4-кезең. Миссияны тұжырымдау және таныстыру
Миссияны ресімдеу, біріншіден, миссияның мәтіні қарапайым, сонымен қатар миссияны тұтынатын адамдар үшін тұлғалық тұрғыдан маңызды болуын қарастырады. Екіншіден, мәтін түрлі түсті және тартымды безендірілген болуы керек.
Миссияны таныстыру әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, миссияны басып шығаруға және «тұтынушыларға» брошюра түрінде таратуға болады, қабырғаға орналастырылған плакат ретінде немесе жиналыста баяндау арқылы таныстыруға болады және т.б.
Миссияны таныстырудың міндетті шарты – білім беру мекемесінің қызметтерін тікелей немесе жанама тұтынушы болуы мүмкін тұлғалар мектептің миссиясын білуі керек.
Бұл кезеңнің нәтижесінде миссия оны білуі керек адамдардың барлығына таныстырылуы тиіс.
Сонымен, мектептің миссиясы:
болашақтағы мінсіз мектеп бейнесіне негізделеді;
ұжымға ортақ құндылықтар мен көзқарастарды білдіреді;
мектеп мәдениетімен байланысты;
білім беру процесіне жауапты барлық адамдардың қолдауына ие;
ұйымдастыру және оқыту стиліне белгілі дәрежеде әсер етеді;
шешім қабылдау процесі мен мектептің жұмысына басшылық жасайды;
мектеппен байланысты барлық адамдар үшін мектептің қаншалықты пайдалы екендігін бағалауға болатындай етіп тұжырымдалады.
Миссия бойынша жұмыс біраз уақытқа дейін ұжымның стратегиялық жоспарды әзірлеу қызметінің дербес бағытына айналуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі мәселелерді шешу маңызды:
мектеп тарихы: оның жетістіктері мен сәтсіздіктері, тәжірибесі, дәстүрлі қызмет түрлері, бітірген түлектері, орналасқан орны, басшылары (көшбасшылар, құрылтайшылар) және олардың тарихы, өмірлік ұстанымы мен көзқарасы;
Достарыңызбен бөлісу: |