Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет25/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Көктемгі жаңбыр (бақылау) 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалар-
дың көктем туралы түсініктерін кеңейту. 
Табиғат құбылыстары: жаңбыр, найзағай, бұлттылық, 
кемпірқосақ, т.б. құбылыстарды бақылатып, түсіндіре отырып, 
осының негізінде балаларды байланыстырып сөйлеуге жаттық-
тыру, тілін дамыту, сөз қорын молайту. 
Тірек сөздер: найзағай, күркіреді, жаңбыр жауды, тамды, 
сіркіреді, құйып кетті, кемпірқосақ, т.б. 
Керекті құралдар: Табиғат қүбылыстарының картиналары. 
Тірек білім: Күнделікті өмір тәжірибелеріне сүйену: 
Жаңбырдың жаууын бақылау, оның дыбысын есту, найзағайды, 
бұлтты, кемпірқосақты бақылау арқылы алған білімдері. Таби-
ғат құбылыстары жөнінде жаттаған тақпақ, өлең, жұмбақ, жа-


69 
ңылтпаштары. 
Базалық білім: Осы құбылыстардың ауа райына тигізетін 
әсерін, ылғалдылық, бұлттылық, топырақтағы болатын өзгеріс-
тері, т.б. 
І. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті музыка тыңдаудан 
басталады. «Жаңбыр» әнін тыңдатып, оқушыларға эмоциялық 
әсер ету, сұрақтар мен тапсырмалар беру: 
а) Өлең не жайында айтылды? 
ә) Сендер жаңбырды бақылаған болатынсыңдар, сондағы 
байқағандарыңды айтып беріңдер (жауынға бетімізді, қолымыз-
ды тосып көргенбіз). 
б) Жаңбыр жауғанда қандай дыбыстар естисіңдер? 
Ол туралы сөйле құрастырыңдар (жаңбыр тырс-тырс 
етіп жауады). Тағы қалай айтуға болады? (себелеп, құйып, нө-
серлеп жауады). 
ІІ. а) Тәрбиешінің беретін қысқаша түсінігі: Жаңбыр 
бұлттан пайда болады, ұсақ тамшылар бір-бірімен қосылып, 
ауырлайды да бұлттан бөлініп, жерге түседі. Ол – су тамшы-
лары. Бұлт бірнеше түрлі болады: қою бұлт, сұрғылт бұлт, ақша 
бұлт, т.б. Бұлттар қозғалып, көшіп отырады, оны қозғалатын 
желдің бағыты. Өте қою бұлттан нөсер жаңбыр жауады. 
б) Осы айтылған түсінік бойынша сөйлем құрату. Ол 
үшін тірек сөздер беріледі (қою бұлт, нөсер, сіркіреді, тамшы-
лады, т.б.).
Мәселен, балалар мынандай сөйлем құрастыруы мүмкін: 
аспанды қою бұлт басты; қою бұлттан нөсер жаңбыр жауды; күн 
бұлттанып жаңбыр сіркіреді; жаңбыр тамшылады; аспанда ақ-
ша бұлттар көшіп жүр т.б.
Балалардың сөйлем құрауына тәрбиеші назар аударып 
тірек сөздерді есіне түсіреді. Олардың құрған сөйлемдерін қай-
талатып, бүкіл баланың назарын сөйлемнің мәніне аударады. 
ІІІ. Көрнекілікпен жұмыс: жаңбырлы күнді бейне-
лейтін сурет бойынша балалардың әңгіме құрастыруына жағ-
дай жасау:
– Суреттегі көріністі байқап қарап ат қойыңдар.
– Осы көрініс туралы әңгімелеңдер. 


70 
ІV. Ауыз әдебиетін пайдаланып, жұмбақ шешу: 
а) Жөңкиді бұлттар дүркіреп, 
Жауады жауын күркіреп. 
Аспанның жүзі жарқ етті, 
Ақнайза жерге жарқ етті. (Найзағай) 
Жұмбақтағы жөңкиді, дүркіреді, күркіреді, ақнайза, т.б. 
сөздердің мәнін ашып түсіндіру. 
б) Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау: 
Ақсың, сұрсың, қарасың 
Қайда қалқып барасың ? 
Жерге нөсер төгемін. 
Өссін гүлдер көп егін,
Гүл-гүл жайнап өсер көп,
Нөсерлетсең, нөсерлет! 
Жаңбырдың жалпы табиғатқа тигізер пайдасы туралы 
әңгімелеу. Жаңбыр кезінде байқағандарын айтқызу. 
в) “Кемпірқосақ” өлеңін жаттау. 
Жаңбыр жауып басылды, 
Күннің көзі ашылды. 
Көк жиекке көрікті,
Кемпірқосақ асылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Тұрды ауыл қасында. 
Жете алмайсың қуғанмен,
Ренжіме жасыма (Ә. Дүйсенбиев). 
V.. Қимылды ойын: «Көктемгі жауын» (музыка ойнала-
ды). Бақылау кезінде көргендері мен сабақта алған білімдерін 
тұжырымдап байланыстыру үшін «Көктемгі жаңбыр» тақыры-
бына сурет салу. Салған суреттер бойынша әңгімелету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет