Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдары


-3/ Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 21 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі



бет23/36
Дата18.01.2023
өлшемі155,73 Kb.
#61839
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
ВШК УЧЕБНИК

6-3/ Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 21 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Бұйрық № 10
05.09.201* ж ******* ауылы.
“Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы”
201*-201* оқу жылына мектеп қызметкерлерiнiң iшкi еңбек тәртiбi ережесiн қабылдау.
Еңбек тәртiбiнiң құрылымы мынандай жағдайда қамтамасыз етiледi: Мекеменiң экономикалық шарттары мен жоғары өндiрiстiк жұмысқа сапалы қатынасу, өз сенiмiн қорғау адал еңбегiнiң мадақталуы негiзiнде жүзеге асырылады.
Еңбек тәртiбiнiң ережесiн бұзғандар жауапқа тартылады.

  1. Мектеп қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi

    1. 1.1.Мектеп қызметкерiнiң мiндетi:

  • Мектеп жарғысында жүктелген iшкi тәртiптiң ережелерiн нұсқау бойынша қатаң сақтауға тиiстi.

  • Еңбек тәртiбiн сақтау үшiн, уақытында жұмысқа келу, жұмыс мерзiмiнiң ұзақтылығын сақтау, әкiмшiлiктiң тапсырмасын нақты орындау керек.

  • Жұмыс сапасын жақсарту және орындаушылық тәртiптi қатаң сақтау, үнемi шығармашылық бастама көрсету, еңбектi үнемi жоғары нәтижелi жетiстiкке жетуге бағыттау керек.

  • Қаралған ережелермен нұсқауларға сәйкес техника қауiпсмiздiгiмен еңбектi қорғау, өндiрiстiк санитарлық гигиеналық жұмыстардың орындалуын, өртке қарсы ұйымдастырылатын шаралар мен қатаң талаптардың орындалуын қатаң сақтау керек.

  • Жұмыс орнының тазалығы мен реттiлiгiн үнемi қадағалау керек. Құжаттар мен материалдық құндылыұқтардың дұрыс сақталып, күтiлуiне мән беру.

  • Отын мен электр энергиясын материалдардың үнемi пайдалануға, оқушыларды мектеп мүлкiн аялап қорғауға тәрбиелесiн.

  • Нұсқауға сәйкес мерзiмi көрсетiлген уақытта медициналық тексеруден өту әрбiр қызметкердiң мiндетi.

    1. 1.2.Мектептiң педагогикалық қызметкерлерi сабақты жүргiзу кезiнде және үзiлiсте балалардың денсаулығымен өмiрiне тiкелей жауап бередi. Оқушы жарақатталған жағдайда тез арада әкiмшiлiкке хабарлау керек.

1.3.Оқушы сабаққа кешiккен жағдайда мұғалiм сынып жетекшiсiне және
кезекшiдиректордың орынбасарына ескерту керек. Мұғалiм кешiккен оқушыларды сабаққа кiргiзбеуге құқы жоқ.
1.4. Сабақ басталғанға дейiн кабинеттiң есiктерi ашық болуы керек. Үзiлiс
кезiнде оқушыларды сыртқа шақырып, кабинеттi желдетiп отыру керек.
1.5. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн қызметкер кабинеттi кiлттеуi керек.
Кабинетке тазалық жұмыстары оқушылардың күшiмен жүргiзiледi, оны қадағалауға класс жетекшiсi жауапты. Егер мұғалiм әр кабинетте ауысып жұмыс iстесе, әкiмшiлiктен тағайындалған кезхекшiге кiлттi соңғы сабақ аяқталғаннан кейiн тапсыру керек. Журналды сабақтан соң мұғалiмдер бөлмесiне әкелiп тапсыруын әр пән мұғалiмi өз пән жауапкершiлiгiне алуы тиiс.
1.6. Педагог қызметкерге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн оқушыларды
алып қалуға төмендегi жағдайда ғана рұқсат етiледi

  • Класс сағаттары мен жиналыс өтеiзiлген уақытта

  • Кластағы және мектептегi iс- шараларға дайындық өткiзген кезде

  • Жалпы тазалық, класта тазалық жұмыстарын жүргiзгенде, кезекшiлiк уақытысында;

  • Сынақ және қосымша сабақтар жүргiзiлген жағдайда

  • Басқа жағдайда әкiмшiлiктiң келiсiмiмен жүргiзiледi.

    1. Өрт немесе басқа табиғи апаттар кезiнде мұғалiмдер бекiтiлген эвакуациялық жоспар бойынша жұмыс жүргiзiледi.

    2. Педагогикалық қызметкерлер әр 5 жылда педагогикалық мамандарды атестациялау ережесiне сәйкес өткiзiледi

1.9.Мемлекеттiк стандарт нормасын пәндер бойынша орындауға;
1.10.Класс жетекшiлiк мiндетiн атқаруға;
1.11 Ата-анамен жұмысты жан-жақты дұрыс жүргiзуге;
1.12.Уақытымен дәптерлердi, күнделiктi дұрыс тексеруге;
1.13.Мектепте мектепiшiлiк мұғалiмдер кезекшiлiгiн атқаруға;
1.14.Оқу процессi кезiнде мектепте оқушылардың өмiрiне, денсаулығына жауап беруге;
1.15.Мектеп басшыларының бұйрығымен нұсқауларын орындауға;
1.16.Өзiндiк бiлiмiн жетiлдiруге;
1.17.Мектептiң iшкi тәртiп ережесiн қатаң түрде сақтауға;
1.18.Мектеп, ауыл, аудан, облыс өмiрiнде қоғамдық жұмыстармен iс-шараларға қатысуға;
1.19.Мектептен тыс жерде мектепке қатысты мектептiң iшкi жағдайы туралы мәлiметтердi жарияламауға ҚР «ЕТЗ»
1.20.Мектеп ұжымының моральдiк-психологиялық климатын дұрыс сақтауға;
1.21.Қоңырау кезiнде оқушылардың тәртiбiне, денсаулығына жауап беруге;
1.22.ҚР өкiметiнiң саяси идеологиясын халыққа дұрыс насихаттауға;
1.23.Мемлекеттiк қызметкерлердiң тәртiбi мен әдептерiн /этикасын/ сақтауға;
1.24.Қатаң түрде ҚР «Еңбек туралы заңын»сақтауға мiндеттi.
1.25.Мемлекеттік тілде сөйлеуге және іс-құжаттарды жүргізуге
1.26.Мектепте оқыту тілінің екі немесе үштілдігіне және көпұлты балалардың дәріс алуына байланысты және мектеп қызметкерлерінің көпұлты болуын ескере келе, елбасының саясатын негізге ала отырып , мектепте мектеп қызметкерлерін ұлтқа бөлу, шовинистік көзқараста болуына жол беруге тиым салынады. Аталған кемшілік байқалған жағдайда мектеп қызметкері заң алдында қатаң жазаға тартылатыны және жұмыстан бірден босатылатындығы ескертіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет