І тарау. Бектауата тауының географиялық орны мен геологиялық ерекшеліктері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
І:1. Бектауата тауының геграфиялық орны және геологиялық ерекшеліктері
І:2. Өсімдіктер дүниесі
І:3. Жануарлар әлемі
І:4. Бектауата табиғатының бүгінгі жағдайы, пайдалану, қорғау шаралары.
ІІ тарау. Бектауата тауы етегіндегі археологиялық ескерткіштер кешені және оларды тарихи қалпына келтіру аспектісі тұрғысынан маңыздылығы.
Қорытынды.
І:1. Бектауата тауының географиялық орны мен геологиялық ерекшеліктері.
Бектауата — Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 1213 м. Құбылтайөзек аңғары оны батысындағы Сарықұлжа (1082 м) тауынан бөліп тұрады. Бектауатаның беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Карбон кезеңінің қызғылт граниттерінен түзілген. Беткейлерінде өте сирек бұта мен селдір шөп өседі, тауаралық аңғарларында көктерек, тал, түрлі бұта кездеседі. Некен-саяқ елік, арқар мекендейді. Пьезооптикалық минералдардың ұсақ кен орындары мен табиғи үңгірлер бар. Олардың ішіндегі ең ірісі таудың оңтүстік – батыс беткейінде орналасқан — Бектауата үңгірі. Ол биотитті гранит пен аплит тау жыныстарының жапсарындағы жіктің үгіліп, еріп бұзылуынан пайда болған. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Бектауата үңгірінің жалпы ұзындығы 45-48 м-дей. Үңгірдің аузы тау етегінен 80-100 м биіктікте орналасқан, оған тас қорымы арқылы көтеріледі. Алдында ұзындығы 6-7 м, көлденеңі 4-5 м тегіс ашық алаң бар. Үңгірге кірер қуыстың биіктігі 3 м-дей, ені 1,5 м, одан әрі ені 2-2,5 м-ге дейін кеңиді, табаны 15-16 м-ге дейін тегіс, одан әрі сәл көтеріңкі, сонан соң төмендейді. 29 м-ден әрі үңгір түбін тереңдігі 1,5 м-дей көлшік алып жатыр. Үңгір бірте-бірте жоғарылап, ені 1,5 м-ге дейін тарылады. Жоғары жағы мұржа тәрізді дөңгелек тар тесікке айналып жер бетіне шығады. Суы мөлдір, өте салқын, түбі лай. Су деңгейі бір қалыпта сақталады. Ертеректе Бектауата үңгірі ауру адамдар, бала көтермейтін әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, құдайдан тілектерінің орындалуын сұрап жүретін орын болған. Кейін туристерді қызықтыратын мекенге айналған.
І:2. Өсімдіктер дүниесі.
Сарыарқа тауларының табиғат жағдайлары өте әр түрлі болып келеді де, осыған сәйкес олардың фаунасы да бай және сан - алуан болады. Сондай, табиғатының сан - алуандығы бойынша көрікті жерге Бектауата таулары жатады. Олар негізінен ірі түйіршікті гранитоидтармен түзілген. Бектауатаның тек солтүстік - батыс шеті ғана (Қоңырқұлжа мен Қарашоқы шоқылары) эффузивті жыныстардан тұрады. Бектауатада жақсы көрінетін аңғарлар бар, бірақ сәуір мен мамыр айларында ғана суға толы 5 өзен ағады. Олардың бастауындағы граниттарды қиып өткен аңғарлары кей жерлерінде үлкен жақпар тастармен бөгелген, ал кей тұстарында кеуіп кететін қар мен жаңбыр суларына толы терең қазаншұңқырлары бар онша терең емес каньондар түрінде болады. Тауларда жиырмадай бұлақ бар. Олардың мол суларының жанында адамдар қоныстанған демалыс үйлері, жасөспірімдерді сауықтыру лагерлері «Жасқанат», «Горный», «Факел», метестанциялар бар. Бектауатаның өсімдігі айтарлықтай әр түрлі. Орманы (бұл - Қазақтың таулы қыратының ең оңтүстігіндегі орман) кішігірім, каньондардың түбі мен гранитті тік шоқылардың етегінде жайғасқан аласа және қалың көктеректердің көптеген аралшалары мен жолақтарынан тұрады. Оларға және де биік (3- 4 м -ге дейінгі) талдар, татар ырғайлары араласқан итмұрындардың қалыңдары араласа өседі. Аңғарлар мен өзектерде шайқурай жапырақты тобылғылардың қалыңдары, ең құрғақ тұстарда - бұталы қарағандар, ал жартастарда ұсақ жапырақты ырғайлардың жеке түптері араласқан қазақ аршасы кеңінен тараған. Бектауата - көктеректің, алтай доланасының, аршаның, тікенді итмұрынның оңтүстік шегі болып табылады. Кең аңғарларда сарыпта селеуі, алкей жерде қылтықсыз арпабас және шалғындық түлкіқұйрық аралас өскен биікшөпті айрауық шалғындар тараған. Солтүстік жартастардың терең жарықтарында кәдімгі көпаяқтылар, солтүстік қалампыршөп және сирек шаштәрізді қалампыршөп сияқты қырыққұлақтар тіркелген. Мұнда кейбір эндемиктік өсімдіктер, жекелеп айтқанда бектауаталық копеечник те кездеседі. Эффузивтік шоқылардың ұзын етектерінде баялыш, теріскен, түйесіңір, татар және тырбық тауғаштар, ал ойпаңдарда - ши, сарепта селеуі, көкпек және басқалар сияқты нағыз шөлдіктер өседі[Восточный Сарыарка. 2004].
І:3. Жануарлар дүниесі
Бектауатаның жануарлар дүниесі де сан - алуан. Мұнда арқар, елік (сирек), ақ қоян (сирек), және толай (кей жылдары көп), монғол және дала шақылдақтары, кәдімгі сұр тышқан (сирек), қоғамдық, жіңішке басты, жайпақ басты және қызыл тышқандар, су егеуқұйрықтары және кәдімгі аламан, Эверсман аламаншасы, сұр аламанша, орман және үй тышқандары, дала тышқаны , кіші ақкіс және қосаяқтардың көптеген түрлері (үлкен, секірме, емуран, кіші қосаяқ, тарбағанша), олардың ішінде сирек кездесетін Виноградовтың қосаяғы және бессаусақты тырбық қосаяқ тіркелді [Капитонов, Ганюшин, 1971,с. 21; Ержанов и др. 1998, с. 3-161.
Бесбашпайлы қосаяқша 1970 жылдан бастап, Қазақстанда пайда бола бастаған, денесінің ұзындығы 5-6 см. Негізінен мұндай тышқан түрі Солтүстік және Оңтүстік Гобида ғана тіршілік етеді. Ал бұл тышқанның Орталық Қазақстанда оның ішінде Бектауатада тіршілік етуі таңқаларлық оқиға болған.Тышқанның басқалардан өзгешелігі, оның трубочка секілді оралған құлағы және артқы аяқтарында жақсы дамыған бес башпайы бар. Сондықтан да «бесбашпайлы қосаяқша» деп аталынған. Мұндай қосаяқшалар қыс бойы ұйықтап, жаз бойы жинаған майын сорып шығады. Бесбашпайлы қосаяқшалар шелді жерлерде жусандармен қоректеніп тіршілік етеді. Қазақстанда соның ішінде Балқаш келінің шығыс жақ жағалауында кездеседі. Жыртқыш аңдардың ішінен мұнда манул мысығы, шұбар күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр, дала күзені мекендейді. Манул мысығы - КСРО - да 12 түрі бар. Солардың ішінде Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген 6 түрі құрып бара жатқан жануарлар әлемі ретінде енгізілген.
Мысалға Лепсі селосында түн ішінде келе жатқан екі адам жанып тұрған екі шоқты кереді. Жақынырақ келіп кермек болғанда жоғалып кетеді. Көргендерін айтқан жолаушыларға ақсақал: «Балалар бұл - сабаншы. Олар бұл өңірде ете коп болған. Сабаншы адамды жек көреді, тіпті бір - бірінен де алшақ жүреді. Сабаншы жабайы мысық, тіпті ат үстіндегі адамды да тырнап жарақаттай алады» - деген екен.
Шынымен де сабаншы Қазақстанның Жоңғар және Зайсан Алатауда да, Тарбағатай, Шығыстау, Орталық Қазақстанда кездеседі. Сабаншы жалғыз өмір сүреді және оз территориясына басқаларды жуытпайды. Сабаншы үлкендігі үй мысығынан сәл үлкен: денесі 50-60 см, құйрығының ұзындығы 23-31 см, салмағы 4-4,5 кг. Басы жалпақ, аяғы қысқа, құйрығы жуан, тұмсығының айналасында үлкен мұрттары бар, денесін жұмсақ, ұзын, ұлпа жүндер қаптаған. Негізгі қорегі - кұстар, құс жұмыртқасы, тышқандар. Олар биік тауларда да, қамыстар арасында да тіршілік етеді. Сабаншы далада санитар қызметін атқарады. Бірақ өмірде олар біртіндеп жоғалуда, оларды қорғап жоғалып кетпеуіне мүмкіндік жасау керек.
1975 жылы мұнда алғаш рет сұр немесе алтай суыры, ақбөкен, сондай - ақ Қазақстан эндемигі - селевиня (сүйектері) табылды.
Селевиняны (жалман) - Қазақстан тұрғындары жалман немесе «қалқанқұлақ» деп атаған. 1938 жылы дүниежүзін таңқалдырған зерттеуші В.А.Селевин Бетпақдала даласында экспедиция жүргізіп, соның барысында жалман кемірушісін табады, содан сол Селевин құрметіне Селевиня немесе жалман деп аталынған. Жалман - түн аңы, ол жорыққа да, керегін іздеу барысында да түнде жүреді. Олардың сүйікті тағамы шегірткелер мен бәкіліктер, сонымен қатар жәндіктермен, көбелектермен, өрмекшілермен қоректенеді. Жалман тағамды өз салмағындай мөлшерде жей береді, сондықтан жалман аталған. Жалман Бетпақдаланың шөлінде, Балқаштың солтүстік- шығысын өңірлерінде, Беутауата бөктерлерінде, Алакөл, Зайсан иірімдерінде кездеседі. Жалманның бір қызығы су ішпейді, оған тағаммен барған су жеткілікті. Желтоқсан айында жалманның жүні түсіп, жаңа мамық жүндер есіп шығады. Бір күнде жүндер 1 мм өседі, қыста ұйқыға кетеді.
Туристер үшін мұнда арқар, өзінің керемет құрылыстарымен (мумие беретін ұясы) белгілі жайпақбасты сұртышқан, монғол шақылдағы; кұстардан - ұя салатын үкі, бүркіт, ителгі, жыланжегіш, қарақұс, қызылбауыр шымшық, қызылқұйрық тағанақ, жартастық сұлыбас, шел мактан торғайы, бауырымен жорғалаушылардан - жүйрік кесіртке мен сүр геконша, ала кесіртке, тақырлық домалақбас; ал қосмекенділерден жасыл құрбақа қызықты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |