Сынып жетекшiсi асханаға оқушыларды өз уақытында апаруға тиiс.
Директордың ОI жөнiндегi орынбасары мұғалiмдер мен оқушыларға
орын ауыстырып оқытатын /замен/ мұғалiм жөнiнде бiр күн бұрын хабарлап айтуы керек.
Педагогикалық кеңес – аптаның бiр күнiне белгiленiп, бiр тоқсанда бiр
рет өткiзiледi. Мәселен, әр айда немесе тоқсанда сейсенбi күнге белгiленедi.
Мектепте мұғалiмдер мына ереженi ескерулерi қажет -Сабақ қоңырау соғылғанда басталып, қоңырау соғылғанда аяқталуы тиiс
-Сабақтың әрбiр минуты оқушылардың сапалы ойлауы мен белсендi әрекетiн iске асыруға арналуы керек.
-Сабақта тәрбие оның мазмұны, ұйымдастырылуы, сабақтың методикасы
және мұғалiмнiң жеке әсерi арқылы жүзеге асады.
Мұғалiм сабаққа оқушылардың дайындалып келуiн талап етуi тиiс.
Мұғалiм сабырлы ұйымды болуы қажет. Тәртiптi сынып iшiнде орнату үшiн мұғалiм түрлiше әдiс- тәсiлдердi меңгеруi қажет. Мәселен, дауысты көтеру мен бәсеңдету немесе сөйлемей, назар аудармай қою.
Оқушыларға айқайлауға, балағаттауға болмайды.
Оқушының тәртiбiн жақсарту үшiн психолог маманының көмегiне жүгiну керек.
Дәптердiң дұрыс, талапқа сай толтырылуы мен жүргiзiлуiн пән мұғалiмдерi қадағалауы қажет және үнемi тексеру керек.
Оқушы мен мұғалiм арасындағы сыйластық сақталуы тиiс.
Тәрбиенiң басты жетiстiгi – сапалы кәсiби бiлiктiлiк, соған ұмтылып, бiрлесiп жұмыс iстеуi тиiс.
Оқытудың жаңашыл сипатын iздеу қажет.
Мұғалiмдер мен қызметкерлердiң жұмыс тәртiбiнiң сақталуын бақылау және қадағалауды мектеп әкiмшiлiгi мен кәсiподақ ұйымы өз жауапкершiлiгiне алады.
Негiзi: Тамыз педагогикалық кеңесiнiң хаттамасы
Мектеп директоры: ***
6-4/ Келесі бұйрық оқу-тәрбие процессінің режимі туралы болады. Бұл бұйрықта кластардың кезегі анықталады,оқу процессінің уақыты,кабинеттер жұмысының жүйесі бекітіледі.