Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары



бет8/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
педагогика жауаптары

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан — жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін — өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  1. Ақпараттық қоғам құру кезеңіндей адамның жеке тұлғасын өмірге дайындау мына сатылардан тұрады:

ойлау қабілетін жетілдіру;
эстетикалық тәрбие;
қатынасу-сөйлесу қасиеттерін дамыту;
тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптас-тыру;
ғылыми-тәжірбиелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;

  1. Қоғамды ақпараттандыруға байланыс-ты туындайтын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру процесі:

информатика және есептеу техника-сы саласында мамандарды дайындау;
жаңа информациялық технологиялар құралдарын тұтына білушілерді дайындау;

  1. Оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін екпінді ету:

жаңа информациялық технолгиялар құрал-дары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын көтеру;
оқушылар мен студенттердің танымдық қасиеттерін жетілдіру қажет ынталан-дыру істерін жүргізуді қамтамасыз ету;
Педагогикалық практиканы жетілдірудегі жаңа жетістіктер педагогикалық мамандықтар студенттерін оқытуда жаңа технологияларының пайда болуына әкелуде. Ақпараттық төңкерісқоғамның,білім берудің ақпараттандырылуы өмірлік маңызды мәселелерді өздігінен шешуді,білімдегі бос кеңістіктерді жылдам жою қабілеттілігін белсендіруді талап етеді. 
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет