Оқушыларға қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билер жайлы әңгімелеу
Құндылықтарды дарыту
оқушылады адамгершілік, имандылық және парасаттылыққа тәрбиелеу.
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Тәрбие сағатымыз ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған, өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған "Қазақ билеріне" арналады.Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: · Төле би (1663—1759 жж.) · Қазыбек би (1667—1764 жж.) · Әйтеке би (1644—1700 жж.)
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би 1667 жылыСырдария жағалауында дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты. Қазыбек есімі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.