Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы



бет2/4
Дата13.01.2023
өлшемі17,92 Kb.
#61193
1   2   3   4
Басты міндеттері: баланы үйлесімді дамыту; бала денсаулығына қамқорлық жасау; оқуына көмек көрсету; еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу; тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу; ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру; жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау; қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту; өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау; жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері: ақпараттық; тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; қорғау сауықтырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары
· отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;
· отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;
· олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның күш куатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық- психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрыс:
– Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.
– Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.
– Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт.
– Психодогиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолдануы керек.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет