3.2 Мектептерді қаржыландырудың басқа көздері
Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері ҚР «Білім туралы» заңының 61-бабына
сәйкес:
11
№КК-1-21/937 - 02.05.2013ж.
20
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер
көрсетуден түскен кірістер;
2) екінші деңгейдегі банктер кредиттері;
3) демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен
қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.
ҚР мектептері қаржы ұйымдарының кредиттерін қолданбаған.
a.
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер
көрсетуден түскен кірістер
ҚР «Білім туралы» заңының 63-бабына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелері
білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс төмендегі
қызметтерді ақылы негізде беруге құқылы:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер
шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен
қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер
(сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша
сабақтар ұйымдастыру;
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен
ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек
жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар,
сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру
және өткізу;
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша
қызметтерін ұсыну;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім
беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз
ету;
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;
8) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетуші еңбек
мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе
учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетуді).
Мемлекеттік білім беру мекемесі Сыныптауышқа сай жоспарланып отырған ақылы қызмет
түрін анықтайды
12
. Мемлекеттік білім беру мекемелерінде ақылы түрде ұсынылатын
тауарлар (жұмыс, қызмет) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен тәртіпте
бекітілуі керек. Алайда бұл тәртіп қандай құжаттармен реттелетіндігі туралы нақты дерек
жоқ. Төменде осы Нұсқаулықтың авторлары білім беру ұйымдарында кездесетін
практиканы ұсынып отыр.
12
"Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде
қалатын мемлекеттiк
мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң
сыныптауышын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы №
215 бұйрығы.
21
Кірісті есептеу үшін мекеме бухгалтері ұсынылатын қызмет құнының калькуляциясын
жасайды. Бұл есептеулер мен түсіндірме жазба ақылы қызметтің әр түрінің ақша түсімдері
мен шығындары жоспарына қоса беріледі. Бұл құжат Қамқоршылық кеңестің қарауына
ұсынылады. Содан кейін оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне (білім беру бөліміне)
бекітуге ұсынады.
1.
Ақылы қызмет көрсету түрлерін анықтау
Мектеп, Қамқоршылық кеңес
2.
Ұсынылатын қызмет құнының калькуляциясы
Мектеп бухгалтері
3.
Есептеулер мен түсіндірме жазбасы бар ақылы қызметтің әр
түріне ақша түсімдері мен шығындарының жоспары
Мектеп
4.
Ақша түсімдері мен шығындарының Жоспарына келісім алу
Қамқоршылық кеңес
5.
Ақшалай түсімдер мен шығындардың Жоспарын бекіту
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі (білім беру бөлімі)
Осылайша, ұсынылатын ақылы қызметтің баға прейскуранты пайда болады, ол әр мектепте
әр түрлі болуы мүмкін.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және
дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер,
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
жүзеге асырылады (ҚР «Білім туралы» заңы, 64-бап).
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 2 тармағына сәйкес тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын
мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және
олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны
жұмсау тәртібін мемлекеттік білім беру мекемелері анықтайды.
13
Осы Ережелерге сай мекемелерде арнайы орында келесі ақпараттарды көрсету керек:
1)
Мемлекеттік білім беру мекемесі ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсететін
қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізімін;
2)
заңмен бекітілген тәртіп бойынша ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың,
көрсететін қызметтердің) баға прейскуранты;
3)
үлгілік шарт нысаны.
14
Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының өзара қатынастары шартпен
реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған
үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Интернет-байланыстың қосымша қызметтеріне төлем жасау үшін шарт жасаспай-ақ
түбіртекті (шот-фактураны) төлеу арқасында ұсынылуы мүмкін. Мемлекеттік білім беру
13
ҚР Үкіметінің 2009 жылы 20 шілдеде №1102 қаулысымен бекітілген.
14
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылы 18 қаңтарда №21 бұйрығымен бекітілген
22
мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет
түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде
міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тараптардың қол жеткізген
уағдаластықтары негізінде жүргізіледі немесе ақшаны екінші деңгейдегі банктер арқылы
аудару.
Мемлекеттiк мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен
бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек,
ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ларына есептелуi тиiс. ( 8-бөлім «Бюджеттің
атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету»
15
).
Ақылы қызметтердің ҚБШ бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің ақылы негізде тауарлар
(жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынудан түсетін ақша түсімдері мен шығындары
жоспарын, қол қою үлгісі бар құжатты және мөр басылымын ұсынады.
Мемлекеттiк мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
өткізуден түсетiн ақшаның есебiнен операция жүргiзу үшiн жыл сайын мемлекеттiк
мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден
түсетiн ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспары (бұдан әрi – жоспар) жасалынады.
Жоспар ереженің 96-қосымшасына сәйкес жасалынады. Қаржыландырудың жоспары
бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен
қалыптастырылады
Қаржы жылы iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер жоспарды және
мемлекеттiк мекемелер бойынша Жиынтық жоспарды нақтылау шартымен оларға
өзгерiстер енгiзу арқылы ағымдағы жылы жұмсалуы мүмкiн. Ол үшін бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiсiне бюджет орындалу Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан
бойынша жоспарға өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы және есептермен негіздемелері
бар қосымшаны беру керек.
b.
Демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар,
гранттар
.
Тартылған қаражаттарды маңызды екі категорияға бөлуге болады: гранттар және түрлі
кіріс көздерінің жарналары
Грант – донорлардың, яғни үкімет институттарымен (мысалы, Мәдениет министрлігі),
халықаралық ұйымдарымен (БҰҰ), қайырымдылық ұйымдарымен (Сорос-Қазақстан
қоры және басқалары), корпорацияның арнайы бөлімшелерімен берілетін өтеусіз
қаржылық көмегі
16
. ( Нұсқаулықтың 9-қосымшасын қараңыз).
Гранттар белгілі бір немесе алуан түрлі қызметке, сондай-ақ операциялық шығыстарды қолдау
үшін грант шарты арқылы ұсынылады. Грант көлемі алдын-ала жарияланады, себебі грант
15
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 Қаулысы, 24.04.2013ж. өзгерістерімен
16
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес
қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009
жылғы 20 наурыздағы № 376 Қаулысы
23
алушы оның көлемін білуі тиіс
17
. Ереже бойынша гранттар бірнеше кезекпен бөлінеді. Ол
алдын-ала ескертіледі немесе шотты алғаннан кейін шығыстың толық сипаты беріледі.
Ерікті аударымдарға демеушілік көмек, саудадан түскен қаражаттар, сонымен қатар жеке
немесе топтық жарналар жатады.
Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім
беру мекемелері грантты материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім
беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды (ҚР «Білім туралы» заңы, 64-бап).
Демеушілік, қайырымдылық қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша
операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшеге
рұқсатты және қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді. Мемлекеттік мекеме
демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жоспарламайды.
Демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен мақсаттық түсімдерді мемлекеттік мекеме
мақсатқа сай пайдалануы қажет. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді
мемлекеттік мекеме мақсатка сай жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Демеушілік, қайырымдылық көмекті ағымдағы жылы мақсатқа сай пайдаланбаған
мемлекеттік мекеме оны келесі жылы мақсатқа сай пайдалана алады. Демеушілік,
қайырымдылық көмек ақшасын ағымдағы қаржы жылы жете пайдаланбаған жағдайда осы
ақшаны салған тұлға оны қайтарып алуға құқығы бар.
Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жұмсау «Бюджет атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету Ережеде» белгіленген тәртіппен ресімделген және
ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде демеушілік, қайырымдылық көмектің тиісті
шоттағы ақша қалдығының шеңберінде жүзеге асырылады. Демеушілік, қайырымдылық
көмектен түсетін түсімдер бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі
банктік қызметтерге ақы төлеуді мемлекеттік мекеме өзі және банк арасындағы кассалық
қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде демеушілік және қайырымдылық көмек ақшасы
есебінен жүргізеді.
Мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органымен белгіленген
тәртібі, нысаны және мерзімі бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен
түсімдер және оларды жұмсау туралы есепті жасайды және ұсынады.
Демеушілік, қайырымдылық көмек, грант есебінде алынған қаражаттарды қолдану кезінде
жұртшылықтың қатысуы міндетті. Білім беру ұйымдарын алқалы басқарудың бір түрі
болып білім беру ұйымының Қамқоршылық комитеті табылады, ол білім беру ұйымының
әкімшілігімен, ата-аналар комитеттерімен, жергілікті өкілдікті және атқарушы
органдармен, мүдделі ведомствалармен
және басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста
болады
.
18
Қамқоршылық кеңестер демеушілік жарналарды үлестіруге белсене ат салысуы керек.
Демек қаражаттарды үлестірудің ашықтылығы мен есептілігі қамтамасыз етіледі.
17
Дегенмен, донор қаржы тапшылығына байланысты немесе алымшының қызметіне қанағаттанбаған
жағдайда грант/жарнаны толық төлем жасамай тұрып кейін қайтарып алуы мүмкін.
18
«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 Бұйрығы
24
25
4.
Бюджеттің атқарылу ережелері
Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік
мекеменің негізгі құжаты болып табылады ол: «Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесінің»
19
(одан әрі - Ереже) 1-4-қосымшаларына
сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық
сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке
жоспар нысанында қалыптастырылады ( Нұсқаулықтың 2-5 қосымшалары).
Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және
уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке
алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-
шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге
асыруымен қамтамасыз етіледі.
4.1.
Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ҚБШ беру және жабу
Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (одан әрі - ҚБШ) – мемлекеттік мекеменің тауар
(жасалған жұмыс, қызмет көрсету) өткізгенінен түскен қаражаттарды есепке алу және онын
есебінен қаражаттарды жұмсау, ҚР заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік мекемеге
демеушілік, қайырымдылық көмек ретінде түскен ақашаны есепке алу және жұмсау, ҚР
заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңдық тұлғалардан
түсімдерді қайту алу немесе тиісті бюджетке немесе басқа тұлғаларға белгілі бір жағдайда
аудару мүмкіндігі бар шартпен есепке алу операцияларды есептеу.
Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемеге шығыстарды жүргізу үшін
жеті таңбалы код береді, мұндағы алғашқы үш таңба ҚР ББК сәйкес бюджет
бағдарламасының әкімшісін білдіреді, қалған төрт таңба әрбір мемлекеттік мекеме үшін
жеке беріледі.
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі тоқсан сайын ақылы қызмет көрсету, демеушілік,
қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру және шетелдік валютадағы шоттарды
тексереді және 6 ай аралығында ешқандай қозғалыс болмаса, ақша қалдығы және ҚБШ
мәліметтері мен шоттарды жабу туралы мемлекеттік мекемеге хабарлама жасайды.
Егер хабарлама алған күннен 3 жұмыс күннің ішінде ақылы көмек, демеушілік,
қайырымдылық көмек және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ жабуға шара қолданбаған
жағдайда, ҚБШ бюджет атқарулуы бойынша орталық уәкілетті органмен өз бетінше
жабылады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтарының
қолданылуын тоқтату үшін, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті органдарға Ереженің 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
мемлекеттік мекеме кодтарының қолданылуын тоқтатуға өтінімді жібереді.
19
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қаулысы, 24.04.2013ж. өзгерістерімен
26
Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытна
ораластырудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме
қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне Ереженің 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш береді. Өтініш екі данада беріледі
4.2.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
Мемлекеттік мекемелер шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері
бойынша міндеттемелерді ағымдағы қаржы жылына міндеттемелер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сома көлемінде қабылдайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркеуден өткеннен кейін мемлекеттік
мекемелерінің азаматтық- құқықтық мәмілері күшіне енеді. Бюджет атқарылуына тиісті
орталық уәкілетті орган шығындардың экономикалық жіктеу ерекшеліктер тізбесін,
сонымен қатар жасалған келісім шарттар аумақтық қазынашылық бөлімшелерде тіркеуге
міндет болып табылатын шығындар түрлерін аңықтайды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық нормаларын қолданбай тауарлар (жұмыстар,
қызметтер) сатып алу жөнінде мемлекеттік мекемелермен азаматтық- құқықтық мәміле
жасасу азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Шығыстарды орындау кезіндегі мемлекеттік мекеменің міндеттемелері келесі
негіздемелермен орындалған болып табылады:
1)
тауарларды (жұмыс, қызмет) сатып алу туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген шот-фактура, хабарландыру-шот немесе басқа құжат негізінде;
2) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы, шәкіртақы және басқа да ақшалай
төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, бюджетке
аударымдар жасау құжаттар негізінде;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген кезде бюджеттің міндеттемелері бойынша
бюджет бағдарламаларының әкімшілігі қаржыландыру жоспарының негізінде;
4) инкассалық өкім негізінде;
5) осы тізімге енгізілмеген ерекше шығыстар мен шығыстардың басқа түрлеріне
төлемдер жасау кезінде төлем шоттарын ұсыну негізінде.
4.3.
Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін қабылдауға қойылатын
талаптар
Азаматтық-құқықтық мәмілелер мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
заңы бекіткен мерзімнен, яғни ағымдағы қаржы жылынан асырмай жасалады. Мемлекеттік
мекемелермен іске асырылу мерзімі
ағымдағы қаржы жылынан асатын шартқа отыру
Ереженің 153 тармағына сәйкес жеке жағдайларда рұқсат етіледі.
Шығыстардың бюджеттік жіктеудің әрбір коды бойынша аванстық (алдын ала) төлем
ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде
шығыстардың экономикалық таптастырудың мынадай ерекшеліктері бойынша рұқсат
етіледі:
141 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
142 «Медикаменттер мен өзге медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу»;
27
Ереженің 157-160, 160-2-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктер мен шығыстардың
экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шығыстар түрлерін қоспағанда,
шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетілген тізбеге енбейтін ерекшеліктері
бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт
сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Экономикалық сыныптаманың жеке ерекшеліктері үшін аванстық (алдын-ала) төлем
кезінде талаптар қарастырылған (Ереженің 18-бөлімі).
Тауарлардың
,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған
азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат
берілмейді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттарға бюджетті нақтылаған,
түзеткен, өзгерістер енгізген жағдайларда, ҚР ББС және басқа жағдайларда қосымша
келісімдер жасалынады.
Мемлекеттік мекеменің екінші деңгейдегі банктермен және/немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрі - банк) құқықтық қатынастары осы
Ережеде
белгіленген
талаптарды
ескере
отырып,
Қазақстан
Республикасы
банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделеді.
4.4.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекемелер
ұсынатын құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің
шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық
қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған
өтінім негізінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің
азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім Ереженің 66-қосымшасына сәйкес
нысан бойынша жасалады (Нұсқаулықтың 10-қосымшасы).
Мемлекеттік мекеме қағаз тасығыштағы өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық
мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 165 және 166-
тармақтарында көзделген
құжаттарды
қоса
бере
отырып,
осы
Ереженің 65-
қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық
мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді
(Нұсқаулықтың 11-қосымшасы).
Өтінім онда көрсетілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жарамды болады.
Өтінімдер қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат
16.00-ге дейін жүзеге асырады.
Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере
отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады. Өтінімдерді рәсімдеу және ұсыну
Ереженің 20-тарауымен реттеледі (шарт сомасын өзгерту, шарттың мерзімін ұзарту және
т.б.).
28
Ереженiң 175, 176-тармақтарында белгiленген талаптарға өтiнiмнің оған қоса берiлген
құжаттардың не шарттардың сәйкес келмеген кезде, Ережеде қарастырылған жағдайларда
өтiнiм мен оған қоса берiлген құжаттарды аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қайтарып
береді.
Шартты тіркеу туралы хабарлама {бұдан әрі - хабарлама) мемлекеттік мекеменің ақша
алушымен жасасқан шартының тіркелуін растайтын құжат болып табылады. Хабарлама
мемлекеттiк мекемеге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне өтiнiмдi берген күннен бастап 2
жұмыс күнi iшiнде берiледi. Төлеуге берілетін шотты ұсыну мен атқару тәртіптері де
Ережемен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |