Қосмекенділер-амфибилер суда тіршілік ететін балықтар мен құрлықта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы. Олар алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төрт аяқты омыртқалы жануарлар. Олардың қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі, артқы аяқтары мен жамбас белдеуі, алдыңғы аяқтарының қаңқасынан тұрады. Омыртқа жотасы: мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық болып бөлінеді. Құрлыққа шығуына байланысты аяқ сүйектері бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Олардың суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қосмекенділер дейді. Бұлар суда пайда болған личинкадан құрлықта тіршілік ететін ересек түрге айналады.
Қазіргі таңда қосмекенділердің 2600-2800 жуық түрі кездеседі. Олар үш отрядқа бөлінеді: құйрықтылар, аяқсыздар, құйрықтылар. Бұлар құрғақшылық және суық жерлерде кездеспейді. Биік тауларда, Арктика мен Антарктикада мүлдем жоқ. Қосмекенділерге ең керегі жылылық. Олардың көптеген түрлері 7-8 градустық суық болса, қырылып қалады. Қосмекенділер тұзды суларда және тұзы көп топырақты мекендей алмайды. Қосмекенділерде қорғаныш реңі және регенерация дамыған
1
7
Құстар класы. Жалпы сипаттама, құстардың көптүрлілігі, тіршілік ортасына, қоректенуіне байланысты сыртқы құрылысы және тіршілік әрекеттерінің өзгерісі. Қауырсыны ұшу органдары. Өсімдікпен, бунақденелілермен, қоректенетін және жыртқыш құстар.
Құстар жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше түрі. Құстардың орталық нерв жүйесі жақсы жетілген, сондықтан олар түрлі жағдайларға қарай бейімделе алады. Денесінде зат алмасу процесі жылдам жүреді және жылуы реттеліп отырады, сондықтан дене температурасы тұрақты. Ауа кеңістігіне ұшу қабілетімен қатар олардың қозғалу, жүру, өрмелеу қабілеттері де жойылмаған. Көбеюі біршама жетілген
Қазіргі кездегі түйеқұстардың ең ірісі Африка түйеқұсы. Олардың ересегінің биіктігі 260-275 см, салмағы-50 кг болады. Олардың ұрғашысының салмағы 400 гр болатын 10-15 жұмыртқа салады да, оның еркегі түнде, аналығы күндіз кезектесіп басып шығарады. Балапандары ширақ болады.