"Қосымша білім беру мекемелерінде ойын іс-әрекетін ұйымдастыру" пәні бойынша дәрістер курсы [Электронный ресурс] Туткышева, Г. Т. 2015. - 10 дәріс. - Б. ц.
Ғылымилық принцип. Бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктері орыналуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда жеңілдей түседі, өйткені заманауи оқыту үрдісінде пән ішілік байланыс өте жоғары. Оқытудың ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенеді. Ол пәнге қатысты модель құру, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-әрекетін қамтитынын көрсетеді.
Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды бекіту үшін деп түсінуі мүмкін. Бірақ, қайталану командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.

Іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекеттеріндегі білім мазмұны мен құралдарын толық түсінуі болып табылады, бұл қағида барлық пән үшін орындалады деп есептелінеді. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші рөл атқарады.