38
6.
Материалдық активтерді басқару
6.1
Түгендеу ұғымы мен түрлері
Түгендеу – мекемелердің мүліктерін іс жүзінде қолда барын түгендеу және оның жағдайын
бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру. Бұл мүлік құндылықтары мен құралдарды
сақтауды бақылаудың негізгі тәсілі. Мұндай түгендеу жұмысты жақсарту жөніндегі
шараларды қабылдау, сонымен қатар бухгалтерлік есептің деректерін нақтылау үшін қажет.
Бухгалтерлік есеп тауарлық-материалдық қорлардың табиғи кемуіне, олардың жоғалуына,
ұрлануына, жетіспеушілігіне және т.с.с. назар аудара алмайтыны белгілі. Мұндай шығыстар
тек түгендеу арқылы қалпына келтіріледі.
Сондықтанда түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс
жүзінде қолда барын айқындау;
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс
жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;
тозығы жеткендіктен немесе табиғи тозудан жарамсыз болып кеткен
пайдаланылмайтын материалдық құндылықтарды айқындау;
материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағидалары мен
шарттарының сақталуын тексеру;
есепте дебиторлық және кредиторлық берешекті, қаржы инвестицияларын және
бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.
Активтер мен міндеттемелерді тексерудің қамту дәрежесіне байланысты толық, ішінара
және іріктеп түгендеу деп бөледі. Толық түгендеу кәсіпорынның барлық активтерін
күрделі тексерістен өткізеді, ол жылдық қаржылық есепті жасар алдында жүргізіледі.
Ішінара түгендеу белгілі бір топты немесе активтердің жеке түрін (құралдарды) тексеруді
қамтиды, мысалы қоймалардың біріндегі материалдық құндылықтар.
Тексеру уақыты мен оны ұйымдастыруына байланысты түгендеу жоспарлы (бекітілген
мерзімдерде) және жоспардан тыс (қажеттілік бойынша) деп бөлінеді. Жоспарлы түгендеу
материалдық-жауапты тұлғаны бақылау мақсатында және есептіліктің көрсеткішін арттыру
үшін мерзімді түрде жүргізіледі. Жоспардан тыс түгендеу материалдық-жауапты тұлға
үшін дереу және күтпеген кезде активтердің сақталуын тексеру, яғни ұрлау немесе теріс
пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде, материалдық-жауапты
адамдарды ауыстыру кезінде, сондай-ақ өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенше
жағдайлар болған жағдайда жүргізіледі.
Демек түгендеу:
жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында;
материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде (қабылдап алу-тапсыру күніне);
ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде;
өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенше жағдайлар болған жағдайда;
мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған (қосу
және біріктіру, бөлу, бөліп беру және қайта құру) кезде жүргізіледі.
39
Түгендеуді жүргізу «Мемлекеттік мекемеде түгендеуді жүргізу қағидасымен» 22.08.2011ж.
№423 (одан әрі - Қағида) реттеледі.
Түгендеуді жүргізу мерзімі Қағидалармен анықталады (2-тарау). Айталық, машиналар мен
жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-
саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде
бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей түгендеу керек және т.б.
6.2
Түгендеуді жүргізудің тәртібі
Түгендеу жүргізу үшін келесілер қажет:
1.
түгендейтін комиссия құру, түгендеу жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері
белгіленген бұйрық шығару;
2.
міндеттері мен кестесі көрсетілген жұмыс жоспарын (күнтізбелік жоспар) жасау;
3.
қосалқы бөлмелерді, жер асты қоймаларын, кіретін және шығатын жеке есіктері бар
құндылықтар сақталатын басқа да орындарды мөрлеп бекіту, салмақ өлшейтін
барлық аспаптардың дұрыстығын тексеру, түгендеу сәтіне материалдық
құндылықтар мен ақшаның қозғалысы туралы соңғы есептерді алуды жүргізу;
4.
түгендеу басталғанға дейінгі күні құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша
барлық құжаттарды өңдеу аяқталуы тиіс, талдамалы есеп карточкаларында
(кітаптарында) тиісті жазбалар жүргізілуі және қалдықтар шығарылуы тиіс;
5.
материалдық жауапты тұлғалар, түгендеу бастағанға дейін түгендеу басына
құндылықтардың кірісі мен шығысына жатқызылатын барлық құжаттардың және
олардың жауаптылықпен сақтауына келіп түскен барлық құндылықтардың
бухгалтерлік қызметке тапсырылғаны, ал есептен шығарылғандарының шығысқа
жатқызылғаны туралы қолхат береді;
6.
мүліктерді түгендеуге дайындау (сұрыптау, түгендеу нөмерін тексеру, құжаттарды
салыстыру);
7.
түгендеу комиссиясына түгендеу ережесінің жинағын – нұсқаулықты жасау.
Орталық түгендеу комиссиясын құру, орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін
мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу, түгендеу жүргізудің күнтізбелік жоспарын
бекіту, сондай-ақ түгендеу комиссияларына қатысуы үшін қызметшілерді бөлу мемлекеттік
мекеме
басшысының
бұйрығымен
бекітіледі.
Осы
бұйрықтың
негізінде
орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары
өздерінің түгендеу комиссияларын тағайындайды.
Сонымен, түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты
жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері
белгіленеді. Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мемлекеттік мекеме
қызметкерлерінің арасынан кемінде 3 адам құрамында құрылады.
Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары
басқарады. Түгендеу комиссиясы түгендеуді толық құрамда ғана жүргізеді.
Комиссияның жұмысына мыналар жатады:
есеп объектісінің нақты санын анықтау;
40
тізімдемедегі мүліктің ағымдағы жағдайын сипаттау;
тізімдемелердің нәтижелерін тексеру, анықтау және есепте көрсету;
түгендеу туралы есеп беру.
Есеп объектісінің іс жүзінде болуы туралы мәліметтер түгендеу тізімдемелерінде
(салыстырма ведомостер) немесе түгендеу актілерінде (бұдан әрі мәтін бойынша
«тізімдемелер») жазылады. Тізімдемелер материалдық құндылықтар мен оларды сақтау
үшін жауапты материалдық жауапты тұлғалардың орналасқан жері бойынша жеке екі дана
жасалады.
Бір данасы бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екіншісі материалдық жауапты тұлғада
қалады.
Жарамсыз болып қалған құндылықтарға бөлек түгендеу тізімдемесі жасалады. Қателерді
түзету дұрыс емес жазуларды сызып тастау және сызып тасталған деректердің үстіне дұрыс
жазуды жазу жолымен тізімдеменің барлық данасында жүргізіледі. Түзетулерді түгендеу
комиссиясының барлық мүшелері және материалдық-жауапты тұлғалар келіседі және оған
қол қояды. Тізімдемелерде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімдеменің
соңғы парақтарындағы толтырылмаған жолдарға сызу сызылады.
Түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу жүргізудің дұрыстығын белгілеу мақсатында
бақылап тексерулер жүргізіледі.
Түгендеменің
бақылау
мақсатындағы
тексерулерінің
нәтижелері
Қағиданың 1-
қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді. Жүргізілетін бақылау мақсатындағы тексерулерді
есептеуді бухгалтерлік қызмет Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес арнайы кітапта жүргізеді.
Түгендеу нәтижелері Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес ведомосте көрсетіледі. Түгендеу
комиссиясының жұмысы хаттамамен ресімделеді.
«Қағидада» негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын және материалдық емес
активтерді, аяқталмаған өнідірісті, малдарды, өсімдіктерді, аяқталмаған құрылысты,
аяқталмаған ғылыми-зертеу мен конструкторлық жұмыстарды, бағалы металдар мен бағалы
тастарды, ақша қаражатын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді, дебиторлық және
кредиторлық қарыздар, қаржы инвестициясын түгендеу толық қарастырылған.
Негізгі құралдардың өзге де объектілерін және материалдық емес активтерді бағалау іс
жүзіндегі техникалық жағдай бойынша белгіленетін нарықтық құн бойынша жүргізілуі
тиіс.
Түгендеу кезінде анықталған мүліктің нақты бар болуының бухгалтерлік есепке алудың
деректерімен алшақтықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3
тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп
жүргізу ережесіне сәйкес реттеледі.
Артық шыққан негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаттары және басқа құндылықтар кіріске
алынуға және қаржылық нәтижеге есептелуге жатады. Материалдық құндылықтардың
жетіспеушілігі, сондай-ақ нормадан артық табиғи азаюы кінәлі адамдарға жатқызылады.
Кінәлі адамдар белгіленбеген немесе сот кінәлі адамдардан өндіріп алудан бас тартқан
41
жағдайларда жетіспеушілік пен азаюдан келетін залалдар мемлекеттік мекеменің
шығындарына шығарады.
Берілген түсіндірмелер мен түгендеу материалдарының негізінде анықталған
жетіспеушіліктердің, құндылықтардың бүлінуінен шығындардың, сондай-ақ олардың артық
шығуларының сипатын белгілейді және осыған сәйкес түгендеудің деректері мен
бухгалтерлік есепке алудың деректері арасындағы алшақтықты реттеу бойынша ұсыныс
енгізеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдың есебінде және есептілігінде
көрсетілуі тиіс.
42
7.
Ішкі бақылау
Ішкі бақылау дегеніміз мекеме басшысы ұйымдастырған және барлық жұмыскерлер
шаруашылық операцияларды орындауда өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау
мақсатында жүзеге асыратын шаралар жүйесін айтамыз. Бақылау - ұжымның ортақ ісі
болған жағдайда, барлығын қамтитын бақылау жүйесін құру жөн. Қызметтің тиімділігі мен
ұтымдылығын бағалау ішкі бақылаудың басты міндеті болып табылады.
7.1 Ұйымды басқару жүйесіндегі бақылаудың орны мен рөлі
Бақылау бірігетін кез-келген шаруашылық механизмі үшін қажет. Ішкі бақылаудың
тиімділігіне ұйымның жұмыс істеу тиімділігі тәуелді, ал ол өз кезегінде мектептегі білім
беру процесінің тиімді болу шарттарының бірі.
Басқару процесінің кез-келген кезеңінде басқару объектісінің жоспардан тыс ауытқып кетуі
мүмкін. Кез-келген қызмет ауытқусыз болмайды. Ұйымды басқару кезіндегі барлық
жинақталған ауытқуларды белгіленген бағыттан алыстайтын және оған жақындайтын деп
бөлуге болады. Мұндай ауытқулар мен сапа туралы ақпаратқа ішкі бақылау керек.
Ұйымның ішкі бақылауы – ұйым субъектілерімен:
1.
Ұйымның (бақылау объектісі) нақты жағдайын анықтау;
2.
Нақты деректерді жоспарланған деректермен салыстыру;
3.
Анықталған ауытқуларды және олардың ұйымның қызметіне әсер ету деңгейін бағалау;
4.
Тіркелген ауытқулар себептерін анықтау жұмыстарын жүргізу.
Ішкі бақылаудың мақсаты – тиімді шешім қабылдау мүмкіндігін алу үшін басқару
жүйелерін ақпаратпен қамтамасыз ету.
7.2 Ішкі бақылаудың сыныптамасы
Ішкі бақылаудың формалары мен әдістері алуан түрлі. Ішкі бақылаудың тиімді жүйесі
келесі бағыттарды бақылай алатындай етіп құрылуы керек:
Нормативтік-құқықтық базалардың талаптарын сақтау;
Бухгалтерлік және басқару есептерін жүргізу дәлдігі мен толықтығы, қаржылық
және басқару есептемесін жасау;
Есептемедегі қателіктер мен бұрмалаудың алдын-алу;
Бұйрықтар мен өкімдерді орындау;
Мүліктің сақталуын қамтамасыз еті.
Қазіргі экономикалық әдебиетте ішкі бақылау формасына берілген анықтама мен
көпшілікке танылған формалары, мысалы бухгалтерлік есептерге қарағанда жоқ.
Мектепте ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін ұйымның ішкі бақылаудың құрылымдық-
функционалдық формасын қолдануға болады. Кез-келген басшының лауазымдық міндетіне
кіретін бақылауды жүзеге асыру барысында ол кез-келген жауапты адамның міндетіне
қосылуы тиіс.
43
Ішкі бақылауды жүргізу кезінде әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануға болады: жалпы
ғылымидан бастап (талдау, ұқсастық, модельдеу және басқалары) жеке эмпириялыққа дейін
(түгендеу, жұмыстың бақылау өлшемдері, кері есептеу тәсілдері, логикалық тексеру және
басқалары).
Сондай-ақ ішкі бақылау сыныптамасы формалды сипатқа ие:
жүргізу кезеңдері бойынша бақылау алдын-ала, аралық, соңғы бақылау деп бөледі;
функционалдық бағыт бойынша ол әкімшілік, бухгалтерлік, қаржылық-экономикалық
(шаруашылық бөлімі бойынша), құқықтық, кадрлық бақылау және басқалары;
деректер көзі бойынша бақылау құжаттық, нақты, автоматтандырылған деп бөлінеді;
шаралардың мерзімділігі бойынша - жүйелік, мерзімдік, эпизодтық;
ақпаратты алу кезеңдері бойынша – алғашқы және жиынтық;
бақылау шараларын жүзеге асыру уақыты бойынша – алдын-ала, ағымдық, кейінгі;
бақылау шаралардың сипаты бойынша – жоспарлық және кенеттен.
7.3.
Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру
Ішкі бақылау жүйесін құрудың негізгі кезеңдері:
нақты нәтижелермен жұмыс істейтін ұйымға сыни талдау жасау және қойылған
мақсаттарды салыстыру;
Ұйымның дамуы туралы жаңа бағдарлама жасап, оны құжат жүзінде бекіту;
Ұйымды басқару құрылымының тиімділігін талдау (ұйымдастыру құрылымы,
штаттық және қаржылық ресурстарды бөлу, бекітілген ережелер мен
нұсқаулықтарға сәйкес басқару функциялары);
Ұйымның нақты қаржылық және шаруашылық операцияларды, активтерді,
міндеттерді бақылаудың үлгілік процедурасын (әдістерін) жасау.
Негізгі басқарушылық, қаржылық және шаруашылық операцияларды таңдау және сипаттау
жөніндегі жұмыстар маңызды болады. Негізгі басқарушылық процестердің таңдалуы
тәуекелдікті бағалау және ұйымның жұмыс істеу маңыздылық критериінің негізінде
жасалынады. Сонымен ішкі бақылау жүйесінің бақылау нүктелері қалыптастырылады.
a.
Жауапкершілік пен өкілеттілікті бөлу
Жауапкершілік пен өкілеттілікті бөлу шаруашылық операцияларды дұрыс жүргізудің кепілі
болуы керек және бухгалтерлік есепті алдын-ала қорғау функцияларын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету керек. Ол үшін лауазымдық нұсқаулықтар жасалады. Әрбір қызметкер үшін
лауазымдық нұсқаулық:
Жұмысшы кімге бағынышты екендігін.
Жұмысшы кімді басқаратындығын.
Қандай жұмысты орындайтындығын.
Қандай шешімдерді қабылдай алатындығын.
Не үшін жауапты, жауапкершілік.
Қандай құжаттарды орындайтындығын және қол қоятындығын.
44
Уақытша кімнің міндетін атқаратындығын (қажет кезде) анықтайды.
Жеке тұлғалардың талаптарды бұзудың алдын-алу үшін үйлеспейтін функцияларды бөлу
керек. Мысалы, активтерді басқару бойынша әртүрлі қызметкерлер арасында келесі
функциялар бөлінуі тиіс:
активтерге тікелей қолжетімділік,
активтермен операциялар жасауға рұқсат,
шаруашылық операцияларды атқару,
бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларды көрсету.
b.
«Ішкі бақылау жүйесі туралы ереженің» құрылымы мен мазмұнына қойылатын
негізгі талаптар
Ішкі бақылау туралы ереженің қатаң түрде берілген құрылым мен мазмұны жоқ. Мектеп
жұмыскерлері оны өзі жасап, бірлескен органдармен талқылай (әдістемелік кеңес,
жұртшылық кеңес, қамқоршылық кеңес және т.б.) алады. Субъектизмнің орнын толтыру
үшін ішкі бақылау жүйесінің жобасын жасау кезінде Қамқоршылық кеңесті, сонымен қатар
ата-аналарды қатыстырған жөн. Ішкі бақылау жүйесінің тұжырымдамасы бойынша
объективті және дәйекті шешімді бірлескен орган қабылдай алады, ол мектеп
шаруашылығын егжей-тегжей білетін, негізгі процестерді (операцияларды) таңдауға және
бақылау нүктесін анықтауға қабілетті болуға тиіс.
Қағиданың бірінші бөлімі «Жалпы сұрақтар» ішкі жүйенің мақсаттарын, міндеттерін,
функциялары мен принциптерін сипаттайды. Ішкі бақылау жүйесі келесі құрылымдық
бөлімдерден тұрады: бақылау ортасы, бухгалтерлік есеп жүйесі, ішкі бақылау құралдары
және тәуекелді бақылау жүйесі. Сондықтан да Қағиданың тексеру әдістерінен, лауазымдық
тұлғалардың, мектеп жұмыскерлерінің өкілеттігі мен жауапкершілігінен, ішкі басқару және
бухгалтерлік есеп құралдарынан, тәуекелді басқарудан тұруы тиіс.
c.
Ішкі бақылау процедуралары
Басқару есебінің мақсаты - жоспарлау, басқару және бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз
ету. Басқару есебінде жауапкершілік орталығына, яғни белгілі бір басқарушылық,
қаржылық және шаруашылық операциялар үшін жауапты тұлғаға баса назар аударылады.
Бұл орайда жауапкершілікке өзі нақты ықпал ете алатын ғана көрсеткіштер жатады.
Ішкі басқару бақылауы
Ішкі басқару бақылауы дегеніміз ұйымды басқару органдарының қызметінде атқарылатын
бақылау. Басқару бақылауы мектептің даму стратегиясының бағыты бойынша жүргізіледі,
лайықты жұмыс жағдайымен қамтитын, жұмысты дер кезінде және дұрыс орындауына
қажет ақпаратпен алмасу, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жауапты мектеп
директорының, хатшының, бухгалтердің және басқа да жауапты тұлғалардың қызметі.
Бұған мынадай процедуралар жатады:
тауарларды/қызмет көрсетуді сатып алу және ҚР заңына сәйкес қызметтер көрсету;
директор немесе өкілетті тұлға қол қоятын тауарларды/қызмет көрсетуді сатып алу,
қызмет көрсету;
45
электр шотын, су тұтынуды, өртке қарсы қондырғыларды және т.б. тексеру;
тауар алуды немесе қызмет көрсетуді растау үшін директор немесе өкілетті тұлға
бухгалтерлік құжаттарға қол қояды;
директордың алдын-ала рұқсаты бойынша кассир (бухгалтер) нақты ақшаны шешеді
және төлейді;
бухгалтерия жылдық және аралық қаржылық есептерді дайындайды, оған директор
қол қояды.
Ішкі басқару бақылауының құралдары:
Ішкі есептіліктің тиімді жүйесін құру.
Ішкі есептілікті ұсыну мерзімдері мен кезеңділігін анықтау.
Ұсынылатын басқару ақпаратының толықтылығы мен құндылығы туралы уақытылы
кеңес беру.
Ішкі бухгалтерлік бақылау
Ішкі бухгалтерлік бақылау – шаруашылық ақпаратты есепке алу және өңдеу кезінде
бухгалтерияның жүзеге асыратын бақылауы.
Ішкі бухгалтерлік бақылаудың құралдары:
Бастапқы есеп құжаттарын есепке алу кезінде тексеру.
Барлық бухгалтерлік жазбаларды құжат түрінде растау және рұқсат етілуі.
Өзара байланысқан операцияларды бақылау ( мысалы, қаражат аудару және тауар
алу).
Бухгалтерлік жазбаларды компьютерге енгізу кезінде олардың толықтылығын тексеру.
Сынамалық балансты құру арқылы шоттарды үнемі салыстырып тексеру.
Дебиторлар мен кредиторлармен өзара есептесуді үнемі салыстырып тексеру.
Есептегі деректерді салыстырып тексеру:
Банктегі шоттардың көшірмесімен,
Кассалық кітап бойынша шыққан қалдықтармен.
Шығыс сметаларды сақтауын қадағалау.
Ақпараттың сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз ету.
d.
Ішкі бақылау және тәуекелдікті басқару
Мектептің шаруашылық қызметіндегі негізгі тәуекелділік түрлерін бақылауды жеке
деңгейде ұйымдастыруға болады.
Жеке деңгейде ( жұмыскер деңгейінде) тәуекелдіктің келесі түрлері болады:
құндылықтарды ұрлау тәуекелдігі;
зиян тигізетін мәмілелер тәуекелдігі;
ұйымды сыбайлас жемқорлыққа тарту тәуекелдігі.
46
Аталған тәуекелдіктерді бақылау үшін келесі шараларды қолдануға болады:
1.
Алдын-ала бақылау
a.
қаржылық шешімдерді қабылдауға өкілетті жұмыскерлердің мінез-құлқы мен
біліктілік өлшемдерінің болуын бақылау;
b.
еңбек шартының мазмұнын бақылау;
c.
лауазымдық нұсқаулықтардың бар болуын және оның мазмұнын бақылау.
2.
Ағымдыға бақылау
a.
бір тұлғамен берілетін, төленетін немесе тартылатын ресурстардың көлемін
бақылау;
b.
анықталған лимит сомасынан асып кететін шаруашылық операциялар мен
мәмілелердің көлемін бақылау
3.
Кейінгі бақылау
a.
жұмыскерлердің бастапқы құжаттарды дұрыс толтыруын бақылау;
b.
бекітілген салыстырып тексеру процедураларын, сонымен қатар келісім және
төлем құжаттарына бұрыштама қою толық көлемде бақылау;
c.
есепке алу және есептілік деректерінен тұратын бастапқы құжаттар базасында
қалыптастыру процедурасын бақылау
7.4.
Қаржылық тәртіп және бухгалтерлік есепті біркелкі үлгіде бұзу
Бақылау органдары (Прокуратура, Қаржы полициясы, Қаржылық бақылау комитеті,
облыстардағы ҚР Есеп комитеті) білім беру ұйымдарында жүргізген тексерістердің
талдауы қаржылық тәртіп және бухгалтерлік есепті бұзудың көп үлесі келесі нормативтік-
құқықтық және реттейтін құжаттарда кездесетіндігін көрсетті:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық
кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» 2007 жылғы 29
желтоқсандағы №1400 Қаулысы.
«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 Қаулысы.
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының
қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық
жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы
2001
жылғы
29
тамыз
№1127
(31.12.2003ж. №1385 , 13.05.2004ж. №532 Қаулыларымен өзгеріс енгізілген).
«Мемлекеттік
бюджеттiң
есебiнен
ұсталатын
мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары
туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22
қыркүйектегі № 1428 Қаулысы.
«Өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі кейбір
шешімдеріне толықтырулар.
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы.
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және
47
талдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008
жылғы 30 желтоқсандағы №647 бұйрығы.
Біркелкі үлгідегі бұзушылыққа еңбекақыны және үстеме ақыны дұрыс есептемеу,
бухгалтерлік есепті жүргізу нұсқаулығын бұзу, ұялы телефонды қолдану арқылы негізсіз
шығынға ұшырату және басқалары жатады. Мемлекеттік сатып алу мәселелерін жеке
атаған жөн. Өткізу формасы, қажет конкурстық құжатты дайындау, мақсатқа сай 30%
алдын-ала төлеу, арам пиғылды жабдықтаушыға шара қолдану, қазақстандық мазмұндағы
есепке алу – осының барлығы мектеп директорларында қиындық туғызып, көбінесе
қателікке ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |