Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.
Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама - қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау - кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Алматы облысы және қаласы Димаш ата басқарған 11 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Туған қаласына Алматының ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын, Республика алаңы, Цирк, Неке сарайын, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М. Әуезов атындағы драма театрын, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, Пушкин кітапханасын, баспа үйлерін т.б, мәдени ошақтарын халық игілігі үшін бой көтерді. Өтет кетед, бұл фәниден сан алып, Тарих үшін емес олда жаңалық Дінмұхаммед- Қонаев жай аты, Шын аты оның мейірім мен Даналық
Дінмұхаммед- Ұлы түлға ардақты, Дінмұхаммед-бар асылдан салмақты Дінмұхаммед-күллі әлемге танылған Кісіліктің шамшырағы жан-жақты
Атақ-даңқы аңыз болған талайға Димекеңе баға беру оғай ма? Ешкімге көмегін аямаған Халқы сол үшін оны бағалаған.
Оқушылар өлең жолдарын оқиды
Компьютер
Ортасы (20 мин)
Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері
• Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.
* Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
Жан таппайды екенсің.
• Әр заманың өз әні, өз сәні бар.
• «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».
Біз Қонаевты білеміз бе.?
1. Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы ?
Жауап: 1912 жыл 12 қаңтар.
2.Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген?
Жауап: Алматы қаласы.
2. Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім?
Жауап: Зухра Шәріпқызы.
4.Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды?
Жауап 82 жасқа қараған шағында.
5. Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?
Жауап: 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.
Компьютер
Соңы
Жесірге пана болды, Жетімге жаға болды Дінін сүйген дара болды, Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.