Дидактикалық мақсатына қарай әдістердің классификациясы (жіктелуі):а) білім алу; б) іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; в) білімді қолдану; г) шығармашылық іс-әрекет; д) бекіту; е) білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру.
Танымдық іс-әрекет типіне қарай әдістердің классификациясы: түсіндірмелі – иллюстративтік; репродуктивтік (қайталап айту); проблемдік баяндау; бөліктік-іздеушілік (эвристикалық); зерттеушілік.
Оқушылардың белсенділігінің дәрежесіне қарай классификация: белсенді; пассивті
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу – тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.
Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.
Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.
Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.
Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.
Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.
Теориялық ой - дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.
Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.
Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс.
Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр.
Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |