Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері және түрлері Табиғатпен таныстыру әдістері



бет4/5
Дата02.02.2023
өлшемі31,57 Kb.
#64746
1   2   3   4   5
Тақырыбы: «Жұмыскер құмырысқа»
Мақсаты: Қоршаған орта құбылыстарына қызығушылық туғызу, тірі табиғат туралы түсініктерін молайту, құмырысқаның өмір тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, оның келтіретін пайдасымен таныстыру. Құмырысқаларға, жалпы табиғатқа ұқыпты көзқарас тәрбиелеу.
Бақылауға қажет құралдар: құмырысқа бас киімі, үлкен қағаз парағы, жәндіктердің бас киімі.
Бақылаудың барысы: Балалар серуенге топ алаңына шығады.
Тәрбиеші: Балалар сендер ең күші көп жауарды білесіңдер ме?
- Жоқ піл емес, ең күші көп ол – құмырысқа. Себебі ол өз салмағынан 10 есе артық жүк көтеріп жүре алады. Бұған қоса олар жұмыскер, еңбекқор. Олардың илеулері көп қабатты үй секілді, бірнеше бөлмесі болады, ас бөлме, баларға арналған бөлме.
- Бөлмелері жайлы, жылы және таза. Есік алдында күзетші құмырысқа болады.
Осыдан кейін басында құмырысқаның бас киімі бар бала ортаға шығады:
- Мен құмырысқамын. Мен сендерді өзімнің үлкен отбасыммен таныстырғалы қонаққа келдім. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз.
Тәрбиеші: - Балалар, құмырысқаның үйі қалай аталады?
Балалар: Илеу.
Құмырысқа бала: - Біздер табиғатқа көп пайда да келтіреміз. Өйткені біз ұсақ орман зиянкестерін жеп құрытамыз. Сондықтан біздерді орман санитары деп атайды.
Тәрбиеші: Балалар, құмырысқа қышқылының емдік қасиеті бар. Енді аула ішіндегі құмырысқа илеуіне жақындап, оларды сыртынан бақылайық. Қараңдаршы қандай жұмыскер, бәрі тыным таппай дән, шөптің қиқымдарын тасып жүр. Құмырысқаның илеуін бұзуға болмайды. Енді мен сендерге «Құмырысқаның қанағаты» деген ертегіні айтып берейін.
- Енді балалар, құмға құмырысқаның суретін саусағымызбен салайық.
- Неге құмырысқаларды ең күшті деп атайды?
- Илеу деген не? Қандай бөлмелері бар?
- Орман санитары деп неге атайды?
Бақылауды қорытындылау.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты жұмыстар осылайша жыл бойы үзіліссіз жүргізіле береді. Туған елін, табиғатын қадірлейтін, аялайтын жас ұрпақтың қалыптасуында қоршаған ортамен таныстыру жұмысы мен экологиялық тәрбие рөлі зор демекпіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет