3. Ынталандыру принципінің шарттары. Ынталандыру принципі-оқуға,білімге мұғалімнің жеке басына деген,сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне,түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта, ықылас болса, онда олардың оқу-танымдық іс-әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Ынталандыру пртнципінің шарттары: -жаңа және дәстүрлі емес оқуту нысандарын қолдану;
-ділгірлік оқыту;
-компьютерлік технологияны қолдану (АКТ);
-өзара оқыту (жұптық,топтық);
-білім,іскерлікті тест арқылы тексеру;
-сыныпта жағымды микроклимат жасау;
-мұғалімнің өз пәніне, оқушыларға оң көзқарасы;
-оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
-оқыту нысандарын және әдістерін түрлердіру.
4. Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі қызметінің ерекшеліктері. 5. Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге атсалысты. Олар: оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық.
Оқушылардың пікірінше мұғалімдермен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау,яғни білімін дұрыс бағаламау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі, соның салдарынан оқушылардың үй тапсырмаларын орындауға ынтасының болмауына және сабаққа қатыспауына әкеп соқтырады.