Бақылауға дайындық. Бақылауға дайындалу тәрбиеші үшін затты, объектіні таңдаудан басталады. Таңдалған аң немесе өсімдік жақсы жағдайда болуы керек. Егерде топта, онда бақылайтын заттың орнын дұрыс анықтап алған жөн, ол барлық балаға көрінетіндеу болу керек...
Бақылауға басшылық. Бақылаудың алдында, әсіресе ол алғашқы рет өткізіліп жатса, онда балалардың алдына қойылған міндет пен сұрақты қоюға асықпау керек. Балалар 1-2 мин өзбеттерімен объектіні қарап көріп алуға мүмкіндік берген жөн. Балалардың көрген заттары бойынша алғашқа әсерлері, туындаған құштарлықтарын қандырғаннан кейін ғана тәрбиеші әртүрлі тәсілдерді (сұрақтар, жұмбақ, затты зерттеу, салыстыру, ойын және еңбек әрекеттері) қолданады. Ол балаларға көргендерін түсінелері үшін түсіндіреді, әңгімелейді. Қызықтыру үшін, эмоциялық қатынасүшін, затты эстетикалық қабылдауларын қамтамасыз ету үшін, тәрбиеші кіші топтардың балаларына өлең-тақпақ, фольклораның қысқа түрін қолдану, ал ересек топтарында бақылаудың соңында тіпті әдеби шығармалар оқиды. Бақылау белгілі бірізділікпен өтуі керек. Аңды бақылағанда, тәрбиеші баланың зейінін әуелі оның мінез-қылқына аударады: «Не істейді?, Қалай жылжиды?, Не жейді? Қалай?». Сосын барып оның сырт пішініне көңіл аударады: «Денесі немен жабылған? Аяқтары ұзын ба, жоқ әлде қысқа ма? Көздері қандай (пішіні, түсі)?»
Өсімдікті қарау – ол гүл болсын, ашық әшекейлі жапырақ болсын, тіпті сабақ болсын әуелі оның ең жарық көзге түсетін белгісінен басталады. Сосын оның сыртқы құрлысының негізгі ерекшіліктері: гүлдің, өсімдіктің, сабақтың көлемі, мөлшері біртіндеп анықталады. Мектепке дейінгі балалардың зейіндері еріксіз және соншалықты тұрақты ьолмағандықтан осындай бірізділік қажет. Тек соңында бақылау барысындағы түсініктерін тәртіпке келтірген жөн. Осындай бірізділікті үнемі қолданған жөн, себебі балалар өздерінің ойларын жеткізелеріне жеңіл болады.
Баланы табиғатпен таныстырғанда әрбір бақылау нақты бір үлкен емес міндеті шешеді. Сондықтан тәрбиеші бақылауды өткізгенде өткен бақылаумен байланыстыра ұйымдастырған дұрыс.