Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Оқушылардың білімді ұғыну сатылары



бет4/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
6. Оқушылардың білімді ұғыну сатылары.
Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды ) анықтау.
2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.
3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
5. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.
6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.


Ұғыну –бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну прцесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Білімді бекіту. Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.Бекіту- бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін бекіту әт түрлі практикалық, лабороториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.
Білім мен дағдыны практикада қолдану.Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді прктикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегеннен болады.
Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет