Мектеп Малайсары батыр ат. Жоббм педагогтің аты-жөні


-тапсырма. 27 + 36, 63 – 27 түсіндіре отырып шығарады. Қорытынды жасайды. 27 + 36



бет3/9
Дата29.09.2023
өлшемі291,4 Kb.
#111806
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-тапсырма.
27 + 36, 63 – 27 түсіндіре отырып шығарады. Қорытынды жасайды.
27 + 36 өрнегінің мәнін қалай есептедің? Қосылғыштарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
Ондыққа ондықты қосады, бірлікке бірлікті қосады.
Ондықтар мен бірліктердің қосындысының мәнін қосады.
27 + 36 = (20 + 7) + (30 + 6) = (20 + 30) + (7 + 6) = 50 + 13 = 63
63 – 27 өрнегінің мәнін қалай есептедің? 63 – азайғыш, 27 – азайтқыш.
Азайғышты екі қосылғыштың қосындысымен алмастыру: 63=50 + 13.
Азайтқышты разрядтық қосылғыштарға жіктеу. 27 = 20 + 7
Ондықтан ондықты азайтады, бірліктен бірлікті азайтады.
Ондықтар мен бірліктердің айырмасының мәнін қосады.
Қосындыдан санды азайту тәсілін қолдану:
63 – 27 = (50 + 13) – 7 = (50 – 20) + (13 – 7) = 30 + 6= 36.
Ойсергек: «Сиқырға айналу».
Бұл сергіту жаттығуы оқушылардың өзін епсіз қонжық, көңілді көжек, желдің ұйытқуынан ағаштардың тербелуі және жапырақтарға ұқсас жеңіл айналуы, жауған жаңбыр тамшылары сияқты және т.б. сезінуге мүмкіндік жасайды.
Мұғалім: «Жел қатты соқты, бидай масақтары тербелді», – деп хабарлайды. (Оқушылар тербетіле қозғалады), «Домалап келе жатқан бауырсақты көрген көжек қуана секірді» (Оқушылар көжек болып қуана секіреді) , «Көбелек ұшты», «Мысық мияулап, қожайынына еркеледі» т.б. Оқушылар көбелектің, мысықтың т.б. қимыл-қозғалысын бейнелегенде, әрине, сол кейіпке енеді.

Оқулықпен жұмыс.


  1. тапсырмада берілген өрнектің мәнін есептеу үшін қосылғыштарды жіктеу, соның негізінде бірлікке бірлікті қосу, ондыққа ондықты қосу амалдары орындалады:

20 + (6 + 7) = 20 + 13 = 33.

Сызбанұсқаны және жазуды қарастырады, азайту тәсілін түсіндіреді, қорытынды жасайды.


20 + (13 – 7) = 20 + 6 = 26

  1. тапсырмада жаңа білімді жетілдіруге бағытталған.

Қосу мен азайтудың қалай орындалғанын түсіндіреді және қорытынды жасайды.

Қимылды жаттығу жасайды.



1 және 2-тапсырмалар. Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтама». Тапсырмаларды белсенді орындаған, талпынған және өз ойларын жеткізген балалардың еңбегі, сондай-ақ ұтымды жауаптарымен, ойлау дағдыларымен ерекшеленген балалардың еңбегі мадақталады.



CD диск.
Көрнекі кестелер:
«Сандарды қосу мен азайтудың алгоритмдері».
№9 кесте .

26 + 7, 33 – 7,


27 + 36, 63 – 27
түріндегі өрнектерді тиімді тәсілмен есептеу үлгісі көрсетілген сызбалар мен кестелер, слайд.
https://bilimland.kz/ kk/subject/matemat ika/2-synyp/eki- tangbaly-sandardy- auyzsha-qosu- zhane- azajtu?mid=ea997b 53-9ee4-11e9-a361-
1f1ed251dcfe
Оқулық
Интербелсенді тақта




Жаңа білімін бекітуге ұсынылған 3-тапсырма берілген өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен табады. 68 + 4
1-тәсіл:

Жауабы: қосындының мәні 72-ге тең.
2-тәсіл:

  • 68-ді разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу:

68 = 60 + 8; (60 + 8) + 4.

  • Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып, қосындының мәнін есептеу: 60 + (8 + 4) = 60 + 12 = 72.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет