Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары



бет5/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
педагогика жауаптары

7. Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары.
Адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға тоқталатын болсақ:

  1. Әрбір адам баласы өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат- міндеттеріне, адамгершілік қасиеттердің тұтастығына сай тәрбиелеуді қамтамасыз ету;

  2. Адамгершілік сананы, сезімді, көзқарасты тәрбиелеу;

  3. Жас ұрпақтың бойында Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз- өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту;

  4. Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

 Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары..
Адамгершілік,мораль қоғамдық санада нақты тарихи қоғамдық қатынастан туындайды,ол адамдардың рухани азығы және де адамдар қарым-қатынасындағы белгілі қағида,нормалалардың шындық әлеммен байланысы.Адамгершілік-қоғамдық ойға сүйене отырып, рухани дамуға,адамдардың сана-сезіміне әсер етеді,оларды қоғамда қалыптасқан адамгершілік заңдылығына тәрбиелейді.Нақты адамдық адамгершілікке жалпы қоғамдық мораль әсер етіп отырады. Адамгершілік қасиеттін негізгі элементтері ретінде ерік-жігер,талап,тілек,өмірдің адамдық мәнін түсіну көрініс береді.Рухани адамгершілік тәрбиенің нәтижесі- рухани адамдық тәрбие,ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары,қарым-қатынастарында қалыптасады. Негізінен алғанда адамгершілік тәрбиесін үш түрлі-функционалдық-әлеуметтік,теориялық және практикалық салада қарастырған жөн.Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі болашақ ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізу болса,теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.Ал оның практикалық қызметіне адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді жатқызуға болады.

Мектеп оқушыларының даму ерекшелігін ескере отырып, төмендегі әдістер белгіленді:

  1. Мұғалім мен ата-ананың үлгісі, күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

  2. Оқушыларға жақсы мінез-құлықпен адамгершілік ережелерін үйрету, соған сай балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

  3. Сендіру, түсіндіру;

  4. Мадақтау, кінәлау, айыптау, жазалау, бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет