«Болады-болмайды» тренингі (оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды).
Жағдаяттарды шешу: 1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Компьютер
Соңы
Жүректен- жүрекке Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай сен ақкөңілсің т.б».
Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» – деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынды.