Психологиялық ахуал тудыру Оқушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып,ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. « Сыйлықтарыңыз құтты болсын» деп мұғалім қошемет айтады. Топқа бөлу. Берілген сыйлықта адамның бойындағы қасиеттер мен адамның бейнесін суреттейтін сөздер жазылған. «Портреттер» мен «Қасиеттер» деп екіге бөлінеді.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
1. «Көксерек» М.Әуезовтың шығармасы.
2. Ауыл иттері Көксеректі жақсы қабылдады.
3. Ауыл адамдары Көксеректі жазалады.
4. Құрмаш Көксеректі күшік кезінен асырады.
5. Көксерек алдына құйған тамақты ғана ішетін
6.Құрмашты ақ қасқыр өлтірді.
7. Арыстанбек жиренмен қасқырдың соңына түсті.
8.Көксеректі әжесі қасына алып жатты.
9. Көксерек пен ақ қасқыр ауыл малына шапты.
10. Ауыл иттері көксеректі талады.
Оқушылар Көксерек шығармасынан сұрақтарға жауап береді
Компьютер
Ортасы (20 мин)
М.Әуезовтың шығармалары туралы презентация Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.