Байланысты: Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері
Табиғат және қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да бала – бақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тындауды үйренеді.
Баланың өміріндегі алғаш қабылданған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттер зор.
Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге , оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Табиғаттағы, ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру арқылы эстетикалық талғам қалыптастырамыз.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес сонымен, бірге қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілекке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемі мен таныстыру арқылы оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейді.
Балабақшада тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында ,тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде.
Балабақшада «Табиғатты аялай біл», « Табиғат және біз», «Күзгі орманға саяхат», «Тірі объектілермен танысу», «Бөлмеде өсірілетін өсімдіктермен танысу» ашық сабақтары мен семинарлар ұйымдастыруға болады.
Сонымен қатар балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайын ұйымдастырып, «Қысқы бақ» жасақталатын болса, балаларға зор қуаныш болары анық.
Күнделікті ауа – райын бақылап, , оны табиғат күнтізбесінеи белгіленіп отыруда балаларды ойландыру үшін бірнеше сұрақтар қоюға болады. Бүгін аспан қандай? Ауа – райы туралы не айтуға болады? Егер де аспанды бұлт шалса, ауа – райы бұлтты; егер аспан ашық болса – күн шуақты, ашық, ал егер жел соқса – деп суреттер салу арқылы ауа – райын белгілейміз.
Кейде жаз, күз айларында балабақша бағындағы ақ қайыңды бақылауға болады. Ақ қайың биік, түзу, жапырақтары ұсақ, қабығы ақ, қара жолақтары бар. Ақ қайыңның бүршіктері емге пайдалы. Көктемге ол басқа ағаштардан ерекше сұлуланып гүлдейді, шашақты гүл шоғыры пайда болады.
Осындай бір серуен кезінде өткізілген бақылаудан үзінді: