Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата31.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#10918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
№КК-1-21/937 
02.05.2013ж. 
 
Қазынашылық  департаментінің  экономикалық  сыныптамасы  ерекшеліктерін  қолдануын  түсіндіріп  беру  
жөніндегі келіп түскен хатына ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті былай деп жауап береді. 
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 14.03.2013ж. №27-4/27-И хатына 
сәйкес  қорлар  мен  негізгі  құралдарды  сатып  алу  жөніндегі  экономикалық  сыныптамасы  ерекшеліктері    Қазақстан 
Республикасының  Қаржы  министрлігі  2010  жылдың  15  маусымдағы  №281  бұйрығымен  (бұдан  әрі  –  Бұйрық  №281) 
бекітілген мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес топтастырылды.  
1.  Өзге  де  тауарларды  (тосол,  антифриз,  доптар,  шайбалар,  бадминтонға  арналған  жиындар,  стол 
теннисіне арналған жиындар және т.с.с.) сатып алу жөніндегі 
«Ұзақ  мерзімді  активтер»  бөлімінің  шоттары  жоспарында  2300  «Негізгі  құралдар»  кіші  бөлімшелерінде  2360  – 
«Машиналар  мен  жабдықтар» ,  2370  -  «Аспаптар,  өндірістік  және  шаруашылық  мүкәммалы»  шоттары  бойынша 
экономикалық  сыныптамасының  414-ерекшелігі  «Машиналар,  жабдықтар,  өндірістік  және  шаруашылық  мүккамал 
құралдарын сатып алу» бойынша активтер түрі аударылады. Қалғандары,  2380 «Өзге негізгі құралдар» шоты бойынша 
есепке  алынатындарды  419  ерекшелікке  «Басқа  да  негізгі  құралдарды  сатып  алу»  жатқызу  керек.  Күрек,  балға  және 
тістеуік сатып алу кезінде шығыстарды 414 ерекшелік «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал 
құралдарын сатып алу» арқылы жүзеге асыруға болады, себебі бұл тауарлар аспаптарға жатады және 2370 «Аспаптар, 
өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» шоты бойынша есепке алынады. 
Кәстрөл,  ыдыстар,  шелектер,  электр  су  қайнатқышы,  электр  шәйнегі,  спорт  шараларын  жүргізуге  арналған 
тауарлар (доптар, шайбалар, бадминтонға арналған жиын, стол теннисіне арналған жиындар және т.б.), құм сағаттар, гүл 
отырғызатын ыдыстар, бөлме гүлдерін сатып алу кезінде: егер бұл тауарлар құны арзан және тез тозғыш заттар қолдану 
мерзімі  бір  жылдан  аз  болып  табылса,  №281  бұйрыққа  сәйкес  1316  «Шаруашылық  материалдары  және  кеңсе 
жарақтары»  және  1319  «Өзге  де  материалдар»  шоттарында  есепке  алынады,  шығыстардың  экономикалық 
сыныптамасы  149  ерекшелікпен    есептелінеді,  ал  егерде  құны  арзан  және  тез  тозғыш  заттар  қолдану  мерзімі  бір 
жылдан  артық  болса,  2383  «Басқа  негізгі  құралдар»  шотында  есепке  алынып,  шығыстардың  экономикалық 
сыныптамасы 419 ерекшелікпен  есептелінеді. 
1315  «Отын,  ЖЖМ»  шотында  отындар  мен  жанар-жағар  материалдардың  есепке  алынатын  түрлерінің  тізімі 
көрсетілген.  Тосол,  антифриз  және  тежегіш  сұйықтығы  жоғарыда  көрсетілген  тізімге  кірмегендіктен,  оларды  149 
ерекшелік «Өзге де қорларды сатып алу» арқылы сатып алуға болады.  
Бухгалтерлік есептің шот қалдықтарын ауыстыру сызбасына сәйкес қалдықтар сальдосы 7) топ бойынша 019 
қосалқы  шот  «Басқа  да  активтер»    техникалық  тасығыштадағы  бағдарламалар,  оқулық  кинофильмдер,  магниттік 
дискілер  мен  ленталар,  кассеталар  және  басқалары  2383  «Басқа  да  негізгі  құралдар»  қосалқы  шотына  ауыстырылады, 
сондай-ақ  8)  топ  бойынша  019  қосалқы  шот  «Басқа  да  активтер»  басқа  да  мүліктер,  балалар  ойындары,  арнайы 
шаңғылар және басқалары 2383 «Басқа да негізгі құралдар» қосалқы шотына ауыстырылады, сондықтанда оларды 419 
ерекшелік бойынша сатып алуға болады.  
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 24.04.2013ж. №27-4/75-И хатына 
сәйкес  басқа  да  тауарларды  сатып  алу  (желілік  фильтр,  ұзартқыш,  «тышқан»  манипуляторы,  ақпарат  тасығыштар: 
флешкалар,  дискеталар,  дисктер  (CD  және  т.б.  және  «Мүгедектерге  әлеуметтік  қорғау»  бағдарламасы  аясында  – 
мүгедектерге  арналған  тифлоқұралдар,  сурдоқұралдар,  кресло-арбалар),  Шот  жоспарлары  бойынша  негізгі  құралдарға 
және құны 40 есе есептік көрсеткішінен аспайтын құралдар 410 сыныпша «Негізгі құралдарды, материалдық емес және 
биологиялық активтерді сатып алу» ерекшелігіне сәйкес жүзеге асырылады.  
2.  Тапсырыс  берушінің  теңгерiмдiк  тиесiлiлiгiн  бөлу  шекарасына  дейiнгі  желілеріне  Атқарушының  электр 
желісі арқылы электр энергиясын бергені үшін төлемдер бойынша. 
«Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 қаулысымен бекітілген коммуналдық қызметтерді ұсыну Ережелеріне 
сәйкес  электр  энергиясы  ұсыну  қызметтері  Қызмет  көрсетуші  мен  Тұтынушы  арасындағы  жеке  шарт  негізінде 
жүргізіледі. Тұтынушыға қолданған энергия үшін есептеулер есептеу құралдарының көрсеткіштерін негізге ала отырып 
энергиямен  жабдықтайтын  ұйым  берген  шот  бойынша  жүргізіледі.  Мемлекеттік  мекеменің  бюджет  шығысының  бұл 
түрі  шығыстардың  экономикалық  сыныптамасының  151  ерекшелік    «Коммуналдық  шығыстарды  төлеу»  бойынша 
жүргізіледі. 
Егер  шартта  электр  энергиясына  жеке  төлем  және  басқа  ұйымның  беріліс  тораптарының  шекарасы  арқылы 
беру  (электрмен  жабдықтайтын  ұйымда  тиісті  қондырғы  (трансформатордың  немесе  беріліс  торабының)  болмаған 
кезде)  қарастырылса,  онда  электр  энергиясын  төлеу  шығыстардың  экономикалық  сыныптамасының  151  ерекшелікпен  

83 
 
«Коммуналдық  шығыстарды  төлеу»  бойынша  жүргізіледі,  ал  оны  беру  159  ерекшелікпен  «Өзге  де  көрсетілген 
қызметтер мен жұмыстарға төлеу» жүзеге асыруға болады.  
3. Курьерлік қызметтерге төлем жасау мәселесі бойынша 
Шығыстардың  экономикалық  сыныптамасының  152  ерекшелік  «Байланыс  қызметтерін  төлеу»  бойынша  
үкіметтік байланыс, арнайы байланыс және байланыстың басқа түрлері енген шығыс жүргізіледі.  
Қазақстан  Республикасының  «Почта  туралы»  Заңының  1-бабы  43)  тармақшасына  сәйкес  курьерлік  почта 
қызметтері – почталық жөнелтімдерді тасымалдау және курьерді пайдалану арқылы оларды табыстау жөніндегі пошта 
байланысының қызметтері.  
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 2-бабы 5) және 69) тармақшаларына сәйкес арнайы 
байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі  заңмен қорғалатын кез келген  құпия және құндылықтар, 
оның  ішінде  қымбат  бағалы  металдар,  тастар  және  олардан  жасалған  бұйымдар  бар  арнаулы  және  өзге  де 
жөнелтілімдерді  қабылдауды,  өңдеуді,  күзетуді,  тасымалдауды  және  жеткізуді  (табыс  етуді)  қамтамасыз  ететін 
курьерлік байланыс түрі.  
Фельдъегерлік  байланыс  -  мемлекеттік  органдардың  хат-хабарларын,  оның  ішінде  мемлекеттік  құпияларды 
құрайтын  мәліметтерді  қабылдауды,  сақтауды,  тасымалдауды  және  жеткізуді  қамтамасыз  ететін  үкіметтік  курьерлік 
байланыстың түрі. 
Демек,  курьерлік  байланыс  қызметі  шығыстардың  экономикалық  сыныптамасының  152  ерекшелігімен 
төленеді. 
4. Қызметтік қолданыс үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі практикалық оқулықтарды (дискісі бар 
кітап), дидактикалық құралдар мен материалдарды сатып алу жөнінде  
№281 бұйрыққа сәйкес 018 «Кітапханалық қор» қосалқы шоттың сальдосы 2382 «Кітапханалық қор» қосалқы 
шотқа тасымалданады.   
Осыған  байланысты  қызметтік  қолданыс  үшін  мемлекеттік  сатып  алу  жөніндегі  практикалық  оқулықтар 
(дискісі бар кітап), дидактикалық құралдар мен материалдар 2382 «Кітапханалық қор» қосалқы шотында есептелсе, онда 
оларды сатып алуға жұмсалатын шығыстар 419 ерекшелік бойынша есептеледі.  
5.  Аналитикалық  карточкаларға  бақылау  жүргізу  туралы.  «Қазынашылық-Клиент»  жүйесінде  жүргізілген 
төлемдердің шоттары арқылы бақылау корпоративтік төлем карточкаларымен жүргізілмейді.  
Осыған  байланысты  «ҚР  ҚМ  Қазынашылық  комитеті  аумақтық  және  құрылымдық  бөлімшелерінің 
бюджеттердің  атқарылуына  қазынашылық  қызмет  көрсету  Тәртібін  бекіту  туралы»  ҚР  ҚМ  Қазынашылық  комитет 
төрағасының қ.а.  2012 жылдың 16 наурыздағы №58-дсп бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде нақты 
ұсыныстарды жіберу керек.  
6.  100  АЕК  дейін  тауарлар  «жұмыстар,  көрсетілген  қызметтер»  үшін  ҚҚС  аудару  кезінде  төлем 
мақсатын растайтын құжаттарды көрсету туралы. 
Бюджеттің  атқарылуы  және  оған  кассалық  қызмет  көрсету  ережесін  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қаулысының (бұдан әрі - Ереже) 119-тармағының 16-тармақшасына сәйкес 
"Төлемнiң  мақсаты"  ашық  жолағында:  төлемнiң  мақсаты,  құжаттың,  тауарларды  беру  туралы  құжаттың  атауы  (шот 
немесе  хабарлама-шот  немесе  шот-фактура),  нөмiрi  мен  күнi  немесе  орындалған  жұмыстардың,  көрсетiлген 
қызметтердiң  актiсi  немесе  осының  негiзiнде  тауарларды  (жұмыстарды,  қызметтердi)  сатып  алу  жүзеге  асырылатын 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгiленген 
басқа 
құжат) 
және 
қосымша: 
тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi 
көрсетіледі. 
ҚҚС сомасын аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша «Төлем мақсаты» жолағында міндетті түрде, 
мысалы  «№___  шартқа  сәйкес,  «____»____________,  шот  фактура  «___»    транспорттық  қызмет  көрсеткені  үшін 
жеткізушіге ҚҚС сомасын аудару» деп көрсету керек. 
7. Төлем белгілеу кодын (ТБК) қолдану жөнінде 
Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес 
мәліметтер  ұсыну  қағидаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Басқармасы  1999  жылғы  15 
қараша  №  388  Қаулысының  18-тармағына  сәйкес  төлем  құжаттарында  төлем  белгiлеу  кодын  біреуден  артық  қоюға 
болмайды. Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн 
код қойылады. 
 
 
 
Төрағаның орынбасары            (қол қойылған)               Ж. Сапарова 
 
 
 
 
 
 
 

84 
 
_________________________________________________________________________ 
Қол қойған: Ж.Б. Сапарова  
Әзірлеген: Шаяхметова М.А. Тел.71-83-39 
 
9-қосымша. Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, 
шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың 
тізбесі 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2009 жылғы 20 наурыздағы 
№ 376 қаулысымен 
бекітілген 
Гранттар беретін  
халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың,шетелдік және қазақстандық  
үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың  
тізбесі 
     Халықаралық ұйымдар 
1.
 
Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ)  
2.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО)  
3.
 
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы  
4.
 
Дүниежүзілік пошта одағы  
5.
 
Дүниежүзілік туристік ұйым 
6.
 
Дүниежүзілік Тағы Табиғат Қоры (WWҒ)  
7.
 
Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕҒ) 
8.
 
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ/UNІСЕҒ)  
9.
 
Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ/ЕВRD) 
10.
 
Еуропа Комиссиясы (ЕК/ЕС) 
11.
 
Еуропа Одағы (ЕО/ЕU) 
12.
 
Ислам Даму Банкі (ИДБ/IDВ) 
13.
 
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА/ІАЕА) 
14.
 
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (ХҚДБ/ІВRD) 
15.
 
Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көптарапты агенттік (ИККА/МIGА) 
16.
 
Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ/IDА) 
17.
 
Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық 
қауымдастығы (INТАS) 
18.
 
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ/ІLО) 
19.
 
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 
20.
 
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) 
21.
 
Заңнамалық метрология жөніндегі халықаралық ұйым 
22.
 
Халықаралық полиция (ИНТЕРПОЛ) 
23.
 
Халықаралық көрмелер бюросы 
24.
 
"Меrсу Соrрs Іntеrnаtіоnаl" халықаралық мейірбандық корпусы 
25.
 
Халықаралық армия спорты одағы 
26.
 
Халықаралық электр байланысы одағы 
27.
 
Халықаралық статистика институты 
28.
 
Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК/ІҒС) 
29.
 
Халықаралық Қызыл Крест федерациясы (ІҒRС) 
30.
 
Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ІҒАD) 
31.
 
Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) 
32.
 
Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық ұйымы (ЮНЕСКО/UNESСО) 
33.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN) 
34.
 
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО/ҒАО) 
35.
 
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/OSСЕ) 
36.
 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ/ОЕСD) 
37.
 
Халықаралық эпизоотиялық бюро 

85 
 
38.
 
БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО/UNIDO) 
39.
 
БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕБ/UNV) 
40.
 
БҰҰ-ның ЖҚТБ жөніндегі бағдарламасы (БҰҰ/ЖҚТБ/UNAIDS) 
41.
 
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ/UNDP) 
42.
 
БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП/UNEP) 
43.
 
ТМД елдеріне арналған Еуропа Одағының Техникалық көмек бағдарламасы - ТАСИС (ТАСІS) 
Бағдарламасы 
44.
 
Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарлама (ОАЭАБ/SРЕСА) 
45.
 
БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы (БҰҰ ЖКББ/UNHCR) 
46.
 
БҰҰ-ның Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасы ЕБҚАБ/UNDCP) 
47.
 
БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қызметке арналған қоры ЮНФПА/UNFPA) 
48.
 
Орталық Азия менеджментті дамыту қоры 
49.
 
Азия және Тынық мұхиты өңірі елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия 
(АТӨЕАЭК/ЕSСАР) 
50.
 
«Халықаралық түрме реформасы» (РRІ) халықаралық қоғамдық бірлестігі 
51.
 
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)  
52.
 
Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ) 
53.
 
ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қор 
Мемлекеттік ұйымдар 
 
      54. Америка халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД/USAID)  
      55. «Вrіtіsh Соunсіl» Британ кеңесі (БК/ВС)  
      56. Германия техникалық ынтымақтастық қоғамы (GТZ)  
      57. Дания халықаралық даму агенттігі (DANIDA)  
      58. Ұлыбритания халықаралық даму департаменті (DFID)  
      59. Египеттің ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі қоры (ЕТМДЕТЫҚ/ЕҒТССІS)  
      60. АҚШ Ақпарат агенттігі (ЮСИС/USIS)  
      61. «АЕСІ» Испания халықаралық ынтымақтастық агенттігі  
      62. Канада халықаралық даму агенттігі (СIDA)  
      63. Канада қоры (Саnаdа Ғиnd)  
      64. Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОІСА)  
      65. Қалпына келтіру жөніндегі кредиттік ведомство (КfW)  
      66. Кувейт араб экономикалық даму қоры (КАЭДҚ/КҒАЕD)  
      67. Малайзия техникалық ынтымақтастық бағдарламасы (МТСР)  
      68. НАТО-ның ғылыми комитеті  
      69. Даму жөніндегі неміс қоғамы (DEG)  
      70. Нидерландының Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі 
бағдарламасы - РSO Бағдарламасы  
      71. Нидерланды экономика институты (NЕІ)  
      72. Сауд даму қоры (СДҚ/SDҒ)  
      73. «Sеntеr» - Нидерланды Экономикалық істер министрлігінің агенттігі  
      74. Үндістан Сыртқы істер министрлігінің экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі 
бағдарламасы (ІТЕС)  
      75. Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ТІСА)  
      76. Ұлыбританияның «Know How Fund» қоры (KHF)  
      77. Израиль Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық орталығы (М АШАВ 
Бағдарламасы)  
      78. Швеция даму агенттігі (SIDА)  
      79. Швейцария инвестицияларға жәрдемдесу ұйымы (SOFІ)  
      80. Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA)  
      81. Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі (JBIС)  
      82. «Ядролық қатерді азайту жөніндегі бастама» (NTI) америка қоры  
      83. Америка азаматтық зерттеулерді дамыту қоры (СDRF)  
      84. Абу Даби муниципалитеті 

86 
 
Шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар 
     85. Азияның Дүлей зілзалаларды азайту орталығы (ADRS)  
     86. "Үміт тізбегі" Франция кардиохирургтерінің қауымдастығы  
     87. "Vоluntаrу Sеrvісеs Оvеrsеаs" Британ қоры (VSO)  
     88. "Вrіtіsh Ехесutіvе Sеrvісеs Оvеrsеаs" Британ қоры (ВЕSO)  
     89. Германия Қызыл Кресі (DRК)  
     90. "Каритас" Германия қоғамы  
     91. Германия академиялық алмасулар қоғамы  
     92. Карл Дуйсберг атындағы Германия қоғамы  
     93. "Баршаға арналған нан" Германия мейірбандық қоғамы  
     94. Германия алапестер қоғамы  
     95. Германия халық мектептері бірлестігі  
     96. Германия ашыққандарға көмек көрсету қоғамы  
     97. Германия дамуға көмектің ортақ ынтымақтастығы қоғамы  
     98. Германия өзара көмек серіктестіктері мен кассаларының бірлестігі  
     99. Германия дамуға көмек көрсетудің еңбек қауымы  
     100. "Дамуға көмек көрсету Мизереор/Орталығы" Германия қоры  
     101. "Корlіngwerк" Германия үкіметтік емес ұйымы  
     102. "Меdісо Іntеrnаtіоnаl" Германия үкіметтік емес ұйымы  
     103. "Теrrе dеs Ноmmеs" Германия үкіметтік емес ұйымы  
     104. "INKOTA - қолөнер" Германия үкіметтік емес ұйымы  
     105. Германия халықаралық ынтымақтастыққа арналған жинақ кассалары қоры  
     106. "САRЕ Dеutsсhlаnd" Германия үкіметтік емес ұйымы  
     107. "SOS Кіndеrdorf е.V. Dеutsсhlаnd, Rеnаtаstr" Германия қоры  
     108. "Неrмаnn-Gmеіnеr-Ғоnds е.V. Dеutsсhlаnd" Германия қоры  
     109. "Аguіlа" Германия қоғамы  
     110. "Сhrіstliсhе Вrudеrgеmеіnеdе Ғuldа" Германия қоры  
     111. "DAHW" Германия үкіметтік емес ұйымы  
     112. Германия педагогикалық алмасулар қызметі  
     113. Германия академиялық алмасулар қызметі  
     114. "Іntеrnаtіоnаlеr Ніlfsfоnds е.V." Германия қоры  
     115. ГФР Евангелие дамуға көмек орталығы  
     116. Түрме қызметтері халықаралық қауымдастығының Еуропа бюросы (Рrіsоn Ғеllоwshір Іntеrnаrіоnаl)  
     117. Ашық қоғам институты  
     118. Сервантес институты (Іnstіtutо Сеrvаntеs)  
     119. Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО)  
     120. "Интер Национес" Испания институты  
     121. "Мәдениет бейбітшілік үшін" Испания қоры (Ғundасіоn "Сulturа dе Раz")  
     122. Испания Қызыл Кресі (СRЕ)  
     123. Канада жергілікті бастамалар бағдарламасы (Lосаl Іnіtіаtіvе Рrоgrаm)   
     124. Канада климаттың өзгеруі жөніндегі бастамаларды қолдау қоры  
     125. "U.S. Реасе Соrрs" АҚШ бейбітшілік корпусы  
     126. "Таза су" Корея халықаралық клубы  
     127. Шетелдегі шығыс медицинасының корей қызметі  
     128. "Қазақстан - Корея" Корея достық қоғамы  
     129. Халықаралық сауда орталығы  
     130. "Іntеrnаtіоnаl NGO Тrаіnіng аnd Rеsеаrсh Сеntеr (ІNTRАС)" Ұлыбритания үкіметтік емес ұйымы   
     131. "Әлеуметтік ынтыматастық" Испанияның үкіметтік емес ұйымы (ОNG Соореrасіоn Sосіаl)   
     132. "Қазақстандағы Миссиялар қауымдастығы" Испанияның үкіметтік емес ұйымы (Аsосіасіоn Міsіоn Каzаkhstаn 
ОNG)  
     133. "Адали" Испанияның үкіметтік емес ұйымы (ОNG "Адали")  
     134. "NUҒҒІС" Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Нидерланды ұйымы   
     135. "НІVOS" дамушы елдермен ынтымақтастықтың Нидерланды гуманитарлық институты  
     136. "ІАС" Нидерланды халықаралық ауыл шаруашылығы орталығы  
     137. Иран Ислам Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы  
     138. "Аралды құтқарудың халықаралық қоры" қоғамдық қоры (ІҒАS)  
     139. Түрік мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитет (ТМӨБК)  
     140. "Әлеуметтік реформалар қоғамы" қайырымдылық ұйымының қоғамдық қоры  
     141. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл жарты ай қоғамы  
     142. ГФР мәдениет және білім министрлері тұрақты конференциясы  
     143. "САRІТАS РОLSКА" Польша қоры  
     144. Ислам жастары дүниежүзілік ассамблеясының өкілдігі  
     145. АҚШ Үкіметінің гуманитарлық көмек бағдарламасы (СНАР)  
     146. Саскачеван сауда және экспорт серіктестігі (SТЕР, Канада)  
     147. "Франция - Қазақстан" достық федерациясы  
     148. Александр Гумбольдт атындағы қор  
     149. Конрад Аденауэр атындағы қор  
     150. Фридрих Науманн атындағы қор  
     151. Ганс Зайдель атындағы қор  

87 
 
     152. Генрих Белль атындағы қор  
     153. Дамуды азаматтық зерттеулерді қолдау қоры (СDRҒ)  
     154. Абу Даби даму қоры  
     155. Әйелдердің даму қоры  
     156. "Сорос - Қазақстан" қоры  
     157. Фридрих Эберт қоры (Германия) (ФЭҚ/ҒЕS)  
     158. ГФР Халықаралық көші-қон және даму орталығы  
     159. "НІLКА (НІLҒ Каzакhstаn)" Швейцария қоры  
     160. "Unіtеd Wау Іntеrnаtіоnаl" корпоративтік қоры  
     161. "ІССО" Нидерланды қоры (Дамушы елдермен ынтымақтастыққа арналған шіркеуаралық ұйым)   
     162. Заид бен Сұлтан Әл Нахаян атындағы қайырымдылық-ізгілік ұйымы 
       
 
 
 

88 
 
10-қосымша. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім  
 
 
Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет  
көрсету ережесiне   
66-қосымша    
 
 
Мемлекеттiк мекеменiң 
коды  
 
Өтінім № 
 
Бюджет түрi 
 
 
 
Қаржыландыру көзi  
 
 
 
 
 
МЕМЛЕКЕТТIК МЕКЕМЕНIҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘМIЛЕСIН ТIРКЕУГЕ 
ӨТIНIМ 
Күнi 20__ ж. «___» ______________ 
Мемлекеттік мекеменің атауы 
Ақша алушының атауы және 
ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы 
банктiң атауы және БСК  
 
Тауарлардың (жұмыстардың, 
көрсетілген қызметтердің) 
атауы  
Валюта 
айырбасының 
нарықтық бағамы* 
Сомасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шығыс сипаттамасы: 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет