жәбірленушінің атынан баянат жазылса, онда бас төреші екі кезекті ойыннан ойыншыны
шығаруға құқылы.
6.6. Ойын айналымы кезінде
жазалау аяқталмай қалса, онда ол қатысатын келесі кезекті жарыс
айналымына ауыстырылып, жазаланады.
6.7. Талап келісімі бойынша шығарылған ойыншы, ойынға қатыстырылған болса, онда командаға
ойын «құқығынан айыру» есептеледі.
6.8. Ойынға келмеген команда жарыстан алынып тасталады. Спорт ғимаратының ішінде,
болмаса сыртында сорақы тәртіп
бұзушылық болған жағдайда, жаттықтырушы команданы
басқарудан аластатылады, команда және ойыншылар жарыстан алынып тасталады (төбелес,
төреші
шешімімен дауласу, төрешіге шыдамай тіл тигізу, бәсекелестерге,
көрермендерге деген
дөрекі әрекеттер, мүліктерді бүлдіру және т.б.).
6.9. Ұйымдастырушы мекеме ойын айналымы бас төрешісінің шешімін қайта қарап,
командаға,
ойыншыларға, жаттықтырушылар мен команда өкілдеріне көрсеткен жоғары тәртіпсіздік және
басқа да әрекеттерінің жазаларына айыппұл санкцияларын ұлғайтып жүктеуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: