелер,  «Тау  мен  дала  жыршысы» 
презентациясы.
Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру бөлімі.
А) оқушыларды түгелдеу.
ә) тыңдалым (өткен тақырыпқа шолу.)

125
1. Әдебиет дегеніміз не?
2. Қандай лиро-эпостық жырларды білесіздер?
3. «Құтадғу білік» кімнің дастаны?
4. Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 
    Әуре етеді ішіне қулық сақтап
    Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
    Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
Кімнің өлеңі?      
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І  деңгей.  Ш.Құдайбердіұлы  туралы  әңгімелеп,  өлеңін 
жатқа айту, өлеңді талдау, идеясын ашу.
ІІ деңгей – кесте толтыру:
а)  Венн  диаграммасы  бойынша  Абай  мен  Шәкәрім 
өлеңдерін салыстыру.
ә) «Адамдық борышың» өлеңін топтастыру стратегиясы 
бойынша жинақтау.
ІІІ деңгей. Интерактивтік тақта бойынша тест.
Үй тапсырмасын мынадай кесте арқылы қорытындылау.
Үй тапсырмасын тексергеннен кейін проблемалық сұрақ 
арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.
Жаңа тақырыптың эпиграфымен танысамыз. 
2.  Сабақтың мақсатымен қысқаша таныстырылды.
3.    Жамбыл  Жабаевтың  шығармашылығына  тоқталып, 
топтастыру әдісімен кесте бойынша түсіндірілді.
4.  Мұнан  кейін  интерактивтік  тақтадан  «Тау  мен  дала 
жыршысы»  презентациясын  көрсету.Бұл  презентацияда 
мынадай суреттер көрсетілді: Жамбылдың алғашқы ұстазы, 
Жамбыл туған тау бөктері, Жамбылдың мұражайы, Жамбыл 
жауынгерлермен  бірге,  Жамбылдың  Дина  Нұрпейісовамен 
кездесу  сәті,  Жамбылдың  үрім-бұтақтары,  ақын  өмірінің 
соңғы жылдары, т.б.
5. Келесі электрондық оқулықпен жұмыс болды. Мұндағы 
мақсат  –  оқушылардың  көру,  есту  қабілеттерін  арттыру. 

126
Оқушылар  тыңдағаннан  кейін  мәтін  бойынша  жоспар 
құрастырды:
1. Жамбыл Жабаевтың балалық шағы.
2. Жамбыл Жабаевтың қолына домбыра алуы.
3. Жамбыл Жабаевтың Сүйінбайдан бата алуы.
4. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы, жеңісі.
5. Жамбыл – Жетісудің атақты ақыны.
6. Айтыс туралы әңгімелеу.
- Айтыс дегеніміз не?
-  Айтыс  –  сөз  майданы,  жыр  айдыны,  ой  ұшқырлығы, 
қазақ сөз өнерінің мектебі.
7. Айтыстың түрлеріне тоқталу.
8.  Оқушылар  топтастыру  стратегиясы  бойынша 
айтыскерге тән қасиетті толтырды.
8. Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысынан үзінді оқылып, 
Жамбылдың  халқы  үшін  сөйлеген  жалынды  сөздерімен 
жеңгені туралы айтылады.
9.  Венн  диаграммасы  бойынша  оқушылар  бұрынғы 
айтыспен қазіргі айтысты салыстырды.
10. Ойқозғау .
- Бізге айтыс керек пе?
- Не үшін ? Қазір жалғасын тапты ма?
- Қазіргі атақты ақындардан кімдерді білесіздер. 
11.  Қорытынды.
Ақын  –  елдің  еркесі,  көңілдегісін  батыл  айтқан. 
Айтыскер  ақындарымыздың  көтерген  мәселелерін  түсініп, 
көкірегімізге түйіп жүрсек, біздің рухани өсуімізге ықпалы 
зор таптырмас жолы болып саналады. 
12. Үй тапсырмасы. «Жамбыл Жабаев – айтыскер ақын» 
тақырыбына  реферат.  Жамбыл  мен  Құлмамбет  айтысы 
туралы түсінік. 

127
Кіріктірілген сабақ
Ақбаян КӨПТІЛЕУҚЫЗЫ,
Алматы облысының
Іле ауданындағы
№19 орта мектептің мұғалімі.
БІЛІМ, БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 
АНАЛИЗ БЕН СИНТЕЗ
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 
білім,  білік  дағдыларын  қалыптастыра  отырып,  сөйлеу 
әуездігін арттыру, мәтіннің мазмұнын ашуға жағдай жасау; 
дамытушылық  –  ой  шақыру  стратегиялары  арқылы 
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, анализ, 
синтез жасауға көмектесу; тәрбиелік – еліміздің табиғатын, 
жерін,  халқын  құрметтейтін  елжанды  азаматтардың 
қалыптасуына ықпал ету.
Типі:  жаңа  сабақ.  Әдіс:  эвристикалық  тапсырмалар, 
сұрақ-жауап, ой бөлісу, ықпал ету. Пәнаралық байланыс: 
география,  әдебиет,  тарих.  Сабақтың  нысандары 
(формалары): 
бейнефильм, 
слайдтар, 
проектор, 
тақырыптық суреттер, үлестірмелі материалдар. Танымдық 
материалдар:  Қазақстанға  шолу,  электронды  оқулық, 
М.Жанпейісованың «Дамыта оқыту» ойыны.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың  мақсатын  оқушылармен  бірлесе  отырып 
анықтау.
Қазақ тілі сабағының қандай болып өткенін қалайсыңдар?
Қазақ тілі сабағында қандай жұмыс түрлері ұнайды?

128
II. Өткенді тиянақтау. 
Танымдық, топтық тапсырмаларды ұсыну.
Қазақстан жерінің ең биік нүктесі (таулар).
Қазақстанның табиғаты, Алтай орманы.
Өсімдіктер мен көлдер (өсімдіктердің 6 мың, құстардың 
500, балықтардың 107, жабайы аңдардың 178 түрі бар).
III. Жаңа сабаққа кіріспе:
«Қазақстанның көркем жерлері» (бейнефильм).
Астана  мен  Көкшетау  Қазақстанның  қай  экономикалық 
аймақтарында орналасқан?
Астана  мен  Көкшетау  қалаларының  арасында  қандай 
атақты көл жатыр?
IV. Жаңа сабақ:
Слайд  арқылы  оқушыларға  әлем  таныған  «Қазақстан 
Швейцариясы» туралы мәлімет беру (анализ, синтез).
Алғашқы сауықтыру орыны (1910 ж.)
Сауықтыру орыны бейнеленген фотосуреттер (1938 ж.)
Орманы           Ауа райы            Емдік сусыны
V. Жаңа сабақты пысықтау.
Лексикалық тапсырма (жұппен жұмыс)
Берілген  тірек-сөздер  мен  сұрақтар  жазылған  қима 
қағаздар арқылы сөйлемдер құрастыру.
VI. Жаңа сабақты бекіту:
- Сүйем сені, туған ел, Атамекен,
  Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.
  Жер мен көктің жаннаты – бір өзіңсің,
  Сенен артық не табам, қайда кетем?!
Бурабай  сауықтыру,  емдеу  орынының  ашылуының  100 
жылдығына орай ойын ұйымдастырамыз.
Жеңімпаз  топқа  «Қазақстан  Швейцариясы»  әлемге 
танытқан фотосурет сыйға беріледі.
«Дамыта оқыту ойыны»

129
Қандай көркем туған өлкем   10      15    20     25    30
Сан есім                                   10      15    20     25    30
Әр түрлі                                   10      15    20     25    30
Қандай көркем туған өлкем
10  Астана мен Көкшетау қалалары арасында қандай көл 
жатыр?
15  «Қазақстанның Швейцариясы» атанған жер.
20  Дүниежүзілік көрмеге не қойылды?
25  Қазақстанның ең биік шыңы қалай аталады?
30  Қазақстанның экономикалық аймақтарын ата.
Сан есім
10    Бурабайда    алғашқы  сауықтыру  орыны  қай  жылы 
ашылды?
15  Бурабай  суреті қай жылы Нью-Йорктегі дүниежүзілік 
көрмеге апарылды?
20  Қазақстанның қанша экономикалық аймақтары бар?
25  Хан Тәңірі шыңының биіктігі қанша метр?
30  Қазақстанның қанша қалалары бар?
Әр түрлі
10  Астананың символы не?
15  Астана қай жылы ҚР-ның астанасы статусын алды?
20  Рәміздеріміз қай жылы қабылданды?
25  Елтаңбаның авторлары кімдер?
30  Елтаңбада нелер бейнеленген?
Қорыту. Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Қазақстан  жеріне  5  Франция,  15  Қырғыстан,  111 
Голландия сыйып кететінін білесіңдер ме?
Бағалау.
VIII.  Үйге  тапсырма:  I  деңгей.  98,  99-б.  Мәтінді 
мазмұндау,  сөз  тіркестерін  жаттау;  II  деңгей.  Сұрақтарға 
жауап беру, Бурабай туралы эссе жазу; III деңгей. «Қандай 
көркем туған өлкем» тақырыбына шығармашылық жұмыс, 
№5.

130
Тәрбие сағаты
Дария ДӘУІТҚАНҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№ 90 лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ –                                        
ЕЛ МЕРЕЙІ
Мұғалім  сөзі:  -  Халық  тәуелсіздігінің  ең  басты  белгісі 
– оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық 
мәдениеті    жоқ  ел  –  өз  алдына  мемлекет  болып  өмір  сүре 
алмайды.  Ал,  Қазақстан  Респбликасында  қазақ  тіліне 
мемлекеттік мәртебе берілген.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамды анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана!
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі...
Төрт анасын қорғамаған  халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. (М.Шаханов).
-  Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар!  «Қазақстан 
халықтарының тілдері» күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел 
мерейі» атты кешімізді бастаймыз.
- Тұрыңдар! Мемлекеттік Әнұран.

131
1-жүргізуші: 
Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы 
жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының 
тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір 
сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бағыты, тірегі.
2-жүргізуші: 
-  Елімізді  басқа  ел  танып  жатқанда,  тәуелсіз  ел  тірегі 
–  білімді    ұрпақты  тәрбиелеу  –  басты  міндеттердің  бірі. 
Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол әр ұлттың тарихи көрініс 
белгісі,  ұлттық  ой-өрісті  кеңейте  түсуге  зор  мүмкіндік 
туғызады.
1-жүргізуші: 
Бірінші, Қазақстан Республикасы егеменді ел атанды.
2-жүргізуші: 
Екінші, ана тіліміз – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 
беріліп, тіл туралы заң қабылданды.
Оқушы:
- Пушкин, Байрон, Гейне – это собеседники мои.
  С ними я веду беседу, как Абай, в кругу семьи.
  И науки сто народов в доме у меня сплелись.
  И таланты сто народов, словно реки, сплелись.
  Да, спасибо русской речи: ведь тебя мой Казахстан.
  Эта речь для дружбы вечной породнила с сотней стран!
2-жүргізуші: - «Алматы» туралы ән.
1-жүргізуші: - «Шығыс биі».
2-жүргізуші: 
«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз 
ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын».
1-жүргізуші: 
-  «Анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған  тілімізді 
ұмыту – бүкіл  ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

132
2-жүргізуші: 
Ал, енді, тіл туралы мақалдар сайысын өткізейік.
Мұғалім: 
Все народы имеют пословицы. Но в каждой из них, наряду 
с общей тематикой,присутствуют свои национальные черты. 
Испокон веков ценилось меткое слово в народе. Воздействие 
его было огромно, и в дни борьбы с       иноземными врагами 
за спасение родной земли, и в мирные дни.
- Қазір біз сіздермен мақалдар сайысын өткіземіз. Бірнеше 
оқушы ортаға шығады.
1. Өнер – үлкен ..... ( мектеп )
2. Жердің сәні – ..... (егін) 
    Ердің сәні – ..... (білім)
3. Кітап - ..... (алтын қазына)
4. Оқусыз ..... ( білім жоқ) 
    Білімсіз ..... (күнің жоқ)
5. Білімді өлсе .....(қағазда аты қалар)
   Ұста өлсе .....(істеген заты қалар)
6. Оқу – білім ..... ( бұлағы)  
    Білім – өмір ..... (шырағы)
7. Кітап – ғылым, ..... (тілсіз мұғалім)
8. Аз сөз – ..... (алтын).
9. Ең тәтті де – ..... (тіл)  
    Ең ащы да – ..... (тіл)
10. Тіл – ..... (қылыштан өткір).
11. Шешеннің тілі - ..... (ортақ)
12. Өнер алды – ..... (қызыл тіл)
13. Басқа пәле – ..... (тілден)
14. Жақсы сөз - ..... (жарым ырыс)
15. Шешен сөз бастар, батыр ..... (қол бастар)
Сендер тіл туралы қандай қанатты сөздер білесіңдер?

133
1.  Ш.Айтматов  тіл  туралы  не  деді?  (Тіл  жоқ  жерде  ұлт 
жоқ) 2. М.Горький не деді? (Тіл аспан сияқты, оны жақсы 
білу керек, оны жақсы меңгеру керек). 3. Б.Момышұлы не 
деді? (Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі 
ғана емес, ертеңгі де тағдыры). 4. М.Қашқари тіл туралы не 
деді? (Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл). 5. Н.Назарбаев 
не деді? (Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ).
-  Рахмет,  сендер  тіл  туралы  көп  мақал-мәтел,  қанатты 
сөздер біледі екенсіңдер.
Ән: «Туған жерім».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет