2-тапсырма.
27 + 36, 63 – 27 түсіндіре отырып шығарады. Қорытынды жасайды.
27 + 36 өрнегінің мәнін қалай есептедің? Қосылғыштарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
Ондыққа ондықты қосады, бірлікке бірлікті қосады.
Ондықтар мен бірліктердің қосындысының мәнін қосады.
27 + 36 = (20 + 7) + (30 + 6) = (20 + 30) + (7 + 6) = 50 + 13 = 63
63 – 27 өрнегінің мәнін қалай есептедің? 63 – азайғыш, 27 – азайтқыш.
Азайғышты екі қосылғыштың қосындысымен алмастыру: 63=50 + 13.
Азайтқышты разрядтық қосылғыштарға жіктеу. 27 = 20 + 7
Ондықтан ондықты азайтады, бірліктен бірлікті азайтады.
Ондықтар мен бірліктердің айырмасының мәнін қосады.
Қосындыдан санды азайту тәсілін қолдану:
63 – 27 = (50 + 13) – 7 = (50 – 20) + (13 – 7) = 30 + 6= 36.
Ойсергек: «Сиқырға айналу».
Бұл сергіту жаттығуы оқушылардың өзін епсіз қонжық, көңілді көжек, желдің ұйытқуынан ағаштардың тербелуі және жапырақтарға ұқсас жеңіл айналуы, жауған жаңбыр тамшылары сияқты және т.б. сезінуге мүмкіндік жасайды.
Мұғалім: «Жел қатты соқты, бидай масақтары тербелді», – деп хабарлайды. (Оқушылар тербетіле қозғалады), «Домалап келе жатқан бауырсақты көрген көжек қуана секірді» (Оқушылар көжек болып қуана секіреді) , «Көбелек ұшты», «Мысық мияулап, қожайынына еркеледі» т.б. Оқушылар көбелектің, мысықтың т.б. қимыл-қозғалысын бейнелегенде, әрине, сол кейіпке енеді.
|
Оқулықпен жұмыс.
тапсырмада берілген өрнектің мәнін есептеу үшін қосылғыштарды жіктеу, соның негізінде бірлікке бірлікті қосу, ондыққа ондықты қосу амалдары орындалады:
20 + (6 + 7) = 20 + 13 = 33.
Сызбанұсқаны және жазуды қарастырады, азайту тәсілін түсіндіреді, қорытынды жасайды.
20 + (13 – 7) = 20 + 6 = 26
тапсырмада жаңа білімді жетілдіруге бағытталған.
Қосу мен азайтудың қалай орындалғанын түсіндіреді және қорытынды жасайды.
Қимылды жаттығу жасайды.
|
1 және 2-тапсырмалар. Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтама». Тапсырмаларды белсенді орындаған, талпынған және өз ойларын жеткізген балалардың еңбегі, сондай-ақ ұтымды жауаптарымен, ойлау дағдыларымен ерекшеленген балалардың еңбегі мадақталады.
|